astana-view

Карнет АТА жүйесі арқылы не тасымалдауға болады?

2017 жылғы 13 Сәуір
- Астана қаласы
7400 просмотров

Карнет АТА уақытша әкелінетін тауарларды бажсыз тасымалдауға және сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда АТА жүйесі қолданыла бастады.

Карнет АТА халықаралық айналыстағы қаржылық кепілдік бойынша төлеуге жататын  салықтар мен алымдарды қамтитын уақытша әкелінетін тауарларды тасымалдауға мүмкіндік беретін халықаралық кеден құжаты болып табылады,  сондай-ақ оңайлатылған тәртіпте бажсыз әкелуге мүмкіндік береді.

Карнет АТА бойынша:

  • коммерциялық үлгілер: зергерлік бұйымдар, әшекейлер, сағаттар, былғары тауарлар және т.б.;
  • жәрмеңкелер мен көрмелерге арналған тауарлар, көрме кабиналары/стендтер және т.б.
  • көне заттар, суреттер және басқа да өнер туындылары;
  • кәсіби құрал-жабдықтар: БАҚ дыбыс және радиохабар, теледидар, кинематографиялық жабдықтар, музыкалық аспаптар, костюмдер, театр жабдықтары, механикалық жабдықтар, электр жабдықтары, инженерлік жабдықтар, хирургиялық жабдықтар, археологтар үшін, жануартанушылар үшін, конферансье, дәріс оқушылар үшін, спортшылар үшін  және т.б. құрал-жабдықтарын қоса алғанда, тауарлардың кең тізбесін ауыстыруға рұқсат етіледі.

Карнет АТА бойынша тез бұзылатын, тұтынылатын тауарлар, өңдеу және жөндеуге қажетті тауарлар ауыстырылмайды. Бірақ Карнет арқылы рәсімделіп Қазақстанның сыртқы сауда палатасына беріледі.

«Карнет АТА рәсімдеу және беру тәртібі, Карнет АТА беруге өтініштің үлгі нысанын, өтініш-кепілдік ережесін бекіту туралы» бұйрықпен осында таныса аласыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер