astana-view

Қазақстанның туристік компаниялары «ITB-Berlin - 2017» халықаралық көрмесіне қатысады

2017 жылғы 07 Наурыз
7131 просмотров

Отандық 20 туристік компания Қазақстан стендін қояды

Осы жылдың 8-13 наурыз аралығында Берлин қаласында туризмнің «ITB-Berlin – 2017» халықаралық ірі көрме-биржасы өтеді

Көрмеде 20 туристік компания Қазақстан стендін қояды, олардың қатарында Turan Asia, Asia Discovery, Акжол travel, Explore Central Asia, Arnai tours, Компас, International Travel Plus, Nata Worldwide travel компаниялары, сондай-ақ «Қазжол» мен «Отырар» қонақ үй кешендері бар.

Ресми делегация құрамында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уәлиев, Туризм индустриясы департаментінің директоры М.Игалиев, Ішкі және көшпелі туризм басқармасының жетекшісі Ж.Қазкенова, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдері мен «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС өкілдері бар. Сонымен қатар, көрмеге туризмнің өңірлік басқармаларының, «Astana Convention Bureau» ЖШС мен «Астана-ЭКСПО» ҰК АҚ өкілдері қатысады.

Көрме бағдарламасында көптеген бағыттар қамтылған: воркшоптар, бизнес-саяхат секциясы, қонақжайлылық пен маркетинг, туризмдегі интернет-технология мен жас кәсібилер. Туристік жаңа әрі танымал бағыттармен танысып, әріптестік байланыс орнатқылары келетіндерге бөлек дистанция күндері өткізіледі.

Дүниежүзілік туристік ұйым бағдарламасы бойынша көрме аясында 9 наурыз күні өтетін Ұлы Жібек жолы бойынша туристік операторларға арналған 6 Форум қазақстандық туристік нарық үшін мақсатты іс-шара болуы мүмкін.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзара тиімді серіктестікті қамтамасыз ету, туристік байланысты арттыру және туризмдегі өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу мақсатында бірқатар кездесулер жоспарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер