astana-view

Қазақстан қаржыгерлері білім көкжиегін кеңейтті

2017 жылғы 14 Желтоқсан
3225 просмотров

Қазақстандық KASE қор биржасы компанияның қаржы және заң бөлімдерінің қызметкерлері үшін «Қаржы нарығының негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шара ынтымақтастық туралы жасалған меморандум аясында «Атамекен» алаңында ұйымдастырылды.

Тыңдаушылар қор нарығының инфрақұрылымы мен негізгі элементтері туралы, қаржы тарту тәсілдері мен компанияның қаржы ағынын басқаруда құралдарын қолданылуы туралы тәжірибелік білім алды.

Оқыту бағдарламасы ақысыз негізде өткізілді. Қазақстанның өзге қалаларындағы қатысушылар бейне-конференция байланысы негізінде қатысуға мүмкіндік алды.

Іс-шара спикерлерінің қатарында KASE Эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс жөніндегі департамент директорының орынбасары Эльвира Сәрсенбаева, KASE Ақпарат және статистика департаменті директорының орынбасары Валерий Хегай, KASE Мониторинг департаменті директорының орынбасары Виктор Литвинов, «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқарма төрағасы Талғат Қамаров, «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ инвестициялық банкинг департаменті директорының орынбасары Ольга Эм және «Фридом Финанс» Ақ инвестициялық кеңесшісі Әлібек Нақыпов сөз сөйледі.

Анықтама ретінде:

«Қазақстан қор нарығы (KASE)» АҚ – Орталық Азия өңіріндегі үздік қор нарығы және Қазақстанда қаржы нарығында қызмет ететін жалғыз биржа. Бұл нарықтың репо, шетелдік валюта, мемлекеттік және корпоративтік құнды қағаз, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, сондай-ақ өндірістік құралдары үшін  әмбебап сауда алаңы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер