astana-view

Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасамаңыздар!

2016 жылғы 05 Ақпан
6902 просмотров

Солтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасының филиалы прокуратура органдарымен өзара байланысты нығайтуда

Кәсіпкерлердің «Булаев орман шаруашылығы» ММ-нің іс-әрекетіне қатысты шағымдарын М.Жұмабаев ауданының прокуратурасы мен ӨКП филиалы бірлесіп жүргізген тексеру нәтижелері бизнес-қауымдастық пен күштік құрылымдардың табысты сұхбатының кезекті дәлеліне айналды.  Бизнес субъектілері шағымдарының және мемлекеттік мекеме әрекетінің мәнісіне бойлау нәтижесінде мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланушыларға жер телімдерін беру мәселелері бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізуді күрделендіретін кедергілер анықталды.   

Мысалы, орман шаруашылығы Сафонов Н.П. ШҚ, «Чистовское» ЖШС және «ЖНВ» ЖШС кәсіпкерлеріне орман билеттерін берген және мемлекеттік орман қорынан телімдер беру және қысқа мерзімдік жер пайдалану туралы келісім-шарттар жасасқан (ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру).

Алайда, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 34-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік орман қоры телімдеріндегі орман ресурстары бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік пайдалануға тек орман билеті негізінде ғана беріледі. Аталған жағдайда орман билетін «Булаев орман шаруашылығы» ММ береді. 

Өз кезегінде, көрсетілген орман билетінен басқа, «Булаев орман шаруашылығы» ММ өз өкілеттіктерін негізсіз түрде асыра отырып, қысқа мерзімді жер пайдалану туралы келісім-шарт жасасуды талап еткен, ал бұл заңнамада қарастырылмаған.

Тексеру нәтижелері бойынша, аталмыш кедергі алып тасталды, ал көрсетілген келісім-шарттар күшін жойды. Сөйтіп, ауылдың үш кәсіпкерінің мүдделері қорғалды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалдың іс-әрекетін қолдады және осындай фактілердің пайда болуының алдын алу және кәсіпкерлік қызметті күрделендіруге жол бермеу үшін басқа филиалдарға осы прецедент жайлы ақпараттық хат жолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер