astana-view

ӨКП дәйегі дұрыс боп шықты

2016 жылғы 18 Қаңтар
- Жетісу облысы
7291 просмотров

Жергілікті жерлердегі шенеуніктер үкімет қаулысын орындауға асығар емес

ӨКП құқықтық блогы заңгерлері қызметінің бір бағыты бизнес мүддесін қозғайтын қаулылар жобасына сарапшылық баға беру болып табылады.

Қарасай ауданында 29 балабақша әрекет етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапысырысын беру бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру 2015 жылғы қаңтар айынан басталған еді. Алайда Қарасай ауданы білім беру бөлімі аталмыш қаулыны дайындау және қабылдаудың орнына қаңтар айынан бастап сараптамалық қорытындыға 2015 жылдың желтоқсан айында, яғни жыл соңында аудан әкімінің «Қарасай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» аудан әкімдігі қаулысының жобасын енгізеді.

«ӨКП сараптамалық қорытындысын алдын-ала алмай жатып, 2015 жылғы 11 желтоқсанда жоғарыда аталған қаулыға Қарасай ауданының әкімі А.Дәуренбаев қол қояды. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 15 бабына сәйкес бұған жол берілмейді», - дейді ӨКП құқықтық блогының сарапшысы Думан Керімбаев.

Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезінде Қарасай ауданы жергілікті атқару органы тарапынан болған бұзу анық көрініс береді. ӨКП заңгерлері Алматы облысы прокуратурасы атына хат жолдап, прокуратура жоғарыда аталғанға орай мән-жайды анықтау үшін тексеріс тағайындады.

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының дәйектері расталды. Осыған орай аудан прокуратурасы аудан әкімдігінің атына прокурорлық жауап қату актісін енгізді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер