astana-view

Алма бағы жайқалуда

2016 жылғы 11 Мамыр
- Жетісу облысы
6908 просмотров

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы талғарлық бизнес иесіне алма өсіруге арналған 5 гектар жерді алуға көмектесті

Амангелді Асқаров – «Дәулет» шаруа қожалығының басшысы. Ол бар ғұмырын жермен айналысып, көкөніс пен жеміс өсіруге сарп еткен. Алайда былтыр ол проблемаға тап болды. Кәсіпкер ауылшаруашылық өндірісімен айналысу үшін жер телімін жалға беру жөніндегі байқауға қатысады. Бұған дейін, тендерге қатысу үшін ол барлық қажетті инстанцияларға барып, барлық құжаттар пакетін жинаған болатын. Мамандар да оған оң қорытындылар берген. Алайда байқауды өзге қатысушы жеңіп алады.  Осылайша, кәсіпкер Кәсіпкерлер палатасына барып жүгінеді. Талғар аудандық филиал сарапшылары байқау кезіндегі бірқатар құқықбұзушылықтарды анықтады. Палата көмегінің арқасында Амангелді Асқаров алма өсіруге арналған 5 га жерге ие болды. Қазір оның шаруа қожалығы өркендеп, алма ағаштары алғашқы жемісін де беріп жатыр. Талғар аудандық филиалының атқарған нәтижелі жұмысы үшін кәсіпкер алғыс хат жолдап отыр.

«Аталған проблеманы шешу мақсатында филиал директоры менімен бірге байқауда ұсынылған жерді барып көрді. Одан кейін ол құжаттармен танысып шықты. Палата менің ісімді шешуге бел шеше кірісті. Кәсібиліктің арқасында біз әділеттілікке қол жеткіздік. Осыған байланысты Талғар ауданының филиалы директоры Ләззат Күмісбаеваға көрсеткен көмегі үшін айрықша алғысымды білдіремін», – деді кәсіпкер.

Ләззат Күмісбаеваның айтуынша, аудандық палата кәсіпкерлердің проблемаларын шешуде, өзекті мәселелер бойынша кеңестер беруде барлық қажетті шараларды қолға алуда.

Сонымен бірге, ӨКП филиалы бүгінде кәсіпкерге тағы бір проблемалық мәселені, жекелей алғанда өнімді сататын орын бөлу мәселесін шешуге жәрдемдесуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер