astana-view

Юлия Якупбаева: Медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру –міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қиындықсыз өтудің кепілі

2017 жылғы 17 Мамыр
4323 просмотров

Қазақстанның үздік дәрігерлері Алматыда «Ұлттық медициналық қауымдастық» өзін-өзі реттеуді бағалаушылар ұйымының Бас ассамблеясына қатысты

Конференция «Салауатты ұрпақ – саламаты болашақ» тақырыбында ұйымдастырылды. Қатысушылар медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мен денсаулық сақтау саласын жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Басым бағыттардың бірі – оқушылардың денсаулығын жақсарту мәселесі. Осы мақсатта 2016 жылы мектеп медицинасы денсаулық сақтау басқармаларына берілді.  Орта білім беру мекемелерінің медициналық пунктері аудандық емханалардық бөлімшесіне айналды, ал мектептегі медициналық қызметкерлер тиісінше медициналық мекемелердің штаттық құрамына кірді. Көрсетілетін қызметтің деңгейін арттыру үшін медициналық пунктердің барлық қызметкерлері арнайы оқудан және сертификаттаудан өтті.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева конференцияның ашылуында сөз сөйлеп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсартпай, отандық денсаулық сақтау саласы жаңа деңгейге көтерілмейтінін атап өтті. Оның үстіне, жалпы медициналық сақтандыруды енгізу де бар.

«Бүгінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге кері әсерін тигізетін бірқатар мәселе орын алып отыр. Қолданыстағы ақпарттық жүйе барлық талапқа сай емес. Оларда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында жылдам ақпарат алмасу мен  ақпараттық жүйені, жеке сәйкестендіру нөмірі базасында жарналар мен аударымдардың тиісті есебін  біріктіру қажет.  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы медициналық қызметті алу мен оның сапасын арттыру үшін адам денсаулығына және МӘМС қорына аударылған жарналарға қатысты негізгі мәліметтерді сақтау мен алмасуды қамтамасыз ететін пациенттің электронды паспортын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізу мәселесін бірнеше мәрте көтерді», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

Сонымен қатар, Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, «Атамекен» мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында бизнестің мүддесін қорғай отырып, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда отандық бизнес өкілдерін қарқынды тартуды ұстанып келеді. Ұлттық палатада акрредиттеуден өткен 125 қауымдастықтың ішіндегі 12 қауымдастық фармацевтикалық және медициналық қоғамдастық мүддесін танытады. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, ҚР Палата алаңында Денсаулық сақтау министрлігімен және өзге де мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік органдардың кейбір функцияларын жеке құрылымға беруге қатысты, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын қайта реттеу мен кедергілерді азайту жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.

«Аталған жұмыстың қорытындысымен қолданыстағы құрылыс нормасы мен қағидасының талаптары оңтайландырылды. Онда соңғы жылдары денсаулық сақтау саласындағы жеке меншік сектордың жұмысына кедергі келтірген медициналық ұйым ғимараттарының құрамы мен нормасына қатысты ескірген ұғымдар алынып тасталды. Қуаттылығы шағын аудандардың (150 кіріп-шығудан аз) нормалары әзірленді,  иммунды-ферментті талдау мен полимеразалық тізбек реакция зертханасының ауданы мен құрамының нормасы енгізілді. Қазіргі таңда денсаулық сақтау және зертхана нысандарына қойылатын санитарлық нормалар қайта қаралып жатыр», – деді Юлия Якупбаева.

Кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің тиісті саланы өз бетімен дамытуға мүмкіндік беру үшін өзін-өзі реттеу ұйымдарын дамыту – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының бір бағыты.

Форум аясында, халықаралық конференциядан бөлек, шеберлік-сыныптар, дөңгелек үстел, сондай-ақ медициналық қауымдастықтар басшыларының форумы өтті. Медицинаның үздік қызметкерлері мен азаматтық қоғам өкілдеріне Ұлттық медицналық қауымдастық төсбелгілері табыс етілді. Форумда айтылған барлық ұсыныстар, қарарға енгізіліп, Үкіметке, тиісті министрліктер мен мекемелерге жолданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер