«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Ресей аумағы арқылы Украинаға бағыт алған қазақстандық шикізат экспорты тоқтап қалды

04 Шілде 2019
1336 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  2019 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей Федерациясы Үкіметінің  2019 жыл 18 сәуірдегі № 460-25 қаулысына сәйкес Ресей Федерациясы аумағынан   Украинаның аумағына тізбе бойынша тауарларды (мұнай, мұнай коксы, битум қоспалары, этан, бензол, толуол және т.б.) экспорттауға толық тыйым салынғанын, сонымен қатар Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі  берген рұқсаттар негізінде экспортталатын тауарлардың тізбесі (көмір, кокс, бензин, дизель отыны, пропан, сұйытылған газдар) бекітілгенін хабарлайды.

Қабылданған шешімге сәйкес, Ресей және Қазақстанның өкілетті органдары арасында Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің рұқсатары негізінде тауарларды шығару көлемін мақұлдау тәртібі әзірленген. Алайда, аталған тәртіп қазақстандық компанияларды Ресей және Украина шекарасындағы түйткілдерден қорғай алмады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерттің хабарлауынша, қазіргі таңда «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ-тың ақпаратына сәйкес Ресей және Украина шекарасындағы Валуйки станциясында  Қарағандыдан Кривой Рогқа бағыт алған көмір концентраты тиелген 426 қазақстандық вагон тұрып қалған. Кідіріске Ресей Федерациясынан Украинаға тауар кіргізуге рұқсаттың болмауы себеп болған.

 Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының  кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты Ресей Федерациясының біржақты шараларын қолданбау туралы (2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 21 ұсыныс) ресми ұсынымдарына қарамастан, отандық бизнес өкілдері Ресей территориясы бойынша транзитпен жүк тасымалдауға қатысты жиі туындайтын мәселелер салдарынан үлкен шығындарға ұшырауы жалғасуда.

 2014 жылдың соңынан отандық кәсіпкерлер Қазақстанға еуропалық елдер және Украинадан импортталатын тауарларға қатысты шектеулер мен тыйымдарға тұрақты түрде тап болса, енді биылғы жылдың 1 маусымынан бастап түйткілді мәселелер отандық экспорттаушыларда да басталған. Алдын ала деректерге сәйкес кәсіпкерлеріміздің Ресей және Украина шекарасында вагондардың тұрып қалуы салдарынан тәулік сайынғы шығандары  (келісімшарттар бойынша айппұлдық санкцияларды есептемегенде) 5 млн-нан астам теңгені құрап отыр.

 Осыған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ресей территориясы бойынша транзиттің шектелуіне байланысты тәуекелдерді болжап, өкілетті органдар және ЕЭК назарын отандық бизнес келешекте тап болатын мәселелерге аударып, аталған мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Дегенмен, шешім қабылданды, ал Ресей және Қазақстанның өкілетті органдары арасындағы өзара әрекеттесу тәртібі Қазақстаннан Ресей және үшінші елдерге жүк тасымалдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз етпей отыр.

 Отандық кәсіпкерлер үшін Ресей аумағы бойынша транзит – халықаралық жүк тасымалдарын жүргізуде аса маңызды ежелден қалыптасқан бағыт. ЕАЭО шеңберінде интеграциялық қарым-қатынастардың тереңдеуіне және Одақтың кедендік қызметтерінің тығыз әрекеттесуіне қарамастан бизнес мәселелермен бетпе-бет қалуда. Мәселелердің дені, бірінші кезекте, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің біреуі осындай шешім қабылдауы кезінде диалог пен келісілген әрекеттердің болмауына байланысты.  

Ресей Федерациясы қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, сонымен қатар Ресей Федералды кеден қызметінің хат түріндегі түсіндірмесіне сәйкес аталған тыйым Ресей аумағы арқылы Украинаға экспорт және транзитке қолданылады, соның ішінде Украина аумағы арқылы транзиттелетін тауарларды үшінші елдерге тасымалдауларға тыйым салынған.

«Атамекен» ҚР ҰКП  барлық кәсіпкерлерден Қазақстаннан Украина территориясына тасымалдауларға қатысты қабылданған өзгерістерді ескере отырып, отандық бизнестің қызметіне кедергі келтіретін теріс салдарды азайту бойынша барлық қажетті шараларды қолдануды сұрайды

 Өз кезегінде Палата өзара әрекеттесудің барлық қолжетімді деңгейлерінде орын алған ситуацияны  тезірек шешу бойынша шараларды қабылдауда. ҚР Үкіметіне жазбаша өтінім жіберілді, ЕЭК және Ресейдің өкілетті органдарына ресми сұратым дайындалды.  

 Қазақстаннан Украина аумағы арқылы Украина және үшінші елдерге тауарларды экспорттау тәртібі бойынша қосымша ақпарат алу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграциялау департаментіне мына телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 7172 91 93 73.      

 

default.labels.news.telegram

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер