astana-view

Эльдар Жұмағазиев: Халықтың біліктілігін арттырып, оларды тұрақты табыспен қамтамасыз ету қажет

2018 жылғы 13 Сәуір
- Шымкент қаласы
6142 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Оңтүстік Қазақстан облысының халқы тығыз орналасқан ауданына жүргізген скринингтің нәтижесінде 253 бизнес-жобаны іске асыру үшін қосымша 47 бағытты анықтады.

ОҚО ауданы – Сарыағаш қаласының хылқы мен ШОБ субъектілеріне жасалған скриниг нәтижесінде жұмыссыз адамдары бойынша ресми статистикамен және скрининг нәтижесі арасында 5 есе айырмашылық бары анықталды. Жұмыссыздардың 89%-ы жасырын табыс табуда, сонымен қатар 2 156 кәсіпкер тіркелмеген. Сарыағаш кәсіпкерлері статистикаға қарағанда жұмыспен 4 есе көп қамтып отырғаны белгілі болды.

 Егжей-тегжейлі талдаудың осы және басқа да фактілерімен «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Тимур Құлыбаев пен ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың Шымкент бизнесімен  өткен кездесуі барысында таныстырып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

 Еліміздің оңтүстікте орналасқан ауданы пилоттық жобаға арнайы таңдалған болатын. ҰКП зерттеу тобы әр үйді аралап, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлеріне 100%  сауалнама жүргізді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны статистикадан гөрі 5 есе көп

Скрининг жасауға неге Сарыағаш ауданы таңдалды? Өйткені бұл ОҚО бойынша халқы тығыз орналасқан, облыста туу көрсеткіші ең жоғары, жергілікті тұрғындар кәсіпкерлікке белсенді аудан. Мұнда 327 842 адам тұрады, оның 158 мыңы (48%) – экономикалық белсенді. Қазіргі таңда Сарыағашта 20 300 жұмыс істеп тұрған бизнес субъектісі бар, 78 800 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

 45 347 мың жеке шаруашылықтың жартысы – нәтижелі жүмыспен қамтылған. Ауданда жұмыс орнымен қамту өзекті мәселе болып отыр.

 Әр үйді аралап, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлеріне жүргізілген 100%  сауалнама ресми статистика мен скрининг нәтижесі арасында бес есе ауытқу барын көрсетті. Осы ретте жұмыссыздардың 89%-ы жасырын табыс табады, екі мыңнан астам кәсіпкер ресми тіркелмеген.

 

Бизнеске арналған келешекті бағыттар

 

Скрининг нәтижесінде зерттеу тобы Сарыағаш ауданында 253 бизнес-жобаны  жүзеге асыру үшін қосымша 47 бағытты анықтады. Олар жергілікті тұрғындар сұранысына негізделген. Міне осы бағыттарда жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтығандар жұмыс істеп, табыс таба алады.

 «Балабақшаны мысалға келтіріп, қандай мәлімет алғанымызды көрсетейін. 29,6% респондент мектепке дейінгі жаста балалары барын және оларды балабақша беруге дайын екендерін айтты. Алайда жақын аралықта балабақша жоқ. Балабақшалардың орташа қуаты негізінде қалаға қосымша 8 нысан қажет екенін анықтадық.  Сонымен қатар бала күтушілер мен тәрбиешілер де сұраныста», – деді Эльдар Жұмағазиев.

Дипломды жұмыссыздықты қалай жеңуге болады?

Сарыағаш ауданы тұрғындарының  36%-ы (122 мың адам) жалданбалы жұмысшы болып табылады. 78 943 (ресми мәлімет) адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 40 мың адам – жұмыссыз. Эльдар Жұмағазиев бұл екі топты «сұр» аймақ деп белгілеп, осы аймақты жұмыспен қамтып немесе жеке кәсіп ашуға көмектесу қажеттігін айтты.

 Аудандағы 7 колледжде 5 318 студент білім алып жатыр. Анықталғандай коледж түлектерінің 7,7% ғана жұмысқа орналасады екен. Тура осындай жағдай дипломы бар сарыағаштықтарда бар: жыл сайын ЖОО түлектерінің 37%-ы жұмыссыз және тиімсіз жұымспен қамтылғандар әскері қатарын толықтырып отырады. Соңғы жылдары шамамен 1 мың түлек метеп бітірген соң оқымай, еңбек нарығына шығып кеткен.

 

 «Біз ОҚО әкімдігіне мемлекеттік тапсырысты бөлу процесін нарық сұранысына, колледждің жұмыспен қамтылу пайызына қарай қайта форматтауды, сонымен қатар, негізгі жұмыс берушілерден құрылған комиссия алдында  алынған қаржыландыруды қорғауды ұсындық. Біздің ойымызша, нәтиже оң болады», – деді Эльдар Жұмағазиев.

Осылайша зерттеу нәтижесінде 122 мың жұмыссыз және өз-өзін тиімсіз жұмыспен қамтыған Сарыағаш тұрғыны анықталды.

«Біз осы 121 мың адамды «Атамекеннің» Қолдау орталығынан өткізбекпіз. Бұл орталықта «бір терезе» принципі бойынша «Бизнестің жол каратсы -2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», Агробіліктілікті дамыту бағдарламаларын біріктіру керек. «Атамекен» қолдау орталығында клиентке деген қатынастың өзі өзгереді: клиент өзі немесе қашықтықтан өтінім жасағанда «қысқа» қатынастың орнына толық сүйемелдеу, ІТ-технологияларын қолдану. Сарыағаш ауданына кем дегенде 3 орталық қажет. Сарыағаш ауданы үшін «Бастау» бағдарламасын 12 мың адамға дейін 3 жылға және оқыту мерзімін екі аптаға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 «Бастау» түлектері 30 мың жұмыс орнын құра алады, ал бұл жайт қысқа мерзімді оқытуды 3 жылда 75 мыңға дейін ұлғайтуға жол ашады.

Бидай орнына көкөніс

Сарыағашта көкөніс пен жеміс өсірудің әлеуеті зор. Тек Сарығаш ауданы бүкіл Қазақстанды жеміс және көкөніспен қамтамасыз алады. Бірақ, талдау көрсеткендей ауданда 30 мың га жерде бидай өсірілетіні анықталды. Ал өнімділік гектарынан 1 тонна көлемнен аспайды. Яғни жер тиімділігі 1 гектар үшін 150 АҚШ долларынан аспай отыр. Ал интенсивтігі жоғары бақтардағы тиімділік 20 мың АҚШ долларын құрайды. Міне, жасырын ресурс!

Сарыағашта бидай өсіруден гөрі басымдықты қарқынды бақтар шаруашылығына беру керек. Ал көкөніс пен жеміс нарығы үшін алаңдаудың қажеті жоқ, Ресейдің ғана жыл сайынғы сұранысы – 1 млн тоннадан асады.

 Осы ретте ШОБ үлесі ЖӨӨ-де жоғары емес, өйткені барлық кәсіпорындардың 45,6%-ы тіркелмей көлеңкеде жұмыс істеп жатыр.

 Осылайша аудан кәсіпкерлік ұйымдарының барлық нысандарынан жыл сайын жалпы сомасы 20,4 млрд теңге көлемінде жалпы ішкі өнімді, салықтық төлемдер бойынша 1,6 млрд теңге жоғалтады!

Агро аймақтар –  мәселені шешеді

Сарыағаш ауданында бәсекелестікті арттырып, жергілікті өнім өндірісін өсіру үшін заманауи жылыжай кешені және қарқынды бақтар, тазалау, өңдеу, уақытша сақтау зоналары, сертификаттау, қаптау және брендтеу бөлімдері бар бірнеше аграрлық-индустриялық аймақ (агроаймақ) құру керек. Агро аймақ әр қатысушы үшін жекелеген жер учаскілерінен тұруы керек (2, 4, 8 га бойынша). Бұл учаскілерде су үнемдейтін технологиялар және қарқынды инновациялық әдістер қолданылады. Ал инфрақұрылымды (су, электр жарығы, газ және т.б.) тарту – жергілікті атқарушы органдар міндеті.

«Атамекен» ҚР ҰКП бұл тізбекке технологиялар, ұйымдастыру жұмыстарын қамтитын якорлық инвесторды қосуды міндетіне алады. Якорлық серіктесті  және ынтымақтасу сызбасын таңдауды бизнес «Атамекен» алаңында талқылайды

 «Біз агроаймақтар қатысушыларын тұрақты негізде  оқыту мен біліктілікті арттыру, технологиялар бойынша кеңес беру, заңгерлік сүйемелдеу қызметімен қамтамасыз етеміз», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 

Нәтижесі қандай болмақ?

Сарыағаш ауданында 1 500 га жерде, оның ішінде 500 га – жылыжай, 1000 га – бақтар агроаймақтарды құру бойынша бірінші кезең мынадай мүкіндік береді:

  • Көкөніс өндірісін 1,5-2 есе арттыруға (144,3 мың тоннадан 250 мың тоннаға дейін), жеміс өндірісін 2 есе (7,1 мыңнан 15,0 мың тоннаға дейін) арттыру;
  • Ауданнан көкөніс пен жеміс экспортын 9 мыңнан 50 мың тоннаға дейін өсіру;
  • 25 мыңға дейін адамды жаңа жұмыс орындарымен қамту («Бастау» +30 мың).

«Атамекеннің» өршіл жоспарлары 

3-жылдық бағдарлама аясында біріктірілген ұсынылып отырған шаралар әрине қосымша қаржыландыруды талап етеді.

2018-2020 жылдар аралыңында «Бастау» жобасы бойынша қамту ауқымын 10 есе ұлғайтуды ұсынымаыз, 12 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз, бұл мақсатты топтың 10% -ын құрайды . Бұл мақсатты орындауға 219 млн теңге қажет. Жұмыс орындары мен салық төлемдері түріндегі нәтижеге жету үшін жобамен оқыған азаматтарға  жыл сайын шағын несиелеуге 64 млрд теңге керек. Мультипликативті әсер егжей-тегжейлі есепті талап етеді, бірақ қазірдің өзінде 30 мың жұмыс орны туралы айтуға (10 мың стартап жоба*3 жұмыс орны) болады», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

ҰКП Басқарма Төрағасының айтуынша «Атамекен» аудан аясында 3 жылда 75 мың жұмыссызды оқыту бойынша өз алдына өршіл міндет қойып отыр. Қысқа мерзімді оқыту шеңберінде өзіндік маркетинг бойынша курстар өткізіледі, олардың жартысы өзін-өзі жұмыспен қамту мен жеке кәсіпкерлікке рәсімделеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер