astana-view

Табиғат пен көшпелі мәдениеттің бірлігі: Қазақстанның туристік саласы Ресейде

2017 жылғы 13 Қараша
6301 просмотров

Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылған көрме өтті

Қазақстан делегациясы көпшілік назарына «Ұлы Жібек жолының жандануы», «Каспий қақпасы», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдениет аймағы», «Алтай маржаны», «Астана – Еуразия жүрегі»,  «Табиғат пен көшпелі мәдениет бірлігі» атты кластерлік жобаларды ұсынды.

Көрме барысында бірнеше келісімдерге қол қойылды, атап айтқанда: Челябинск облысы мәдениет министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасы арасында туризм саласы бойынша меморандум;  Челябинск облысы мәдениет министрлігі мен Қостанай облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы арасында меморандум; Алтай өңірінің сыртқы байланыс, туризм және курорт ісі жөніндегі басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысының Туризм және сыртқы байланыс басқармасы арасында меморандум; РФ Пензен облысы Үкіметі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы экономикалық, техникалық және мәдіни ынтымақтастық жөніндегі Келісім.

 

 

 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер