astana-view

Айыппұлдан құтқарды

2016 жылғы 05 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
6189 просмотров

Тайынша аудандық жергілікті мемлекеттік кіріс органы бизнес субъектісіне заңға сәйкес емес хабарлама жіберген

Жеке кәсіпкер Максим Гетц қалаішілік жолаушы тасымалымен айналысады. Кәсібін ұлғайту үшін жақын күндері «Вираж» ЖШС-ның Көкшетаулық бөлімшесінен 2015 жылы шыққан «ПАЗ» автобусын сатып алады. 24 наурыз күні мемлекеттік салық органдарынан Еуразиялық экономикалық одақтың мүше елдері арасындағы сауда айналымы бойынша тауарға декларация өткізу мен сол бойынша төленетін салықтың «320.00» және «328.00» формалары бойынша салық төлеу туралы хабарлама алғанда қатты таңырқайды.

Кәсіпкер ұсынған құжаттарды зерттеп, бөлімше сарапшылары мемлекеттік салық органдары кәсіпкерге хабарламаны заңсыз түрде жібергенін анықтады. Жағдайға жіті мән бермегендіктен осындай жайт орын алған.

«2016 жылдың ақпан айында кәсібін ұлғайту үшін жолаушы тасымалдауға Максим Гетц 2015 жылы шыққан «ПАЗ» автобусын сатып алады. Бірақ ол оны Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен алмаған. Қазақстаннан сатып алған. Нақты айтсақ, «Вираж» ЖШС-ның Көкшетау бөлімшесінен алған. Оны дәлелдейтін кәсіпкердің құжаттары қолында бар. «Гетц М.И.» ЖК жағдайын зерттей келе салық органдарының хабарламасына түсініктеме беруді талап ететін өтініш жазуға көмектестік», – деп түсіндірді СҚО КП жергілікті бөлімшесінің директоры Асылан Нұрсейітов.

Кәсіп иесінің дер кезінде дабыл қағып, көмек сұрауының арқасында Палата бөлімшесі оны заңсыз салынған салықтан, әкімшілік айыппұл төлеуден құтқарды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер