astana-view

Ұлттық палатаның өңірлерде көрсеткен тегін сервистік қызметі. 2015 жылы «БЖК-2020» бағдарламасының аясында кәсіпкерлерге қандай сервистік қолдау көрсетілді?

2016 жылғы 27 Қаңтар
11431 просмотров

2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында өңірлердегі кәсіпкерлерге қандай сервистік қолдау көрсетілді?

2015 жылғы 25 қарашаға дейінгі ахуалы бойынша 35174 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне 56640 сервистік қызмет көрсетілген. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 32195-тен 56640 дейін көбейген (75,9%), ал ШОК субъектілерінің саны 15923-тен 35174-ке дейін артқан (120,9%).

2015 жыл қорытындысы бойынша ең көп көрсетілген қызмет саны ОҚО-да - 9667 немесе 17,1%, ШҚО - 7750 немесе 13,7% және Алматы қаласы - 7078 немесе 12,5%.

Ұсынылған қызметтерге жасалған талдау өңірлердің әлеуметтік-экономикалық деңгейімен байланысты өңірлік саралану жайлы айтуға мүмкіндік береді. Өңірлер дамуы қайта жаңғыру жағдайында айтарлықтай айырмашылықтармен өтуде: өңірлер табиғи ресурстармен түрлі дәрежеде қамтамасыз етілген, экономика құрылымы, климат жағдайы, демографиялық процесс, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуеті және т.б. жөнінен қатты ерекшеленеді.

Үстіміздегі жылғы қазан-қараша айларында, 25.11.2015 жылға дейінгі ахуалы бойынша, 15161 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 23598 сервистік қызмет көрсетілген.

Қазақстандық шағын және орта кәсіпкерлік секторын өңірлік сараланудың жоғары дәрежесі ерекшелейді. 2015 жыл қорытындысы бойынша өңірлер қимасындағы сервистік қолдауға қатысушылар – ШОК субъектілеріне жүргізілген талдау қатысушылардың көп бөлігінің ОҚО-да екенін көрсетіп отыр - 4733 немесе 13,5%, Алматы қаласы - 4708 немесе 13,4% және Алматы облысы - 4330 немесе 12,3%. Сервистік қолдауға қатысушылар Маңғыстау облысында аз дәрежеде болып отыр - 909 немесе 2,6%, БҚО - 1070 немесе 3,0% және Атырау облысы - 1210 немесе 3,4%.  

Үстіміздегі жылдың қазан-қараша айларында еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларында 15161 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне 23598 қызмет түрі көрсетілген.

Сервистік қолдау алған ШОК субъектілерін салалық қимада қарай отырып, 2015 жылы кәсіпкерлердің көп бөлігінің көтерме және бөлшек саудада, ауылдық, орман және балық шаруашылығында байқалатынын атап өту керек. Сонымен, көтерме және бөлшек саудаға 14814 қатысушы немесе 42,1% тартылған, ауылдық, орман және балық шаруашылығында – 6718 немесе 19,1%. Сервистік қолдаудың ең аз көлемдегі қатысушылары мемлекеттік басқару және қорғаныс – 1, үй шаруашылықтары қызметі – 8 және электрмен жабдықтау, газ, бу жіберу, әуе кондициялауы сияқты салаларда байқалады.

Өтініштер құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігін танытатын ШОК субъектілері өтініштеріне жасалған талдау Алматы қаласында көтерме және бөлшек сауда саласындағы субъектілерге көп көлемде қызмет берілгенін көрсетіп отыр - 3538 немесе 23,9%, Алматы облысында - 1797 немесе 12,1% және ОҚО - 1290 немесе 8,7%. Көтерме және бөлшек сауда саласындағы өтініштердің ең аз бөлігі Маңғыстау облысында - 130 немесе 0,9%, Атырау облысында - 402 немесе 2,7% және БҚО - 407 немесе 2,7%.

Ауылдық, орман және балық шаруашылығындағы 2015 жылғы өтініштердің көпшілігі ОҚО-да – 1600 немесе 23,8%, Алматы облысында – 1588 немесе 23,6% және ШҚО-да – 772 немесе 11,5%. Аталмыш салада Астана қаласы ең аз дәрежеде танылған – 10 немесе 0,1%, Алматы қаласы – 18 немесе 0,3% және Маңғыстау облысы – 22 немесе 0,3%.

ШОК субъектілерінің өтініштері саны жөнінен маңыздылығы бойынша келесі орында өңдеу өнеркәсібі тұр. Сонымен, 2015 жылы ең көп өтініш ОҚО-да түскен – 398 немесе 19,2%, ШҚО – 253 немесе 12,2% және Қарағанды облысы – 252 немесе 12,1%. Аталмыш салада аз танылған өңірлер: Маңғыстау облысы – 27 немесе 1,3%, БҚО – 47 немесе 2,3% және Қызылорда облысы – 52 немесе 2,5%.

Көлік және қоймалау саласында 2015 жылғы қатысушылар саны кему шамасына қарай мына тәртіпте орналасқан: Ақтөбе облысы – 160 немесе 13,8%, Қостанай облысы – 157 немесе 13,5% және ШҚО – 119 немесе 10,3%. Көлік саласындағы өтініштердің ең аз мөлшері мына өңірлерде: Қызылорда облысы – 14 немесе 1,2%, Маңғыстау облысы – 21 немесе 1,8% және Жамбыл облысы – 32 немесе 2,8%.

Құқықтық-ұйымдастыру формасы қимасындағы қатысушылардың жалпы санына жасалған талдау көрсеткендей, 2015 жыл қорытындысы бойынша сервистік қолдау алуға 24 902 жеке кәсіпкер, 5605 жауапкершілігі шектеулі серіктестік,  4584 шаруа қожалығы жүгінген,  қалғандары 60 – өндірістік кооператив және  23 акционерлік қоғам.

2015 жылғы қазан-қараша айларында сервистік қолдау алуға 10 454 ЖК,  2 218 ЖШС, 2 455 ШҚ жүгінген, қалған 0,2% коммерциялық қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер құрап отыр.

Құқықтық-ұйымдастыру формасы қимасындағы қатысушылардың жалпы санына талдау ЖК меншігі формасындағы ШОК субъектілерінің үлесі басқа құқықтық-ұйымдастыру формасынан әлдеқайда басым түсетінін көрсетеді. Бұл, біріншіден, аталмыш санаттың, Статистика жөніндегі комитеттің статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстандағы әрекет етуші субъектілер арасында айтарлықтай үлесті құрайтынымен түсіндіріледі (01.09.2015 жылға дейінгі ахуалы бойынша 73%-дан астамы). Көптеген ісін бастаушы бизнесмендер ЖК формасын кездейсоқ таңдамайды. Аталмыш ұйымдастыру формасында бірқатар негізгі басымдықтар бар:

1. Жеке кәсіпкер қызметін тіркеу мен тоқтатудың оңайлатылған тәртібі.

2. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізудің оңайлатылған тәртібі, онда арнайы бухгалтерлік білім қажет болмайды. Оның үстіне, егер жеке кәсіпкер салық салудың жеңілдетілген жүйесін қолданатын болса, үнемдеу анық байқалады.

3. Ақшалай есеп айырысуды ұйымдастырудың қарапайымдығы. Жеке кәсіпкерде банкте есептік шот болуы міндетті емес. Мұндай шоты болғанмен де оған кассадағы ақша қалдығы бойынша лимит орнатылмайды. Сонымен бірге, жеке кәсіпкер кассалық кітап ресімдемеуге құқылы.

2015 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанла 4 тоқсанның қазан-қараша айлары қорытындысында ЖК мен ЖШС құқықтық-ұйымдастыру формасында өтініштер саны бойынша біршама төмендеу байқалады. Сонымен, ЖК өсу қарқыны 3 тоқсанда 12877-ден 4 тоқсанның қазан-қарашасында 10454-ке дейін төмендеген (23,2%), ал ЖШС 2860-тан 2218-ге дейін  (28,9%).

ШҚ формасындағы өтініштер саны осындай кезең ішінде 1905-тен 2455-ке көбейген (28,9%), ӨК 23-тен 25-ке (8,7%) және АҚ 7-ден 9-ға (28,6%).  

2015 жыл қорытындысы бойынша КҚО-ға жүгінген ЖК формасындағы кәсіпорындардың көп көлемі мына өңірлерде байқалады: Алматы қаласы - 3973 немесе 15,9%, ОҚО - 3014 немесе 12,1% және Алматы облысы - 2675 немесе 10,7%.

ЖК формасында жүгінгендердің ең азы көлемі Маңғыстауской облысында байқалады - 635 немесе 2,5%, СҚО - 772 немесе 3,1% және БҚО - 743 немесе 3,0%.

ЖШС формасында тіркелген ШОК субъектілерінен келген өтініштер санының ең көп үлесі ОҚО-да - 1092 немесе 19,5%, Алматы қаласында - 730 немесе 13,0% және Астана қаласында - 514 немесе 9,2%. ЖШС формасындағы субъектілерден келген өтініштердің ең аз дәрежесі Қызылорда облысында – барлық ЖШС ішінде 146 немесе 2,6%, Павлодар облысы - 151 немесе 2,7% және Алматы облысы - 162 немесе 2,9%.

ШҚ формасындағы кәсіпорындардан ең көп келген өтініш Алматы облысында – 1493 немесе 32,6%, ШҚО – 620 немесе 13,5% және ОҚО – 584 немесе 12,7%. ШҚ аз ғана үлесі Астана қаласында – 3 немесе 0,06%, Алматы қаласында – 3 немесе 0,06% және Маңғыстау облысында – 20 немесе 0,4%.

Астана қаласы, Алматы обылсы және Маңғыстау облысынан басқа барлық өңірлерде кәсіпкерлерді өндірістік кооперативтер формасына айналдыру байқалады, бірақ құқықтық-ұйымдастыру формасының жалпы санындағы олардың үлесі болмашы ғана. Сонымен, өндірістік кооперативтер формасындағы өтініштердің ең көп көлемі ОҚО-да – 36 және Ақмола облысында – 4. Аз дәрежеде танылғандар Атырау облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Қызылорда облысы – 1 және Павлодар облысы – 1.

Құқықтық-ұйымдастыру формаларының жалпы санында АҚ формасында тіркелген ШОК субъектілері өтініштерінің саны да аз ғана және мына өңірлерде көп көлемде ұсынылған: ОҚО - 7 және Маңғыстау облысында - 3. АҚ формасында ШОК субъектілерінің ең аз өтініштері Астана қаласында - 1, Жамбыл облысында - 1, БҚО - 1 жасалған және Алматы қаласында, Алматы облысында, Ақмола облысы, Қызылорда облысы, Павлодар облысы және СҚО-да мүлдем келмеген. 

ЖК формасындағы субъектілер Алматы қаласында – 1873, ОҚО – 1391 және ШҚО-да – 1204 көптеп жүгінген. ЖК формасындағы субъектілердің ең аз өтініші Қызылорда облысында - 198, БҚО-да – 291 және СҚО-да – 292.

ЖШС формасындағы ШОК субъектілерінің ең аз саны ОҚО-да – 415, Алматы қаласында – 318 және Астана қаласында – 231. ЖШС формасындағы өтініштердің ең аз дәрежесі Қызылорда облысында – 13, Қарағанды облысында – 50 және Павлодар облысында – 50.

ШҚ формасындағы кәсіпорындар өтініштерін ең көп жасаушылар Алматы облысында - 952, ШҚО – 467 және ОҚО-да – 332 кездеседі. ШҚ болмашы ғана үлесі Алматы қаласында – 1, Астана қаласында - 2 және Маңғыстау облысында байқалады - 18.

16 өңір ішінен 8 өңірде ӨК түрінде тіркелген кәсіпкерлер өтініші байқалады. Мұндай кәсіпкерлер саны 25 адамды немесе ШОК субъектілері жалпы санынан 0,2% құрайды.

АҚ ретінде ұсынылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 16 ішінен 7 өңірде аталған. Олардың жалпы саны 9 субъектіге жеткен немесе қолдау алғандардың жалпы санынан 0,1% құраған.

Жүргізілген талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: құқықтық ұйымдастыру формаларының сан алуандығы кәсіпкерлік қызметті өңір ерекшеліктерін, кәсіпкерлер немесе адамдар тобының материалдық мүмкіндіктерін, қызмет мақсаттары мен міндеттерін, даму мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізуге мүмкіндік береді, кәсіпкерлердің ерекшеліктерін баса көрсетеді.

2015 жыл қорытындысы бойынша сервистік қолдау алған 35174 кәсіпкер арасынан 34378 кәсіпорын шағын бизнеске жатады. Бұл жүгінушілердің жалпы санынан 97,7% құрайды. Орта бизнеске 796 кәсіпорын немесе барлық қолдау сұраушылар ішінен 2,3% құрайды.

Қазан-қараша айларында сервистік қолдау алған 15161 кәсіпорын арасынан 14 936 кәсіпорын шағын бизнеске жатады. Бұл жүгінушілердің жалпы санынан 98,5% құрайды. Орта бизнеске бар-жоғы 225 кәсіпорын жатады немесе барлық қолдау сұрап келушілердің 1,5%-ы.

Сонымен бірге сервистік қолдауға қатысушылар саны бойынша шағын кәсіпорындар тарапынан да, орта кәсіпорындар тарапынан да ішінара төмендеу байқалады. Сонымен, шағын кәсіпорындар саны 2015 жылғы 4 тоқсандағы қазан-қараша айларында 2015 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 17240-тан 14936-ға дейін төмендеді (15,4%), ал орта кәсіпорындар 432-ден 225-ке дейін (92,0%).

2015 жыл қорытындысы бойынша шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың ең көп көлемі Алматы  қаласында – 4601 немесе 13,4%, ОҚО – 4525 немесе 13,2% және Алматы облысында – 4318 немесе 12,6%.  

Ең аз үлесті алатын өңірлер: Маңғыстау облысы – 879 немесе 2,6%, БҚО – 1059 немесе 3,1% және Атырау облысы – 1165 немесе 3,4%.

Қызметі орта бизнеске жататын кәсіпкерлердің ең көп саны ОҚО-да – 208 субъект немесе 26,1%, Алматы қаласында – 107 субъект немесе 13,4% және ШҚО-да – 77 немесе 9,7%.

БҚО, Алматы облысы және Қостанай облысында орта бизнестегі тұлғалар өтініші ең төмен көрсеткіште: сәйкесінше 11, 12 және 13.

2015 жылғы қазан-қараша айлары қорытындысы бойынша өңірлік қимада шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың ең көп саны Алматы облысында - 2363 кәсіпорын, Алматы қаласында - 2138 кәсіпорын және ОҚО-да - 2111 кәсіпорын.

Қызметі орта бизнеске жататын кәсіпорындардың ең көп саны Алматы қаласында - 55 адам, ОҚО-да - 46 адам, ШҚО-да -  20 субъект.

Шағын және орта бизнес дамуындағы өңірлік теңгерімсіздік халықтың орналасу тығыздығымен, кәсіпкерлік белсенділік деңгейімен және қандай да бір өңірдегі қызметке деген сұраныстың деңгейімен шартталған.           

Есептік кезеңдер аясында ерлер мен әйелдер қатынасын салыстыра отырғанда (1 жарты жылдық, 3 тоқсан және 4 тоқсан), 3 тоқсанда ең көп жүгінген ерлер саны 9255 – 2015 жылы жүгінген ерлердің қорытынды санынан 49,4%. Сонымен қатар сервистік қызмет алған әйелдердің ең көп мөлшері шілде, тамыз және қыркүйек айларына келеді - 8417 немесе 2015 жылы қызмет алған әйелдердің жалпы санынан 51,2 %. Сонымен бірге қатысушылардың айтарлықтай көп бөлігі 2015 жылғы қазан-қараша айларында жүгінген – 15161 ШОБ субъектісі, онда ерлердің жалпы саны 8028 қатысушыны құрады немесе 52,9%, әйелдер 7133 қатысушы – 47,1%.

2015 жыл қорытындысы бойынша сервистік қызметтерді тұтынушылар ретіндегі ерлердің саны әйелдерден 2302 қатысушыға артық немесе 14,0%. Сонымен, егер 1 жарты жылдықта ерлер әйелдерден 41,6% артық болса, 3 тоқсанда 9,9%. Сонымен бірге 4 тоқсанның қазан-қараша айларында, 3 тоқсанмен салыстырғанда, сервистік қызмет алуда әйелдер белсенділігінің азаюы байқалады, онда ерлер әйелдерден 895 қатысушыға артық немесе 12,5 %.

Маусым және қыркүйек айлары арасындағы кезеңде ерлер тарапынан да, әйелдер жағынан да сервистік қолдау қатысушыларының саны жөнінен айтарлықтай динамика байқалады: 841-ден 9255 қатысушыға дейін немесе 11 есе және сәйкесінше 594-тен 8417-ге дейін немесе 14,2 есе. Алайда 2015 жылғы қазан-қараша айларында, 3 тоқсанмен салыстырғанда, ерлер тарапынан да, әйелдер тарапынан да болар-болмас кему байқалады: сәйкесінше 9255-тен 8028-ге дейін (15,3%) және 8417-ден 7133-ке дейін (18%).

ОҚО, Жамбыл, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары сияқты өңірлерде сервистік қызметтерді тұтынушылар ретінде ерлердің әйелдерден басым түсуі байқалады.

Алматы және Астана қалаларында, керісінше, әйелдердің ерлерден сәйкесінше 1,7 есе және 1,02 есе артық болуы байқалады. Бұл жағдай халықтың (әсіресе әйелдердің) жеке бизнесті инновациялық өнімдер ойлап тауып, нарыққа шығаруға талпынуының арқасында емес, отбасын асырау қажеттігі салдарынан ашуға тура келетін мәжбүрлі кәсіпкерліктің жоғары деңгейде болуы салдарынан туындауы әбден мүмкін. 2015 жылғы қазан-қараша айлары қорытындысы бойынша өңірлік қимада Алматы қаласында әйелдердің айқын басымдығы байқалады. Онда әйел кәсіпкерлер ерлерден 581-ге асып кеткен.

Сервистік қызметтерді тұтынушылардың жас ерекшелік құрамы барлық жас ерекшелік санаттарымен ұсынылған – 17-ден бастап 57 жастан жоғары.

Жас ерекшелік құрамға салыстырмалы талдау жүргізе отырып, 2015 жылы 30-49 жас аралығындағы қатысушылардың негізгі санат болып табылатынын атау керек – 17596 немесе қатысушылардың жалпы санынан 50,0%. Өткен жылдың қазан-қараша айларында 30-49 жас аралығындағы 7482 кәсіпкер сервистік қызмет алған, бұл есеп бойынша жалпы саннан 49,4% құрайды (15161).

Оның үстіне, 2015 жылғы есептік кезеңдер 2 жарты жылдық пен 3 тоқсанды салыстырар болсақ, онда аталмыш санат өзгеріссіз қалады және қалған жас ерекшелік санаттар алдында басым түседі (50,9%, 50,6%).

2015 жыл қорытындысы бойынша маңыздылығы жөнінен екінші 50-57 жас аралығындағы жас санаты болып табылады – 7168 адам немесе 20,4%. 2015 жылғы қазан-қараша айларында 50-57 жас аралығындағы 3 130 кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілген, бұл ШОК субъектілерінің жалпы санынан 20,6% құрайды.

Сонымен бірге, 2015 жылғы есептік кезеңдерді салыстырар болсақ: 1 жарты жылдық және 3 тоқсан, онда аталмыш жас ерекшелік санаты бұрынғыша екінші орында қала береді. Бұл санат жастар мен 57-ден асқан тұлғалардан басым түседі (21,2%, 20,2%).

57 және одан ересек жастағылар сервистік қызмет алуға ең аз көлемде жүгінген – 4839 адам немесе 13,8%. 2015 жылғы қазан-қараша айларында да тура осыған ұқсас көрініс байқалады – 2370 немесе 15,6%. Барлық есептік жыл бойында азаматтардың аталмыш санаты сервистік қызметтерді ең төмен пайдаланушылар болып табылады.

Сонымен қатар 4 тоқсан аясында 17-29 жас аралығындағы санатпен салыстырғанда 57-ден асқан тұлғаларда сервистік қолдауға қызығушылықтың артуы байқалады және 191 ШОБ субъектісіне алда тұр.

Тұрғындардың біршама жас бөлігінің арасында сервистік қолдауға қатысушылардың саны басқа санаттармен салыстырғанда 2015 жыл қимасында талданып отырған 4 топ арасында 3 орында қала береді және 5571 клиент немесе 15,8% құрайды. Өткен жылдағы қазан-қараша айларында 17-29 жас аралығындағы 2 179 кәсіпкер сервистік қызмет алған, бұл аталмыш кезеңдегі жалпы саннан 14,4% құрайды. Бұл КҚО-ға консультациялық қолдау алуға әрекет етуші кәсіпорындардың жиі жүгінетіндігімен түсіндіріледі. 42 айдан аса қызмет жасаған фирма аяққа тұрған болып саналады және аяққа тұрған кәсіпкерлер тобына түсу мүмкіндігі 17-29 жас санатында жоққа тән.

2015 жылғы қазан-қараша айларында да дәл осындай жағдай байқалады.

«Бизнестің жол картасы-2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасына сәйкес, әрекет етуші кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау 8 қызмет түрі бойынша ұсынылады.

2015 жылы сервистік қолдау мамыр айының екінші ортасынан басталды. 2015 жылғы 25 қарашаға дейінгі ахуалы бойынша КҚО, КҚКО және КҚМО-да 35174 ШОБ субъектісіне 56640 қызмет көрсетілген, бұл алдыңғы есептік кезеңнен 2 есеге артық (тоқсан).

2015 жыл қорытындысы бойынша ШОК субъектілерінің жүгінуіне жасалған талдау консультациялардың көп мөлшерінің заңгерлік мәселелер бойынша көрсетілгенін көрсетеді – 16748 немесе 29,6%, бухгалтерлік және салық қызметтері бойынша – 14611 немесе 25,8% және маркетинг мәселелері бойынша – 10687 немесе 18,9%.

Консультация менеджмент мәселелері бойынша ең аз көлемде берілген – 1648 немесе 2,9% және менеджмент жүйелерін енгізу бойынша күллі процесті толық сүйемелдеу бойынша – 2245 немесе 4,0%.

Өткен есептік кезеңмен салыстырғанда, қызмет түрлері бойынша консультациялар құрылысы 2015 жылдың 4 тоқсанында бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, кедендік процедуралар бойынша қызметтер, менеджмент жүйесін енгізу бойынша процесті толық сүйемелдеу және консультация беру, маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, мемлекеттік сатып алулармен байланысты қызметтер және менеджмент мәселелері бойынша қызметтер сияқты бағыттар бойынша болар-болмас өзгерген. Сонымен, өтініштер құрылымында бухгалтерлік және салық есебін жүргізу бойынша консультациялар, менеджмент жүйелерін енгізу жөніндегі процесті толық сүйемелдеу және консультация беру және мемлекеттік қызметтермен байланысты қызметтер үлесі айтарлықтай төмендеген.

Керісінше, кедендік процедуралар, заңгерлік қызметтер көрсету, маркетинг мәселелері бойынша қызметтер және менджмент мәселелері бойынша қызметтер бойынша жүгінулер үлесі айтарлықтай көбейген.

Өңірлер қимасындағы қызметтер түрлері бойынша жүгінулер санын егжей-тегжейлі қарайтын болсақ, онда бухгалтерлік және салық есебі саласындағы қызметтер бойынша көрсетілген қызметтердің ең көп мөлшері ОҚО-да – 2415, Алматы облысында – 1526 және Ақтөбе облысында – 1479.

ӨКП 2015 жылғы мамыр айынан бастап республика өңірлерінде байқау іріктеуін өткізіп, сервистік қызметтер жеке күшпен көрсетілетін ОҚО, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облыстары ӨКП қоспағанда басқалары қызмет көрсететін сервистік компанияларды анықтады. Байқаулық іріктеу нәтижесі бойынша облыстар мен республикалық маңызға ие қалалар Өңірлік палаталары еліміздің 12 өңірінде қызмет көрсетуге 28 сервистік компанияны айқындады.

Зерттелген кезең бойында өңірлік қимада КҚО аясында 2015 жыл қорытындысы бойынша Алматы қаласы – 7078 жүгіну немесе 25,1%, ОҚО – 3930 немесе 13,9% және ШҚО – 3233 немесе 11,5% сияқты өңірлер басым түскен.

2015 жыл қорытындысы бойынша КҚО-ға жүгінудің ең аз саны Алматы облысында – 523 немесе 1,9%, Ақмола облысында – 622 немесе 2,2% және Қостанай облысында – 707 немесе 2,5% тіркелген.

2015 жылы МҚКО еліміздің барлық өңірлерінде бірдей ұсынылмаған – кему тәртібінде Атырау облысында – 276 немесе 43,3%, Қызылорда облысында – 111 немесе 17,4%, БҚО – 91 немесе 14,3%, СҚО – 89 немесе 13,9% және Павлодар облысында – 71 немесе 11,1%.

ШОК субъектілерінің 2015 жыл қорытындысы бойынша КҚО-да көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша жүгінулеріне жүргізілген талдау 28227 қызмет арасынан бухгалтерлік және салық есебі бойынша – 5439 немесе 19,3%, маркетинг мәселелері бойынша – 6910 немесе 24,5% және заңгерлік мәселелер бойынша – 4267 немесе 15,1% консультацияның ең көп мөлшерде берілгенін көрсетті.

Өңірлік қимада салық салу және бухгалтерлік есеп бойынша қызметтер Алматы қаласында - 1265 жүгіну, ШҚО - 916 және БҚО-да – 468 көп сұралады.

ШОК субъектілерінің КҚО-да көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша жүгінуіне жасалған талдау 27770 қызмет арасынан консультациялардың ең көп мөлшері заңгерлік қызметтер бойынша - 11694 немесе 42,1%, бухгалтерлік және салық есебі бойынша - 9053 немесе 32,6% және маркетинг мәселелері бойынша - 3490 немесе 12,6% берілгенін көрсетеді.

ШОК субъектілерінің МҚКО қимасында көрсетілген ұызмет түрлері бойынша жүгінулеріне жасалған талдау маркетинг мәселелері бойынша – 190 немесе 29,8%, заңгерлік қызметтер – 131 немесе 20,5%, және бухгалтерлік және салық есебін жүргізу бойынша – 120 немесе 18,8% қызметтердің көп сұралатынын көрсетіп отыр.

Ақпараттық технологиялар саласындағы – 21 немесе 3,3% және менеджмент мәселелері бойынша – 24 немесе 3,8% қызметтер аз дәрежеде сұралады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер