astana-view

«Атамекен» және Азиялық сапа желісі (ANQ) Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2018 жылғы 19 Қыркүйек
4169 просмотров

Алматыда XVI Азиялық Сапа Конгресі өтіп жатыр. Іс-шара аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Азиялық сапа желісі AsianNetworkforQuality немесе ANQ) арасында Ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды.

XVI Азиялық Сапа Конгресті «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Азиялық сапа желісі мен Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымы ұйымдастырды.

«Бүгінгі ахуал әлемнің экономикалық дамыған елдерінің үздік тәжірибесі өмірдің түрлі салаларында сапа категориясын анықтауға қатысты әдеттегі стереотиптерді өзгертуді талап етеді. Сапа философиясы, оның көтерілуін қамтамасыз ету әрбір қазақстандық компанияның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болуға көмектесу – Конгрестің негізгі міндеттерінің бірі, ал сапаны жақсарту саласында үздік әлемдік практикалар әр отандық кәсіпкер арсеналына кіруі қажет», – деді  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.  

 Іс-шараға Азия, АҚШ, Еуроодақтың 20 мемлекетінен 200-ден астам өкіл қатысып жатыр. Конгресс бағдарламасына Жапония, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдерден сапа менеджменті саласындағы жетекші спикерлердің сөйлеген сөздері мен семинарлары кірген.

Конгресс аясында ANQ Басқарма Төрағасы Азат Абрахманов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов және ANQ құрметті президенті Нориаки Кано Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа сәйкес, ANQ Азиялық сапа желісі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қазақстандық кәсіпкерлер үшін менеджмент жүйесі саласындағы соңғы жетістіктерді енгізу мақсатында көмек көрсетуге, бизнесмендерді халықаралық шеберлік сабақтар, конференциялар мен форумдарға қатысуға шақыруға,  экспорттық әлеуетті арттыру үшін түрлі шет мемлекеттердің кәсіпорындарымен және ұйымдарымен сапа менеджменті саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға міндеттенеді.

 Келісім аясында «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдерінің ANQ мүше мемлекеттерінде кәсіпкерлер құқығын қорғау мен алға жылжыту бойынша жобаларды бекіту, ұсыныстар енгізу бойынша жиындар мен жұмыс топтарына қатысуы жоспарланған.

Бұған қоса өнім сапасын жақсартуға бағытталған инновацияларды қолдана отырып, кәсіпорындарды басқаруда алдыңғы қатарлы білім мен тәжірибе алмасу мақсатында «Бенчмаркинг турын» өткізу жоспарланып отыр. Тараптар кәсіпкерлерге өз жетістіктерін ең жақсы азиялық кәсіпорындармен салыстыруға көмектеседі. Тараптардың ынтымақтастығы қызметкерлердің біліктілігін арттыруда Азия елдерінің қызметкерлерді сертификаттау саласында озық тәжірибесін қолдануға мүмкіндік береді.

 Анықтама үшін:

Азиялық сапа желісі аясында сапа менеджменті саласындағы озық азиялық компаниялардың жетістіктері, бизнес басқарудың жаңа модельдері ұсынылатын жыл сайын конгрестер өтеді. Конгрестер шеңберінде Азиялық сапа желісі ұйымдастырған сапа бойынша халықаралық байқаулардың қорытындысы жасалып, өнім мен қызмет сапасы, қызметкерлерді басқару, әлеуметтік жауапкершілік саласындағы көрнекті нәтижелерге қол жеткізгені үшін мамандар мен ғалымдарды марапаттау салтанаты өтеді. Кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың марапаттары олардың халықаралық деңгейде танылғанын білдіреді.

Келесі 17-ші Азиялық Сапа конгресі ANQ – 2019 Бангкокте (Тайланд) өтеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер