astana-view

Монополистпен мәміле нәтижесі – үнемделген қаржы

2017 жылғы 23 Қаңтар
- Ақмола облысы
5137 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлік өкілдерінің табиғи монополиялар субъектілерімен өзара жұмыс жасау мәселесі оң шешім тапты

Өткен жылдың сәуір айында, Қазақстанның Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетовтың қатысуымен өткен, өңірлік палата мен «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің бірлескен отырысының нәтижесі бойынша, белгілі шипажай электр энергиясын жеткізу бойынша отыз миллион теңге үнемдеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Щучинский шипажайы» АҚ директоры Асқар Жүнісов, «Көкшетау энерго» ЖШС филиалының «Щучинск қаласы электр желісі» электрмен қамтамасыз ету мекемесі әрекетіне қатысты мәселені шешу туралы өтініш білдірген еді. Директордың айтуынша, ол кезде, энергетикалық компания шипажайға, электрмен қамтамасыз ету жөніндегі келісімшартқа қайта отыру қажеттігі туралы хабарлама жіберген.

Бұл ретте, энергиямен қамтамасыз етуші компания шипажайды қайта қосамын деп уәде бергенімен, электр энергиясы бұдан былай жеткізілмейді деп ескерткен көрінеді.  Компанияның шипажайға қойған жаңа талаптары тиімсіз әрі орынсыз болған.

Осылайша, Болат Палымбетовтың тапсырмасымен Палата бақылауына алынған мәселе, жан-жақты талқыланды. 

Нәтижесінде, барлық жағдайды ескере келе, қос тарап келісімге келіп, даулы мәселені бейбіт жолмен шешу жөнінде ұйғарымға келді. Осылайша, «Щучинский шипажайы» АҚ энергияны жеткізуге кететін қаражатты отыз бес миллионнан бес миллион теңгеге дейін азайтуға қол жеткізді.

«Өнімнің өзіндік құнын азайту мәселесі дәлірек айтсақ, электр энергиясы бағасын төмендету, электрмен жабдықтау жүйесіне қайта жөндеу, шикізатқа кететін шығындар көлемін азайту және тағы басқа жалпы электр жабдықтау жүйесіне өзгеріс енгізу арқылы  шешілді. Аталған жағдайда, біз бизнес-омбудсменнің тікелей араласуы арқасында орын алған, нақты қаржылық нәтижені көріп отырмыз. Нәтижесінде, қос тарап та мәселені бейбіт жолмен шешіп, ортақ мәмілеге келді», – деді ӨКП директорының орынбасары, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл аппараты өңірлік секторының меңгерушісі Валентина Геращенко. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер