astana-view

Қазақстан және Орталық Азия нарығына Sabre корпорациясы қадам басты

2015 жылғы 26 Қараша
10854 просмотров

Алматыда өткен «Sabre Корпоративтік Саяхаттар 2015»  халықаралық конференциясында іскерлік сапарларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Sabre Корпоративтік Саяхаттар (SCTC 2015) халықаралық конференциясы – бұл әлемдік туризм индустриясындағы шешімдер мен қызметтерді алдыңғы қатарлы жеткізуші Sabre Corporation ұйымдастырған, іскерлік туризмге арналған Орталық Азиядағы ірі оқиға. Конференция ҚР Инвестициялар және туризм министрлігі, Алматы қаласы Әкімдігі туризм басқармасы, Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Туристік сала комитеті, Қазақстандық туристік қауымдастық, Қазақстандық қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығы қолдауымен өтті.

Биылғы SCTC 2015 тақырыбы «Іскерлік Сапарларды Ұйымдастыру – Үнем, Жинақылық, Сапа» болды. Конференция барысында іскерлік туризм саласындағы қызметтерді алдыңғы қатарлы жеткізушілер, Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары мен бизнес-қауымдастықтарының өкілдері, сонымен қатар қазақстандық және халықаралық авиакомпаниялар, шетелдік және отандық қонақ үйлер басшылығы сапарларды жоспарлау мен ұйымдастыру, сатып алулар өткізу және шығындарды оңтайландыру, авиабилеттер мен отельдерді брондаудың халықаралық тәжірибесі жайлы сөз етті.

Конференция аясында журналистер үшін жеке баспасөз конференцияся өтіп, онда Sabre компаниясының Қазақстан нарығына кіруі жайлы хабарланды. Sabre корпорациясы Abacus International компаниясын сатып алып, осылайша Орталық Азия нарығына қадам басты.

«Биылғы жылы күллі бизнес-қоғамдастыққа бизнес-сапарларды біршама тиімді басқарудың, сонымен қатар шығындарды оңтайландырудың қажеттігін нұсқаған көптеген оқиғалар орын алды. Осы себептен де бұл конференция ерекше өзекті, - деп атады «Sabre Central Asia» компаниясының бас директоры Павел Спицын. – Бүгін түрлі компаниялардың топ-менеджерлері мен жетекші сарапшылар тәжірибелерімен бөлісіп, корпоративтік сапарларды басқарудың, олардың қауіпсіздігі мен оңтайлылығын қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі жайлы сөз қылды. Белгілі бір экономикалық қиындықтарға қарамастан, іскерлік туризм Қазақстанның туристік саласындағы жетекші бағыт болып қала береді. Бұған мысал Sabre корпорациясының нарығымызға деген қызығушылығы болып табылады. Sabre компаниясының Орталық Азия нарығына жасаған қадамы заманауи технологияларды қолдану, қазақстандық компаниялардың алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибемен танысуы тұрғысынан зор келешек күттіреді". 

Конференция аясында мемлекеттік органдар, қауымдастықтар, бизнес-қоғамдастықтардың шетелдік іскерлік туризм сарапшыларымен, халықаралық авиакомпаниялар мен қонақ үйлер өкілдерімен жемісті кездесулері де өтті.

Іс-шараның ресми демеушілері Singapore Airlines, Etihad Airways, SCAT Airlines, Ukraine International Airlines авиакомпаниялары мен Rixos, Ramada, Premier Hotels and Resorts, Chagala, KazZhol, Tien Shan Hotels, Rahat Palace Hotel, Comfort Hotel Astana қонақ үйлер желілері сияқты авиа-индустрия мен қонақ үй бизнесіндегі басты компаниялар болды.

SCTC 2015 конференциясы жайлы егжей-тегжейлі ақпаратты www.CorporateTravel.expert сайтынан таба аласыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер