astana-view

Салыққа қатысты бірқатар жаңалық бар

2017 жылғы 12 Сәуір
5950 просмотров

2018 жылы жеке тұлғаның мүлік салығын бағалау басталады

Қазақстан азаматтары, оның ішінде салық төлеушілер 2017 жылдан бастап көлік салығы, жер және мүлік салығының есептеулері туралы ақпаратты салық органының сайтынан біле алады. Сонымен қатар салық туралы ақпарат коммуналдық қызмет төлемінің түбіртегіне де жазылады, тіпті электронды почта арқылы немесе SMS-хабарлама арқылы алуға да болады. Мұнымен қоса, жеке тұлғалардың көлік, мүлік және жер салығындағы қарызы жайлы хабарламаның жаңа түрі енгізіліп жатыр.

Ал қалыпты мәліметтермен қатар, қарызды төлеуге мүмкіндік беретін банктік реквизиттер туралы ақпараттар қоса жолданады. Салық төлеушілерге ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы почтамен 10 жұмыс күнінде жеткізіледі, сондай-ақ электронды үкіметтің веб-порталындағы салық төлеушінің жеке кабинетіне жоладанады. Пошта арқылы әрі электронды кабинетке жолданатын хабарламада қарыз, есептелген салық сомасы, салық есебін өткізбеу мен тексеру жүргізудің қорытындысы жайлы мәліметтер беріледі.

Жеке кәсіпкерлікті тіркеу

Биылғы жылдан бастап жеке кәсіпкерлікті тіркеу хабарлау тәртібіне көшірілді. Жеке кәсіпкерлікті қайта тіркеу де осы тәртіппен жүргізіледі. Тіркеу мәліметтері өзгертілгеннен кейін 10 жұмыс күнінің ішінде хабарламаны мемлекеттік кірістер органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жолдау керек. Ал салық органдары қайта тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті.

Салықтық тексеру бойынша

Бұрындары салықтық тексеру жүргізілгенде инспектор куәгерлерді тартпауға құқығы болған, ал 2017 жылдан бастап куәгерлерді де тартуға міндетті. Мұнымен қоса, салықтық тексеру жүргізу үшін тағы бір негіздеме енгізілді – салық төлеушінің салық органдары бекіткен тәртіпті бұзғаны туралы хабарламаны орындамағанын растау қажет.

Қосымша құн салығын төлеушілерге қатысты

Егер ҚҚС төлеуші орналасқан орнында болмаған жағдайда түсініктемеге оның орнын растайтын құжаттардың нотариуспен бекітілген көшірмесі қоса беріледі. Хабарламаны тапсырыс хатымен немесе электронды почтамен жолдауға болады.

Салықтың артық төленген сомасын қайтару

Бұдан былай салықтың артық төленген сомасын қайтару кезінде салық органдары хронометражды тексеру жүргізбейді. Патент арқылы қызмет атқаратын салық төлеушілер қолдану кезеңінде патенттің өз бағасы төмен болса, соманы азайтып, қосымша есеп өткізуге және артық төленген салықты қайтаруға өтініш жазуға құқығы бар. Бұрындары артық төленген сома хронометражды тексеру жүргізілгеннен кейін ғана қайтарылып келген. Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін бұл тәртіп өзгертілді.

Жер салығы мен мүлік салығы бойынша

Жер салығы мен мүлік салығы бойынша мерзім бір жылға ұзартылды. Салық органдары жеке тұлғалар үшін есептеуді есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Тиісінше, жеке тұлғалар бюджетке салық төлемін есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуі керек. Осылайша, салықты төлеуге, есептеуге бір жылдай уақыт бар.

Ал ортақ меншіктегі мүлікті тіркеу кезінде өтініште салық төлеуге жауапты тұлғаның есімін көрсету керек.

2018 жылы жеке тұлғаның мүлік салығын бағалау басталады. Бұл 2017 жылдан басталатын міндеттемелерге қатысты, сондықтан 2018 жылы салық органдары бағалауды жүргізулері керек.

Есепке қою және есептен шығару

Салық салу нысандары мен салық салумен байланысты нысандардың орналасқан орны бойынша есепке қою және есептен шығару жойылды. Бұл жеке тұлғаларға да қатысты – құрылысы аяқталмаған нысандар жеке тұлғалардың салық салынатын нысандарынан шығарылады.

Мұнымен қоса, 2017 жылы ҚҚС төлеу бойынша есепке қою тәртібінде кейбір өзгерістер орын алды. Бұдан былай нотариуспен бекітілген құжаттарды берудің қажеті жоқ.

Егер салық төлеуші өтініш беру кезінде салық есебін беруді тоқтатқан деп саналса, салық органы ҚҚС бойынша ерікті есепке қоюдан бас тарта алады.

Салық органдары салық төлеушіні хабарламастан, сот шешімінің күшіне енуін негізге ала отырып, ҚҚС бойынша есептен шығаруды бір жақты тәртіпте жүзеге асырады.

Бірінен соң бірі болған салықтық кезең кезінде өткізу, сатып алу бойынша мәлімет көрінбеген жағдайдағы ҚҚС бойынша есептен шығаруға қатысты норма жойылды.

Акцизделген тауардың жекелеген қызмет түрін атқаратын салық төлеуші ретінде есепке қою хабарландыратын тәртіпке ауыстырылады. Хабарлама мұндай қызметті іске асыруға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Осы жылдың шілде айынан бастап салықтық тексеру актісін алдын ала жасау тәжірибесі енгізіледі. Тексеру мен соңғы актіні аяқтағанға дейін салық органының маманы тексерілетін салық төлеушінің қолына алдын ала актіні беру керек. Салық төлеуші көріп, қарсылығы болса, жазбаша түрде беруге құқылы.

Шілде айынан бастап ҚР Қаржы министрлігінің жанынан салық төлеушілердің тексеру нәтижесіне салық төлеушілер түсірген шағымдарды қарайтын апелляциялық комиссия жұмысын бастайды.

Салық бойынша енгізілген өзгерістерді жүктей аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер