astana-view

«Іскерлік байланыс»: ынтымақтастық аясы кеңейеді

2018 жылғы 09 Шілде
4161 просмотров

Германиядағы шетелдік миссияға қатысушылар басқа елдердегі қатысушы-серіктестер арқылы жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік алды

Отандық тауарларды шет елде ілгерілету «Атамекен» ҚР ҰКП мен Қазақстан халықаралық бағдарламалар бітірушілерінің қауымдастығымен берлесіп өткізген «Astana.Together.Future» форумның басты тақырыбы болды. Астана қаласының 20 жылдыға орайластырылды.

Форум жұмысының міндеті – Қазақстан тауарларын шетелдік дүкендер арқылы, ал шетелдік тауарларды елімізде ілгерілету мәселелері бойынша ынтымақтастықты қалыптастыру.

Мұндай мүмкіндікті енді отандық кәсіпкерлер шетелде тағылымнамадан өтетін «Іскерлік байланыс» жобасының қатысушылары да қолдана алады. Германияда осындай тағылымнамадан басқа да елдердің бизнесмендер һі өтетінін ескергенде, олар да бітірушілер қауымдастығына кіреді, өнімді ілгерілету үшін олардың арасында қосымша кәсіби байланыс орнатылды.

«Win-Win қағидасын қолдана отырып ұзақмерзімді тиімді ынтымақтастық орнатуға болады. Біздің форум мен таныстығымыз бизнесті дамытуға мүмкіндік береді, алдағы уақытта қатысушылар бізде жаңа өндіріс жасай алады, ал біздің кәсіпкерлер – шет елде», – деп атап өтті Қазақстан халықаралық бағдарламалар түлектері қауымдастығының басшысы Майра Сұлтанова.

Ұлттық палатада бітірушілер кооперацииясы идеясын маңызды әрі заманауи деп атап отыр. Ұлттық палата «Іскерлік байланыс» аясында кәсіпкерлерге Германияда біліктілікті арттыруға, жабдық алуға, технология трансфертін іске асыруға көмектеседі. 20 жыл ішінде жобаға 1 мыңға жуық кәсіпкер қатысып, оның ішінде 500 кәсіпкер шет елде тегін бизнес-тағылымнамадан өтті.

«Егер барлық бітірушілер Қауымдастық аясында ынтымақтасатын болса, бұл жобаға жаңа серпін береді әрі жаға нарыққы шығудың қосымша мүмкіндігі болмақ. Бағдарламаға қатысушылардың барлығы қауымдастыққы кіре алады, жаңа іскерлік байланыс орнатып, бизнесін дамытудың жаңа қырларын ашады», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП өңірлік дамыту департаментінің сарапшысы Әйгерім Мұзатова.

Жұмыс форумына Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан делегаттары қатысты. «Іскерлік байланыс» жобасы арылы отандық бизнес шетелдік әріптестермен тұрақты байланыс орнатқанын атап өтті. Үнді-Герман бизнесті дамыту қауымдастығының өкілі Лалита Ахуджидің айтуынша, Қазақстан посткеңестік елдермен ғана емес, Үндістанмен де жемісті ынтымақтастық орнатқан.

«Қазақстан нарығы Үндістан бизнесі үшін әлеуетке ие. Әсіресе құрылыс фирмалары үшін. Небәрі 20 жыл ішінде тамаша қаланы салдыңыздар, қала дамып келе жатқаны қуантады. Үндістан мен Қазақстан технологиямен алмаса алады, сондай-ақ өзара тауар айналымын арттырады, бұл үшін қажетті алғышарттың бәрі бар», – дейді Лалита Ахуджа.

Іс-шарада қатысушылар өндірілетін тауарлардың шағын көрмесін өткізді және әріптестерін ынтымақтастық орнатуға қызықтыра алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер