astana-view

Астанада бизнесмендер мен студенттерге арналған жұмыспен қамту форумы өтеді

2014 жылғы 21 Мамыр
5622 просмотров

28 мамырда Астананың Кәсіпкерлер палатасы қала әкімшілігімен бірлесіп Астаналық жұмыспен қамту форумын өткізеді. Іс-шараны астаналық компаниялардың көрмесі ашады, онда бизнестің өкілдері өз қызметі мен кадрлық қажеттіліктер туралы мәлімдеп, сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен (колледждермен) ынтымақтастықты жөнге салу мүмкіндігін алады.

«Астанада тіркелген жұмыссыздардың жартысынан астамы — бұл жастар, олар көбінесе қандай да бір білім алған болып шығады. Форумның міндеті жас буынға кәсіп таңдауда дұрыс бағдар беруде жатыр. Сонымен қатар біздің іскерлік қоғамдастықты оқу орындарымен тығыз әрекеттестікке қызықтырғымыз келеді. Ол үшін Палата бизнес, оқу орындары және жастар үшін сұхбат алаңын ұйымдастырмақшы, онда әрбір қатысушы жұмысқа орналасу болсын, не болмаса әлеуетті қызметкерлерді іздеу болсын, өз керегін табатын болады», - деп хабарлады Астананың Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов.

Форум аясында келесідегідей кәсіптік шеберлік фестивалі және оқыту тренингтері мен семинарлары өтеді: «Кәсіби өзін-өзі табу», «Қаржылық тәуелсіздікке барар жол», «Жұмыс және мансап: алғашқысын қалай тауып, екіншісін қалай құруға болады», «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бойынша мемлекеттік қолдау құралдары» және басқалары.

Сонымен бірге ізденушілер бизнеспен тікелей араласып, түйіндеме тастап, жедел-сұхбаттан өте алады, сондай-ақ мұнда жұмысқа тұру бойынша консультация алуға болады.

Астаналық жұмыспен қамту форумында 3000-нан астам қатысушы болады деп күтіліп отыр, олардың арасында бизнес-қоғамдастық өкілдері, колледж түлектері мен студенттері, жұмыссыз азаматтар, жоғары сынып оқушылары, ата-аналар қоғамдастығы бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер