astana-view

Ұлттық палата тұтынушыларды сапасыз тауардан қорғауды ұсынды

2018 жылғы 06 Ақпан
7247 просмотров

«Сәйкес келмейтін өнім тізілімі» тұтынушылар мен адал тауар өндірушілер мүддесін қорғауға көмектеседі

 Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов 6 ақпан күні өткен ҚР Үкіметі отырысында хабарлады. Оның айтуынша бүгінде тұтынушыға анықталған қауіпті тауар жайында ақпарат уақытында берілмейді, осы ретте «Атамекен» ҰКП өнімдердің қалыптасуы, өнім енгізудің және шығарудың нақты критерийлерін, сондай-ақ, тәртібін қамтамасыз ететін арнайы ақпараттық ресурсты әзірлеп, іске қосуды ұсынады.

«Қазіргі таңда қауіпті немесе сапасы сын көтермейтін өнім анықталады, бірақ ешқайда тіркелмейді. Біз, Ұлттық палата және бизнес ретінде адалдық принципін ұстанамыз, және осындай ақпараттық ресурс қажет деп санаймыз. Бұл салада нақты бақылау қажет. Осы тізілім арқылы қандай тауардың талаптарға сай келмейтіні көрініп тұратын болады», – деді Абылай Мырзахметов.

 «Атамекен» ұсынысы бойынша сәйкес емес өнім айналымын доғару мақсатында кешенді шараларды қабылдау қажет. Республика ішінде техникалық регламент талаптарын орындауды бақылау  тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүзеге асырады. Ал бұл қауіпсіздік талаптары белгіленген тауарлардың жалпы санының 20%-ын ғана құрайды. Қолданыстағы техникалық регламенттер 25%-ы талаптарын орындау мемлекетпен бақыланбайды. Бұл тұрмыстық және өнеркәсіптік электротехникалық бұйыдар, машиналар мен қондырғылар, құрылыс материалдары, көлік құралдары мен олардың құрауыштарына қатысты.

«Мұндай өнімдер адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екені айдан анық, сонымен қатар арзан, қаупті өнім, дүкен сөрелерінен адал кәсіпкерлердің сапалы өнімін ығыстырады», – деді Абылай Мырзахметов.

Отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде техникалық реттеу мәселесі өзекті. Осы ретте талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің өздері ұлттық стандарттарды ұстануға асықпайды.  Сондықтан Ұлттық палата өкілдері ұлттық стандарттарды нормативті-құқықтық актілерде және мемлекеттік сатып алулардағы сілтеме ретінде қолдану мүмкіндігін белгілеу қажет деп санайды. Бұл қазақстандық тауар өндірушілері мүддесін қорғап, шығарылатын өнім сапасын жақсартуға жол ашады.

Қазіргі таңда Үкімет техникалық реттеу жүйесін жетілдіруге арналған заң жобасын дайындау бойынша жұмысты жүргізіп отыр, онда барлық айтылған ұсыныстар мен сұрақтар ескерілмек. Ұлттық палата заң жобасын әзірлеуге белсенді атсалысып, бизнестің мүддесін қамтуға барынша күш салатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер