astana-view

Табиғи теріден жасалған бұйымдарды таңбалау жүйесін іске қосу аяқталуға жақын

2017 жылғы 12 Қазан
5122 просмотров

Табиғи теріден жасалған бұйымдарды таңбалау жүйесін іске қосу аяқталуға жақын

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құқықтық интернет-порталында «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (индентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру қиғадалары ресми түрде жарияланғанын хабарлайды (ары қарай – Қағида).

Атамекен таңбалауды іске қосуға дайындық қажеттілігі жайында ақпарат беріп, GS1 Kazakhstan қауымдастығында тіркеу, және GTIN нөмірін алу үшін GS1 жүйесіне тауарларды енгізу бойынша талаптар туралы еске салады.

Сонымен қатар Қағидаға сәйкес, ақпараттық жүйенің өндірістік пайдалануға қосқан сәттен бастап тері бұйымдарының қалдықтарын таңбалау үшін 90 күнтізбелік күн қарастырылған.

Мұнымен қоса, «Атамекен» таңбалау процедурасы тері бұйымдарын өндіру, жеткізу мен өткізумен айналысатын кәсіпкерлік қызметке ғана келесі жағдайда таратылатынын еске салады:

  • Тауарды үшінші елден жеткізгенде;
  • Қазақстан Республикасында тері бұйымдарын өндірігенде (тіккенде);
  • Траншекаралық саудада (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер жеткізу/шығаруда);
  • Комиссиялық саудада;
  • Тауар қалдықтарын таңбалауда.

Сондай-ақ, тері бұйымдарын таңбалауда кәсіпкер әрекетінің қадамдық алгоритмін келесі сілтемелерде алуға болады:

Қазақ тілінде: Таңбалау АЖ таныстырылымы

Орыс тілінде: Презентация ИС Маркировка

Табиғи теріден жасалған бұйымдарды таңбалауды іске қосу жұмысындағы өзгертулер туралы ақпарат «Атамекен» ҚР ҰКП сайтында тағы да жарияланатын болады.

Тері бұйымдарын таңбалау бойынша жобаны жүзеге асыруды түсіндіру мәселесіне «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне хабарласуға болады: 8 (7172) 91 93 73 немесе dei@palata.kz электронды почтасына жолдаңыздар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер