astana-view

Алматыда Кеден Одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінде сауда процедураларын жеңілдету мәселелері жөнінде халықаралық конференция өтеді

2014 жылғы 18 Сәуір
7434 просмотров

Алматыда 24 және 25 сәуірде Еуразия экономикалық комиссиясы (ЕЭК) мен БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) бірлесіп, «Кедендік Одақ және Біртұтас экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекеттерінде «бірыңғай терезе» дамытудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздері» тақырыбында ІІІ халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Конференцияның мақсаты Кедендік Одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекеттерінде «бірыңғай терезе» дамыту мен тарату үшін мемлекетаралық және ұлттық деңгейлерде ұйымдастыру шараларын өткізу мен құқықтық негіз құру мәселелерін қарастыру болып табылады. Конференцияға ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев қатысады, ол Қазақстанда «бірыңғай терезе» механизмін дамыту бойынша ҚР ҰКП жұмысы туралы айтып береді.

Конференция аясында төмендегілерді қарастыру жоспарланады:

- сауда процедураларын жеңілдетудің тиімді құралы ретінде «бірыңғай терезе» түсінігіне байланысты мәселелер жиынтығы;

- бақылаушы органдар мен бизнес-қоғамдастықтың іс-тәжірибесіне «бірыңғай терезені» енгізу бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды жүргізудің халықаралық нұсқаулықтар мен тәжірибе;

- КО және БЭК мүше-мемлекеттерде «бірыңғай терезені» қолдануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекетаралық және ұлттық деңгейдегі құқықтық базаны дамытудың өзекті бағыттары.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар «бірыңғай терезені» құру және дамытудың даярлық кезеңін өткізу бойынша ұсыныстарын қалыптастырады, ол ұйымдастырушылық іс-шаралар, сондай-ақ КО және БЭК мүше-мемлекеттеріндегі «бірыңғай терезенің» құқықтық негізін даярлау бойынша іс-шаралардан тұрады

Конференцияға қатысуға тілек білдірушілерге қатысушылардың кандидатураларын қоса тіркелген өтінімге сәйкес 2014 жылдың 18 сәуіріне дейін bondarenko@eecommission.org электронды поштасына жіберуді сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер