astana-view

Астанада «InvestPro Қазақстан» конференциясы өтеді

2018 жылғы 26 Шілде
3736 просмотров

25-26 күні Астана қаласында InvestPro Қазақстан Астана 2018 атты жыл сайынғы конференция мен көрме өтеді.

Конференция жұмысы халықаралық инвестициялау, қаржыландыру, басқару және капиталды ұлғайту, халықаралық құрылымдарды құру мәселелеріне арналмақ.

Бағдарламада мынадай сұрақтар талқыланады:

  • Әл-ауқат – құпиялық – капитал. Табиғи түрл-түсті алмаздар сіздің байлығыңызды сақтай алады, және өткен екі онжылдық тарих алмаздардың алтын мен күміс, сондай-ақ  Доу-Джонстың өнеркәсіптік индексіне бергісіз құндылығын көрсетті – Premier Diamond Group Ltd, Канада – Мальта – Израиль;
  • Кипрде жылжымайтын мүлікке инвестициялар есебінен азаматтық пен тұрғылықты жер – Leptos Estates, Ресей;
  • Еуропалық банкте шот ашу бойынша жаңа талаптар – Norvik Banka, Латвия;
  • Швейцария: заманауи әлемде бизнес үшін тартымды жер – ресейлік жеке тұлғалардың трансшекаралық инвестицияларына арналған алаң  – QUORUS LLC, Швейцария;
  • Басқа еуропалық азаматтық бағдарламаларымен салыстырғанда Кипрдің инвестициялық азаматтығы бағдарламасы – C. Savva & Associates Ltd., Кипр;
  • Дания арқылы сауда жасау (брокеридж) – EMG Group, Дания;
  •  Астриядағы өмір, инвестициялау мен бизнес жүргізу; артықшылықтар мен мүмкіндіктер – steuerexperten.at, Австрия;
  •  Лихтенштейнде құрылымдау мүмкіндігі – CorPa Treuhand AG, Лихтенштейн;
  • Мальта азаматтығы мен БАӘ-дегі жеке банк қызметі – Emirates Islamic Bank, ОАЭ;

Спикерлер қатарында  – ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс пен Азия мемлекеттерінің жетекші компаниялары мен ьанк басшылары.

 Көрмеге 20-дан астам экспонент – халықаралық банктар, заңгерлік, инвестициялық, аудиторлық, қаржылық және іскерлік компаниялар қатысады.

 Аудитория – Қазақстан жетекші өңірлері және басқа да ТМД, Еуропалық Одақ, Таяу Шығыс пен Азия мемлекеттерінен келген жаңа 300 өкіл.

 InvestPro Қазақстан Астана 2018 – бұл корпоративті коммуникациялар, нарық көшбасшыларымен тәжірибе алмасу, сапалы әрі нақты ақпарат, жаңа белестер мен бизнес дамуына жаңа мүмкіндіктер алаңы.

 Конференция жолма жол аударманы қамтамасыз етумен орыс және ағылшын тілдеріне өтеді.

 Қазақстаннан келетін компаниялардың екі өкіліне қатысу тегін.

 Тіркелу www.bosco-conference.com сайты арқылы жүзеге асады. 
 Конференция ұйымдастырушысы: Bosco Conference, тел.: +44 203 519 34 84,+7 727 350 54 74, E-mail:bc@bosco-conference.com


Еншілес ұйымдар

Серіктестер