astana-view

Кәсіпкердің заңды мүддесі қорғалды

2017 жылғы 14 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
6033 просмотров

Шенеуніктер кәсіпкердің келісімінсіз оның қызметінің талаптарын өзгерткілері келген

Кәсіпкерлер палатасының Айыртау аудандық бөлімшесі мен аудандық прокуратура қызметкерлері бірлесіп, жергілікті шенеуніктер қойған кедергіні жойды.

Төлебек Байғожин Саумалкөл ауылында жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Ол ақпан айында «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан хабарлама алған. Құжатта жолаушылар тасымалына рұқсатты қайта рәсімдеу үшін бөлімге келу қажеттілігі туралы жазылған. Билік өкілдері кәсіпкерге оның келісімінсіз №9 автобус қозағылысының жаңадан өзгертілген кестесіне қол қоюға кеңес берген. Мұнымен қоса, 2015 жылы бекітілген әрі қолданыстағы кесте бойынша бөлімге ауыл тұрғындарының да, бақылаушы органдардың да атынан ешқандай шағымдар мен арыздар түспеген. Кәсіпкер маршруттың бағыты бойынша жаңа кесте тұрғындар мен кәсіпкерлерге ыңғайсыз болғандықтан, құжаттарға қол қоюдан бас тартқан. Нәтижесінде кәсіпкерге жолаушылар тасымалымен айналысуға тиісті рұқсатты бермеген.

«Бұл мәселені шешуде маған көмек бермейтіндігін білгендіктен, Кәсіпкерлер палатасының Айыртау аудандық бөлімшесіне жүгіндім. Мен бұған дейінде түрлі мәселелермен жүгінген болатынмын. Бұл жолы да қателескен жоқпын, себебі олар шұғыл түрде шаралар қолданды. Нәтижесіне көңілім толды», – деді Төребек Байғожин.

Аталған шағым бойынша прокуратура қызметкерлері мәселені тексеріп, заң бұзылғанын анықтады. «Бұл мәселенің шешілуіне атсалысқан Айыртау ауданы прокуратурасының қызметкерлерін ерекше атап өткім келеді. ҚР «Пркуратура туралы» Заңының 25-бабына сәйкес құқық қорғау органдары жасаған жұмыстың нәижесінде заң бұзушылықты жою туралы шешім шығарылып, бизнестің құқығы мен мүддесі қорғалды», – деп түсіндірді СҚО Кәсіпкерлер палатасының Айыртау аудандық бөлімшесінің директоры Данияр Қалымов.

Наурыз айының басында Төребек Байғожин жолаушы тасымалдау үшін қажетті барлық рұқсат құжаттарын алып, жұмысына қайта кірісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер