astana-view

Қытайда кезекті экономикалық миссия өтеді

2018 жылғы 09 Тамыз
1692 просмотров

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы отандық тауар өндірушілерді Сиань (Қытай) қаласында өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады. Іс-шара 22-25 қыркүйек аралығына жоспарланған.

 Миссияны өткізу географиясы экспортты алға жылжыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындау аясында кәсіпкерлер мен компаниялардан жиналған өтінімдерге қарап таңдалды.

 Іс-шараның негізгі мақсаты тікелей іскерлік байланысты орнату, қазақстандық компаниялар мен әлеуетті сатып алушылар арасында сауда қатынастарды белсендіру, сондай-ақ екіжақты кездесулерді ұйымдастыруды көздейді.

 Сауда-экономикалық миссияға қатысуға өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады, ол үшін мына сілтемеге өту керек: https://goo.gl/forms/gsD0NEeHZsMeToxL2

Сұрақтар болса, сарапшы Нұрсұлтан Нұрабаевқа хабарласу керек:  +7 (7172) 279 054 (вн. 221), e-mail: n.nurabayev@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер