astana-view

Төрт жылда төрт тарапқа танымал институт

2017 жылғы 04 Шілде
7872 просмотров

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заң – отандық экономиканы дамытуға оң әсер еткен құжат

Бүгінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қоғамның әр саласын қамтитын, бірқатар маңызды заңнамалар мен кодекстерге ықпал жасап, кәсәпкерлікке қарай икемдей алатын, шағын және орта бизнесті дамытуда тікелей әсер етіп, кәсіпкердің мүддесі мен құқығын қорғайтын бірегей институт ретінде қалыптасты.

Бүгін «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға төрт жыл толып отыр. 2013 жылдың 4 шілдесінде Елбасы кәсіпкерлер үшін өте маңызды құжат қабылдады. Президент «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға сәйкес, бірқатар заң актілерін ретке келтіруге тиісті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша заңдық актілерге де қол қойды. Осылайша 2013 жылдың 9 қыркүйегінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылып, жүйелі жұмысын бастап кетті.

Нысанға алынған шетелдік тәжірибе

Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру идеясы отандық бизнесті жаңа сатыға көтеру, жаңғырту мақсатында қолға алынған. Елбасы тікелей бастамасымен бұл жоба іске асты. Палатаның жалпы нобайы әлемнің жетекші мемлекеттері негізінде құрылды. Атап айтсақ, Түркия палаталары мен биржалар одағы (ТОВВ) назарға алынған-ды. Біріншіден, Түркия бауырлас, түркітілдес мемлекет. Бұл мемлекетке дініміз бен тіліміз, мәдениетіміз ұқсайды әрі тарихымыз бір. Сондықтан бұл елдің экономикалық құрылымы қазақстандық сарапшылар мен экономистерді қызықтырды.

Түркия палаталары мен биржалар одағы Түркия Республикасы Заңы негізінде 1950 жылдың 8 наурзында құрылған болатын. Бұл одақ Түркия елінің мемлекеттік емес ұйымы боып танылады. Бүгінде одақтың ел экономикасына деген ықпалы зор. Түркия әлем нарығында сапалы тоқыма, мақта мен былғарыдан тігілген киім-кешек шығарушы ел ретінде танымал. Әр кәсіпкердің одаққа мүше болуы міндетті. Түркия шағын және орта кәсіпкерлікке еркше мән беріп, қолдау білдіреді, Одақ құрамына 365 өңірлік сауда, өндірістік, сауда-өндірісті, теңіз палаталары мен сауда биржалар кіреді.

Германияның сауда-өндірістік палаталары бірлестігі (DIHK/ДИХК) 80 сауда-өндірістік палатасын біріктіретін бас ұйым болып табылады. Заңға бұл бірлестікке ауыл шаруашылық, қолөнершілер, сонымен қатар еркін мамандық иелерінен басқа кез келген германиялық кәсіпорын мүше. Демек, бірлестік құрамында 3,5 млн кәсіпорын бар.

АҚШ Сауда палатасы 1912 жылы ұсақ сауда палаталары мен жетекші компанияларды біріктіру мақсатымен құрылған. Бастапқыда палатаға 700 фирма мен ұйым кірген. Бүгінде палата құрамында 3 млн компания, 3 мың сауда палата, 830 қауымдастық пен 111 АҚШ-тың шетелдегі сауда палатасы бар.

Қарап тұрсақ, бұл бірлестіктің миссиясы мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын нығайту, кәсіпкерлер нақты қолдау көрсету болып табылады. Осы жетекші елдердің Палаталары негізінде қазақстандық бірегей кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын бірегей институт құрылды. Шетелдің тәжірибенің озық үлгілері мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, заңнамамалар мен конституциялық ұстанымына сай 2013 жылы шілдеде «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң қабылданды. Осы маңызды құжат арқылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізі қаланды. Небәрі төрт жылда Ұлттық палата қанатын кеңге жайып, отандық бизнестің сенімді серіктесіне айналды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған. Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған.

ҰКП негізгі қызметтері:

  • кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • өңірлерде кәсіпкерлік қызметке жасалынған жағдайлардың, кәсіпкерлік белсенділіктің қоғамдық мониторингін жүргізу;
  • кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу;
  • отандық өндіріске қолдау көрсету және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұн үлесін арттыру;
  • мамандар дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестациялау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту;
  • кәсіпкерлік субъектілерді сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
  • инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру.

«Атамекен» ҚҰ Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 2013 жылдың қазан айынан бастап кәсіпкерлерден 18 623 өтінім түскен, оның ішінде 2017 жылғы 1-тоқсандағы өтінім саны – 1 387. Өтінімдердің басым бөлігі салық (13%), жер (13%), сатып алулар (10%), кәсіпкерлер арасындағы дау (7%) бағыттарына қатысты.

Жыл сайын бизнесті қорғай бойынша өтінімдер саны артуда. Бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасына деген бизнес сенімінің артқанын көрсетеді.

2014 жылы ҰКП-ға 4 573 өтінім түскен, оның ішінде 1875 өтінім оң шешімін тапқан.

2015 жылы – 5314, оң шешілгені – 2292;

2016 жылы – 7225, оң шешілгені –3 033;

2017 жылдың 1-тоқсанында «Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлерден 1387 өтінім түсіп, 440 өтінім оң шешілген.

Жалпы кәсіпкерлер пайдасына шешілген өтінім үлесі 41% құрайды. Қорғалған мүліктік құқықтың жалпы сомасы (айыппұлдар мен өсімпұл алынып тасталды, контрагенттердің келісімшарттық міндеттері орындалды, мүліктер қайтарылды, хабарламалар алынып тасталды) – 81,6 млрд теңгені құрады.

Әлия Кемелбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер