«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Әйелдер қызметкер, бизнес жетекшісі ретінде ер адамдардан ерекше. Егер тексерілген деректер, бухгалтерлік есептер немесе қаржылық дирекция қажет болса, оны қыз-келіншектер тап-тұйнақтай етіп реттеп қояды. Әйелдер шын мәнінде жұмысқа бар білімін салып, асқан кәсібилікпен әрі жауапкершілікпен қарайды. Олар жылына 365 күнді еңбекке арнайды, күш-жігерін салады. Айта кетейін, еңбекке деген адалдық сенімді тудырады, ал бизнестегі сенімділіктің маңызы зор

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев

Atameken Business Channel

Бизнес-күнтізбе

Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы хатшылығының басшысы, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы


1973 жылы 17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

• Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, (1990-1995), Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (1998-2001).

• Еңбек жолын банк жүйесінде бастаған (1994-1995).

• 1995-1998 жж. – Қазақстан республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығы.

• 1998-1999 жж. – ҚР СІМ баспасөз-атташесі, Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі.

• 1999-2002 жж. – ҚР Қаржы министрінің хатшылығы.

• 2002 ж. – ҚР ЭБЖМ Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің бөлім бастығы.

• 2003-2005 жж. – «Dala group» ЖАҚ Бас директорының кеңесшісі, кейіннен Бас директоры.

• 2006-2007 жж. – ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы.

• 2007-2008 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.

• 2008-2009 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша Қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары.

• 2011-2013 жж. – ҚР ҚМ Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, іске асырылуын бағалау және жоспарлау департаментінің директоры.

• 2013 жылдан  – «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы хатшылығының басшысы.

• 2015 жылдан – «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы. 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Іскер әйелдер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылды. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары алаңдарында Өңірлік іскер әйелдер кеңестері, сондай-ақ, аудандық деңгейде дәл осындай кеңестер жұмыс істейді.

1 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы  Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің І конгресі өтті.

Конгресте Ұлттық палата жұмысы аясында Кеңес қызметін жүргізудің стратегиялық келешегі, елімізде әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы ахуалды жақсарту бағыттары, сондай-ақ, әйелдер қатысатын шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Кеңесті құрудың басты идеясы – өңір әйелдерінің іскерлік ортадағы белсенділігін күшейту.

Кеңестің міндеттері:

- Әйел-кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін ынталандыру;

- Әйелдердің жеке кәсіпкерлікке араласуын, олардың экономикалық бастамаларын қолдау және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту.

Кеңес өз қызметін мынадай бағыттар бойынша іске асырады:

- Республикадағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру жүйесі туралы ақпараттық-ағартушылық қызметті ұйымдастыру;

- Жаңа бастаған әйел-кәсіпкерлерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету;

- Перспективалы бизнес-идеяларды, жобаларды қолдау;

- Іскер әйелдердің экономикалық құзыреттілігін көтеру және олардың арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту;

- Кәсіпқой әйел-кәсіпкерлердің өңірлерді, қалалар мен кәсіпорындарды экономикалық дамытудың ең тиімді тәсілдері бойынша тәжірибе алмасуын жолға қою;

- Қазақстандық және шетелдік әйел-кәсіпкерлердің арасындағы сындарлы сұхбатты жолға қою, оның ішінде қазақстандық және шетелдік әйел-кәсіпкерлердің экономикалық әрі мәдени қарым-қатынас жасауы;

- Шетелдік іскерлік орталарда еліміздің әйел-кәсіпкерлерінің оң имиджін қалыптастыру. 

 

Серіктестер