astana-view

Сауда нысандары мен аудандарын жалға берушілер салықтық есеп берулері керек

2017 жылғы 10 Наурыз
7982 просмотров

Жалдау келісімшартының реестрі 31 наурызда тапсырылады

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда нысандарын, сауда нысандарындағы, оның ішінде базарлардағы сауда орындарын жалға немесе пайдалануға берушілер жыл сайын салықтық есеп беруге міндетті ­– СЕФ 871 «Жалдау (пайдалану) келісімшарттарының реестрі».

Жалдау (пайдалану) келісімшартының реестрін өткізу келесі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмеуі тиіс. Көрсетілгендей, салық есебі реестр формасындағы декларациялық сипатта болады, себебі сауда жалға берушілердің нысаны туралы мәліметтері көрсетілуі керек. Негізінен бұл мәліметтер жалға берушілер мен жалға беру немесе қолдану келісімшарттарына, жалдау сомасына және/немесе жалдау келісімшартына сәйкес төлеуге жататын және нақты төленген шығындарды өтеу сомасына қатысты.

Жалдау (пайдалану) келісімшарттарының реестрі сауда нысандарын, сауда нысандарындағы, оның ішінде базарлардағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін жеке кәсіпкерлерді немесе заңды тұлғаларды анық көрсетуге арналған және онда жалға беруші жеке тұлғаның толық аты-жөні;  жалға алушының ­– жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық аты-жөні; жалға алушының жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының нөмірі, датасы; жалға алушының сәйкестендіру нөмірі; жалдау (пайдалану) келісімшарттарын жасау нөмірі (бар болса) мен датасы; жалдаудың (пайдаланудың) басталу күні мен аяқталуы толық керсетілген нақты мерзімі; жалдау төлемінің сомасы және (немесе) жалдау (пайдалану) келісімшартына сәйкес төленуі тиіс және төленген сомасы көрсетілген өтелетін шығындар сомасы; сауда нысанының, сауда нысанындағы, оның ішінде базарлардағы сауда орнының белгіленуі; сауда нысанының, сауда нысанындағы, оның ішінде базарлардағы сауда орнының орналасқан жері, және басқа да мәліметтер көрсетіледі.

Сонымен қатар, жалдау/пайдалану келісімшартының реестрінде сауда нысанына, сауда нысанындағы, оның ішінде базарлардағы сауда орнына қатысты мәліметтер енгізілуі керек. Атап айтқанда: жалпы ауданы, сауда ауданы, сауда желісіне кіргізілген/кіргізілмегені. Жалдау (пайдалану) келісімшартының реестрі салық төлеушінің ­– жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша салық органына тапсырылады.

Мазалаған сұрақтар бойынша телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар: + 7 (7172) 919 352, www.palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер