astana-view

88,1 млрд теңге – аз ба, көп пе?

2017 жылғы 11 Қараша
7072 просмотров

20 125 дауыс жинаған «жан айқайы» туралы

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. Ұлттық палата шағын, орта және ірі бизнес мүддесіне жұмыс істейді. «Атамекен» міндеттерінің бірі – бизнес құқығы мен мүддесін қорғау. «Атамекен» заңгерлері атқарған жұмыс қорытындысы бойынша 88,1 млрд  теңге сомасын құрайтын кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары қорғалған. Ең елеулі істерді атап өтелік.

Болмаған жағдай: бизнесменнен тауарын ғана емес, бүкіл құнын да тартып алған.  

2014 жылы «КазПолиметалл» ГМК» ЖШС түркиялық компаниядан қымбат 4 бірлік құрылыс техникасын сатып алады. Өкінішке қарай, қазақсқстандық компания бір техника аталымы үшін қарызын уақытнда бере алмайды – қарыз құны 460 мың АҚШ долларын құрады. Сатушы компания «КазПолиметалл» ЖШС-ын сотқа береді де, барлық техниканы қайтаруды талап етіп, 820 мың АҚШ доллары көлемінде ақша сұрайды. Техниканы қайтару жеткізу келісімшартында анық жазылған: егер сатып аушы төлемді кешіктірсе, сатушы аталған келесімшартты бұзып, техниканы қайтарып алуға  құқылы. Осы ретте сатып алушының алдынғы төлемдері қайтарылмайды.

Сот сатушының бірінші талаптарын ішінара орындады: қалған қарыз 460 АҚШ доллары, бұған қоса өсімпұл мен мемлекеттік салық та талап етілді. Бір қызығы апелляциялық комиссия бұдан басқа сатып алушыға төртінші техниканы да қайтаруды талап етті. Осылайша әділетсіз жағдай орын алып, қазақстандық компаниядан бүкіл тауарды ғана алып қоймай, оның құнын да қайтарып алды.

 ҚР Жоғары соты бұл істі қараудан бас тартты. Ары қарай «КазПолитметалл» бизнес-омбудсменге өтінім жасайды. Өз кезегінде бизнес-омбудсмен істің мән-жайын ҚР Бас Прокуратурасына жеткізеді. 2016 жылдың 3 тамызында Бас Прокуратура Жоғары сотқа  460 мың АҚШ долларын қайтару бойынша сот актілерін болдырмау жайында қарсылық жасайды. 31 тамыз күні бұл қарсылық қанағаттандырылып, аталған сома қазақстандық кәсіпкердің меншігінде қалады.

Бала  саны аз болған соң балабақшаның қаржыландыруын азайтқан

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қаламқас әже» балабақшасы» ЖШС ОҚО Қарақай ауылдық округі әкімдігіне мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау бойынша қызмет көрсеткен. Атқарылған қызмет актілеріне сүйенсек, балабақша бір балаға 14 850 теңге деген есеппен (балабақшада 100 бала) әр ай бойынша 1 485 000 теңге көлемінде қызмет атқарған. Алайда Қарақай ауылдық округі әкімі Т.Ташева өз хаттарында балалар қатысуына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша шілде, тамыз, қыркүйек айларында балабақшада балалар саны  мемлекеттік тапсырысқа сай келмеген (бала саын 100-ден кем болған) деп хабарлайды. Осылайша әкімдік балабақшаға төлеуге қажетті соманы қысқартқан. Арызданушының өтінімінде балалар ауырғандарына байланысты, кейбірі ата-аналарының жаздық демалыс алуларына байланысты балабақшада болмаған.

Осы ретте мектепке дейінгі білім беру мекемесінде баланың орны екі ай көлемінде мынадай жағдайларда сақталады: баланың науқастануы; баланың медициналық, шипажай-сауықтыру және басқа да мекемелерде ем алуы; ата-ананың біреуі заңды еңбек демалысына шығуы; баланың жазда емделуі. Осындай жағдайларға сәйкес балалар балабақшада болмаса да мемлекеттік тапсырыс бойынша төленетін сома көлемі қысқартылмауы керек.   

Немесе балалар Типтік ереженің 13 тармағында қарастырылған жағдайлар кезінде мектепке дейінгі мекемеден шығарылады.

 Ары қарай  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ОҚО білім беру басқармасына сұрату жібереді, білім басқармасы «Қаламқас әже» балабақшасы» ЖШС-на атқарылған жұмыс актілері бойынша қаражат қайтарылды деген жауап алынады.

 Ресейліктерді де қорғаймыз

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің аппараты «ТехКомплект» ЖШҚ мен «ҚазТЭК плюс» ЖШС-не қатысты сот орындаушыларының заңсыз іс-әректтеріне тосқауыл қойды.

Өтініштің мәні мынадай. «ҚазТЭК плюс» ЖШС Қостанай облысындағы сот орындаушылары Б.Б Баниязов пен А.Е.Байжановтың «ТехКоплект» ЖШҚ-ға тиесілі мүлікке тыйым салу жөніндегі әрекеттеріне қатысты шағым түсірді. Алайда атқарушылық іс «ҚазТЭК плюс» ЖШС-не қатысты жүргізілді.

Қостанай облысының бизнес-омбудсмен аппараты секторына екі компанияның да заңды құқығын қорғау үшін шара қолдану міндеттелген болатын.

«ҚазТЭК плюс» ЖШС-не тиісінше консультативтік-құқықтық көмек көрсетілді, «ТехКомплект ЖШҚ» пен «ҚазТЭК плюс» ЖШС-нің құқығын Қостанай облысының бизнес-омбудсмен аппараты секторының сарапшысы Марат Әбішев сотта да қорғады.

Соттың 2017 жылдың 20 сәуіріндегі анықтауына сәйкес, сот жеке сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізу құжаттарын талап етіп, тараптарға дауды бейбіт түрде, келісім арқылы шешуге мүмкіндік берді.

2017 жылдың 12 мамырында Қостанай облысындағы бизнес-омбудсмен аппараты аталмыш сот орындаушыларына «ТехКомплект» ЖШҚ-ның меншік құқығындағы жабдыққа тыйым салу актілерінің күшін жою туралы хат жолдады.

Қостанай облысы Меңдіқара аудандық сотының 2017 жылдың 15 мамырында келіп түскен өтінішке қатысты анықтамасында, «ҚазТЭК плюс» ЖШС-нен түскен өтінішке сәйкес жеке сот орындаушысының әрекеттерін заңсыз деп табу жөніндегі жүргізілген азаматтық іс тоқтатылып, оның шығарған қаулысының күші жойылды. Өйткені 2017 жылдың 12 мамырында «ТехКомплект» ЖШҚ-ның мүлігіне салынған тыйым алынып тасталды делінген. 

Осылайша, Қазақстан мен Ресейдің кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдерінің ынтымақтастығы арқасында ресейлік  кәсіпкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

 

Полицейлер кафе жұмысына кедергі жасаған

«Жаным» кафесі иесі жеке кәсіпкер Айгүл Исламбекова өз құқығын қорғату мақсатында «Атамекенге» өтінім жасады. Оның айтуынша Аягөз полицейлері ұзақ мерзім бойы кафе жұмысына кедергі келтірген: көзді жасауратып, тыныс алуды қиындататын аэрозоль сепкен, кафеге кіруге тосқауыл қойған, кафе тәулік бойы жұмыс істейтінін ескерсек, түн уақытында жұмыс істетпеген.  

Аягөз ауданы ІІБ-нен «Атамекен» сұратуларына жауап келмеген соң Аягөз ауданы прокуратурасы өкілдері хабарлауынша Аягөз АІІБ полиция майоры Бимуханов тәртіптік өндіріс қозғалып, тиісті шара қолднау үшін тексеру материалдары АІІБ-ға жөнелтілген.

 «Мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының барына әрі оның кәсіпкер құқықтарын сәтті қорғап жүруіне алғыс айтамын. Сіздер Қазақстан кәсіпкерлері өміріне әділдік орнатып, біздің мәселелерімізді шешуде шенеуніктердің әділетті жұмыс істеуіне қол жеткізесіздер. Мен кәсіпкер ретінде өзімді қорғауда екенімді сезіндім, өйткені енді айналамдағылар менің заңды құқықтарым мен мүддеме құрметпен қарайтын болды», – деді кәсіпкер.

Қалай алды, солай қайтарып берді

Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің бірлескен жұмысының арқасында кәсіпкердің 10 млн. теңгені құрайтын мүліктік құқығы қорғалды. «Электр желілерін монтаждау 110-500» ЖШС Тюмень облысының құқық қорғау органдарының әрекеттеріне шағымданып, бизнес-омбудсменге жүгінді.

2017 жылдың ақпан айында Тюмень аумағында кәсіпкерлік субъектісінің сомасы 10 млн. теңгеге жуық мүлкі ұрланған. Кәсіпкердің өкілі Тюмень облысының ішкі істер органдарына арызданды. Алайда, өтініш бойынша пәрменді шаралар қолданыла қоймады.

Қазақстан бизнес-омбудсмені «Электр желілерін монтаждау 110-500» ЖШС-н қолдап, Тюмень облысының бизнес-омбудсмені Лариса Невидайлоға хат жолдады, ол өз кезегінде бұл мәселені прокуратура органдарында жедел түрде қарастырды.

Кейіннен кәсіпкер Тюмень облысының ішкі істер органдары өзін әуре-сарсаңға салғандықтарын дәлелдеді, осыған байланысты Тюмень облысының прокуратурасы Ресейдің «Тюменский» ІІМ-нің басшысына федералдық заң бұзушылықты жою туралы талап қойды. Ол қаралып, қанағаттандырылды, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлік субъектінің өкілі ұрланған жүк тұтасымен қайтарылғанын растады.

Осылайша, екі елдің бизнес-омбусмендерінің бірлескен әрекеттерінің арқасында «Электр желілерін монтаждау 110-500» ЖШС-нің шамамен 10 млн. теңгені құрайтын мүліктік құқығы қорғалды.

 Айыппұлды қалай алып тастауға болады?

Ақтөбедегі «ТОTAL E&P Nurmunai» компаниясы ҚР Энергетика министрлігі талап етуімен сот үдерісіне тартылған болатын. Компанияға орындалмас қаржылай міндеттеме және 2012 жылғы жергілікті қамту жұмыстары жер қойнауын пайдалану шарттары бойынша міндеттелемер тағылды. Екі шарт бойынша айыппұл көлемі 160 млн теігені құрады. Алайда, бизнес-омбудсмен аппараты сарапшысының жұмысы арқылы компания құқықтық көмек көрсетіліп, ҚР Жоғары Сотында төмен тұрған соттар шешіміне қарсылқ білдірілді, ары қарай іс Ақтөбе облыстық сотында қаралды.

Сот шешімімен «ТОTAL E&P Nurmunai» компаниясына тағылған айыппұл көлемі 160 млн теңгеден 74 млн теңгеге төмендетілді.

Қатты жазалаған

Қазақстандық кәсіпорын С.А.М. АLA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі С.А.М. АLA» ЖШС мен оның жеткізушісі – BudriIntarsio италялық компания арасында – өңдеу мәрмәрларын, мәрмәр тақталарын тұрақтандыруға арналған материалды, сүлгі кептіргіштерді, сантехникалық қоспалар мен керамикалық тақталарды, жарықтандыратын жабдықтарды жеткізу бойынша келісімшарт жасалған. Жүкті СП «Дженти-Спедишн» фирмасы тасымалдаған. 2016 жылдың 7 сәуірінде беларуь Республикасы мемлекеттік кеден комитетінің Гродно Өңірлік Кедені тауардың жөнелтпе құжатында тауар тасымалдаушының қате өтінішіне байланысты тауар тыйым салған. 2016 жылдың 8 шілдесінде Гродно қаласы Октябрь аудандық сотының қаулысымен көлік жұргізушісі А.А.Минтюк Беларусь Республикасының Әкімшілік кодексінің 145-бабымен әкімшілік құқық бұзды деп танылған. Әкімшілік жаза 20 базалық үстеме көлемінде (70 мың теңгеден астам) әкімшілік айыппұл түрінде салынған.

«Дженти-Спедишн» фирмасы да Кодекстің 14.5-бабы бойынша құқық бұзды деп танылып, 70 базалық үстеме (шамамен 260 мың теңге) салынды және «С.А.М. АLA» ЖШС-ға 150 базалық үстеме – 550 мың теңгеден астам айыппұл мен тауарды тәркілеуге шешім қабылдады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берілген құжаттарды зерттеп, Беларусь Республикасындағы ҚР Елшілігіне және ҚР Бас прокуратурасына хат жолдады. Хатта орын алған жағдайды айта келе, әділетсіз шешім шығарылған, қатаң жаза қолданғаны туралы хабардар ете отырып, кәсіпкерлердің мүддесін қолдауды сұраған. Серіктестіктің жүгінің арасында Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулі немесе тыйым салынған тауар болмаған. Сот «С.А.М. АLA» ЖШС қолдау хатында кінәнің жоқтығы туралы көрсетілген құжат ресімдеу жеткізушіге тапсырылған, сондай-ақ тауарды тәркілеу туралы қосымша жаза негізсіз салынғаны жайлы дәлелдерді назарға алмаған. Себебі жүк СП «Дженти-Спедишн» фирмасына емес,  серіктестікке тиісілі. Сондай-ақ, «Дженти-Спедишн» гродно қаласының облыстық қосының қаулысына шағымданып, Гродно қаласы Окбярь аудандық сотына қайта қарауға жіберілген. «С.А.М.АLA» ЖШС тәркіленген атуарын қайтаруға жәрдемдескен «Атамекен» палатасына алғысын білдірді. Осылайша «С.А.М.АLA» ЖШС шамамен 40 млн теңге сомасындағы мүліктік құқығы қорғалған. Десамидзе А.О. мен «Б&А Кеден-Сервис» ЖШС Гродно облысы Ошмян ауданы сотының қаулысымен 2016 жылдың 12 ақпанында А.О.Десамидзе Кодекстің 14.5 бабының үшінші тармағына сәйкес әкімішілік жауапкершілікке тартылып, 5 базалық үстеме көлемінде (шашамен 17 мың теңге) айыппұл салынған. Сондай-ақ «DAF» маркалы тартқыш пен «Schmitz» маркалы жартылай прицеп көлігін тәркілеген. «Б&А Кеден-Сервис» серіктестігіне де аталған бап бойынша әкімшілік жаза қолданылып, 20 базалық үстеме көлемінде (70 мың теңгеден аса) айыппұл салынған, көліктері тәркіленген. 2016 жылы 31 наурызда Гродно облыстық соты Ошмян аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Кәсіпкерлер палатасы бұл үкімді де тым қатаң деп есептейді. БР Жоғары Соты Пленумы қаулысының 10 тармағына сәйкес тәркілеу түріндегі әкімшілік жаза Кодекстің Ерекше бөлігіндегі баптарда тікелей көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады. Егер Кодекстің ерекше бөлігінде тәркілеу түріндегі қосымша әкімшілік жаза қолдану немесе қолданылмауды қарастырса, сот әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты негізделген дәлел келтіруі керек. Келтірілген сот актілерінде негіздеме жоқ. Сот тек А.О.Десамидзе кәмелеттік жасқа толмаған балалардың еңбегін пайдаланғанын көрсетіп, аз көлемде айыппұл салған. Сондай ақ сот А.О.Десамидзенің бұрын әкімшілік жазаға тартылмағанын, жасалған істің соңы зиян келтірмегенін ескерген. Алайда әкімшілік жауапкершілікке «Б&А Кеден-Сервис» да тартылған. Ұлттық палатаның өтінішімен ҚР Бас прокуратурасы берген хатқа 2017 жылдың 17 ақпанында БР Бас Прокуратурасының № 3000-7-2017 жауап хатында жасалған іс Кодекстің 14.5 бабының 3-тармағына бойынша  заңға қайшы деп келтірілген. 2017 жылдың 14 ақпанында БР Бас прокурорының орынбасары Беларусия Жоғары Соты төрағасының атына 2016 жылы 12 ақпандағы Ошмян ауданы сотының қаулысы мен 2016 жылдың 31 наурызында Гродно облыстық судьясының шешімін жою туралы хат жоладаған. Өкінішке қарай, Беларусияның Бас прокуроры мен Ұлттық палатаның өтінішін Жоғары Сот қанағаттандырмады. Екі жағдайда Беларусь Республикасы Бас прокуратурасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өтінішіне деген ұстанымын ерекше атап өту керек.
 

 Белорусь кедені қазақстандық кәсіпкерге қойған талаптардан бас тартты 

Жеке кәсіпкер И. Машанлоға Белорусь Республикасының Ошмян кеденінде айыппұл жазды. Ошмян кедені қызметкерлерінің айтуынша жеткізуші Машанло ЕАЭО территориясына тауарды кіргізу кезінде тауар құны жайында төмен баға көрсеткен.

 Кәсіпкерге тағылған мүліктік талаптар бойынша айыппұл құны номиналданбаған  800 млн белорус рублін құрады, бұл теңге курсына шаққанда 13 млн теңгеге тең.  

Алайда кәсіпкер ЕАЭО территориясына тауар кіргізген жоқ, тек трритория арқылы транзитті орындаған, өйткені тауарды жеткізу нүктесі Қырғызстан болған, ал әкімшілік құқық бұзушылық жайында хаттамалар жүргізілген уақытта Қырғызстан Республикасы Кедендік одақтың мүшесі болмаған.  

 Өз құқығын қорғаған кәсіпкер екі сот қаралымында жеңіліп, кассациялық шағыммен Белорусь Республикасының Жоғары Сотына және «Атамекенге» өтінім береді.

Нәтижесінде Ошмян кедені өзінің 13 млн теңге айыппұл туралы алғашқы талабын қайтарып алады, осылайша 2017 жылдың 18 мамыры күні Белорусь Республикасының Жоғарғы Соты И.Машанлоға қатысты істі тоқтату туралы үкім шығарады.  

 Заңды дұрыс «қолданбағаны» үшін 270 млн теңге айппұл тақты

 Кәсіпкерді кеден төлемі, салық пен баж, сондай-ақ өсімақыны қосқанда 270 млн теңге төлеуге міндеттеген.

 2015 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті «Фархад» ЖШС кедендік тексеру жүргізіп, ҚР кедендік заңнамасының нормаларын бұзды деген шешім шығарған. Тексеру барысында кәсіпкер кедендік декларацияны кедендік алдын ала декларациялау процедурасы бойынша өткізетіндігі, ал тауар өткізу импорт тауарлардың лицензиясының мерзімі өткеннен кейін жеткізілетін тарифтік квота шегінде жүзеге асырылғандығы анықталған. Кеден заңнамасын бұзғаны үшін кәсіпкерді кеден төлемі, салық пен баж, сондай-ақ өсімақыны қосқанда 270 млн теңгеден астам сома төлеуге міндеттеген. Кәсіпкер мемлекеттік органның бұл шешіміне шағым жазған. Алайда құжатта дәл күні көрсетілмегендіктен, шағым қараусыз қалдырылған. Бірінші инстанцияның соты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ісін дұрыс екенін мойындап, салық департаментінің әрекетін заңсыз деп тануға шешім шығарған. Ал департамент аппелаяциялық шағым түсіргенімен, шешім өзгеріссіз қалдырылған. Кейіннен ҚР Жоғарғы сотында іс кассациялық тексеруден өткен. 2016 жылдың қыркүйек айында осы іс бойынша шығарылған сот актілері жойылып, сот мемлекеттік кірістер департаментінің пайдасына шешім шығарылған. Хабарламаның орындалу уақыты өтіп кеткендіктен «Фархад» ЖШС-ның барлық шоты мен мүлкіне тыйым салынып, тыйым мен шектеу қойылып, инкассалық өкім шығарылып, компания шотында бар қолма қол ақшаның барлығын алынған. «Фархад» ЖШС Жоғары соттың Кассациялық Коллегиясының қаулысын қайта қарауға қол жеткізуге шешім қабылдап, барлық хат, шағымдарды Астанаға жолдаған. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында осы іске қатысты барлық құжатты алып, кәсіпкердің дәлелдері негізделген деп таныды. «Фархад» ЖШС кірістерінің заңды екенін дәлелдеу үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірқатар мемлекеттік органдарға хат жолдады және ҚР Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотына қолдаухат жазды. 2017 жылдың сәуір айында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми құқық нормаларын түсіндіруде біркелкілік бұзылғанын негізге ала отырып, сот коллегиясының шешімін қайта қарау туралы ұсыныс берді. 2017 жылы 23 мамырда ҚР Жоғарғы Соттының азаматтың іс жөніндегі сот коллегиясы кассациялық инстанцияның қаулысын жойып, бірінші және екінші инстанцияның сот шешімін заңдық күшінде қалдыруға шешім шығарды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Фархад» ЖШС ісін қараған, жоғары заңдылықты қамтамасыз етіп, кәсіпкер құқығының бұзылғанын қайта қалпына келтіруге үлес қосқан ҚР Жоғары Сотының Төрағасы Қайрат Мәми мен өзге де судьяларға алғыс білдіреді. ҚР Кәсіпкерлері бақылау мен қадағалау жүргізетін орган тарапынан кәсіпкерлік қызметке зиян тигізуге бағытталған заңнаманы субъективті түсіндіруге жиі ұшырайды. «Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлердің кез келген қиын ісінде қолдап, мүміндігі келгенше көмектесуге дайын.
  

Қазақстан: күркетауық тағдыры қалай шешіледі?

Республикамыздан тыс елдерде кеңінен танымал күркетауықты өсіріп, сойып, етін терең өңдеумен айналысатын Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ордабасы Құс» ЖШС  қиын жағдайға тап болды деп хабарлайды abctv.kz.

«Ордабасы Құс» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Тағаевтың айтуынша, кәсіпорын жүгері өңдейтін 20 мың тонналық астық қоймасы бар кептіру кешенін іске асыру мақсатында инвестициялық жобаны қолға алған. Бұл жобаны қаржыландыру туралы келісім бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ құрал-жабдықты сатып алып, компанияға лизингке беруі тиіс еді. «Алайда, «ҚазАгроҚаржы» жабдықтың бір бөлігі - жалпақ түпті сүрлемді компанияға беру кезінде кедендік рәсімдеуді кешіктіріп, уақытша сақтау қоймасында сақтау уақытын бір күнге кешіктірген. Нәтижесінде, кәсіпорын басшысының айтуынша, Шымкент әкімшілік соты 2016 жылдың 11 қазанында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-н әкімшілік жауапқа тартып, 100 АЕК көлемінде 106 050 теңгені құрайтын айыппұл салып, құны 60 млн. теңгеден асатын тауарды тәркілеп, мемлекет меншігіне өткізді», - деді Тағаев.

ЖШС-нің басшысы құқықтық көмек сұрап, ОҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшыларына жүгінген еді. Олар өз кезегінде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қаулыға қатысты шағым түсіруге көмектесіп, істі апелляциялық сатыда қарауға қатысып, прокуратура органдарына хат жазды.

Алайда, апелляциялық сот алқасына шағымданғанмен, еш нәтиже болмады, тауарды тәркілеу өз күшін жоймады. ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бас көлік прокуратурасына жүгінгенімен еш өзгеріс болмады. Бас прокуратура шағымды қанағаттандырмады.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 541-бабына сәйкес тауарды тәркілеу міндетті жаза түріне жатпайды, өйткені осы баптың санкциясында жауапкершілікке тәркілеуді пайдаланбай да тартуға болады делінген, – деп, түсіндірді Өңірлік кәсіпкерлер палатасында. – «ҚазАгроҚаржы» АҚ квазимемлекеттік кәсіпорын болып табылады, сондықтан да жабдық сатып алуды Ұлттық қордың қаражатын пайдалану арқылы іске асырған. Мемлекеттік мүлікті мемлекет меншігіне өткізу үшін тәркілеу экономикалық тұрғыдан орынсыз деп санаймыз. Іс жүзінде мемлекет бюджет қаржысына алынған тауарды тәркілеуде. Бұл ретте тәркіленген тауар металл сынықтарының бағасына да өтпей қалуы мүмкін, өйткені ол жабдық жиынтығының бір ғана бөлігі болып табылады».

Мұрат Тағаев өз кезегінде: «Жаңа құрал-жабдыққа тапсырыс беру үшін өте көп уақыт пен қаражат кетеді. Тәркілеудің кесірінен біздің кәсіпорын инвестициялық жобаны іске асыру уақытынан кеш қалып отыр. Бұл Қазақстан бойынша күркетауық етін өндірумен айналысатын кәсіпорынның одан әрі жұмыс істеуіне кедергі келтіріп тұр. Тұтас алғанда, қазақстандық құс шаруашылығының жаңа бағытының дамуына да кедергі келтіруде» - деді.

«Ордабасы Құсқа» көмек қолы созылды

Кәсіпорын 2010 жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпірде үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында пайдалануға берілген еді.

2012 жылы фабрика жобалық қуатқа шықты: жылдың қорытындысы бойынша шамамен 5 мың тонна күркетауық етін экспорттады. 2014 жылдың қаңтар айында өндірістің екінші кезеңі іске қосылды. Нәтижесінде құс кешені өндірісінің жылдық қуаты 10 мың тоннаға дейін өсті. 2018 жылға дейін 20 мың тонна құс етін өндіріп, үшінші кезеңді іске қосу жоспарланған еді. Жоба екінші бесжылдықтың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасына енгізілген. Бұған дайындық жұмыстары былтыр басталып та кеткен болатын.  Алайда қазіргі жағдай жоспарды жүзеге асыруға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Осы мәселені шешу үшін бизнесмен ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Шымкентке жұмыс сапарымен барған кезінде жүгінген еді. Бизнес-омбудсмен көмектесуге уәде берді және ҚР бас прокурорына осы іс бойынша сот актілеріне кассациялық наразылық білдіру туралы хат жазуды ұсынды.

Мұрат Тағаевтың айтуынша, нәтижесінде мұндай хат құрастырылып, Болат Палымбетов пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың қолы қойылып, Асан Жақыптың атына жөнелтілді. «Қазір ол қаралу үсінде. Біз мәселенің шешімін күтіп отырмыз. Оң нәтиже болады деген үміттеміз», - деді кәсіпорын басшысы.

Анықтама үшін: «Ордабасы Құс» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы ауданында орналасқан. Кешеннің негізгі қызметі асыл тұқымды күркетауық өсіру мен өндірістік негізде күркетауық етін өндіріп, оны терең өңдеумен айналысу. Сондай-ақ тұтынушыларға шұжық пен ысталған өнімдер жеткізу. Бүгінгі таңда компания күркетауық етінен 75 түрлі өнім өндіріп жатыр. «Ордабасы Құс» ЖШС-нің өнімдері «Дәмді ет» («Вкусное мясо») сауда маркасымен сатылуда.

Күркетауық өнімдері ішкі және сыртқы нарықта сатылуда. Кәсіпорын Қазақстандағы құс етін экспорттаушы ірі компанияның бірі болды: 40% астамы Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасына шығарылады. Ет өндірісін 20 мың тоннаға жеткізу арқылы компания экспорт аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр. Осылайша Орта Азия елдеріне, Еуроодақ, Қытай және Ауғанстанға өнім жеткізу де жоспарланып отыр.

 Мұндай мысалдары көптеп келтіруе болады, «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшылары кәсіпкердің қыруар мәселесін шешті.

 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Ұлттық палата жүйесіне кәсіпкер құқығын қорғау бойынша 20 125 өтінім келіп түскен. Мұндай көрскеткіш «Атамекен» Қлттық кәсіпкерлер палатасына деген сенімді көрсетсе, бір шетінен қазақстандық бизнестің мәселелерінің көптігін де айғақтайды. Өтінімдердің 40%-на дейін оң шешіледі.

 Кәсіпкерлердің қорғалған мүліктік құқықтарының құны 88,1 млрд теңгені құрап отыр, 2017 жылдың бірінші жартысында 36,4 млрд теңге ұорғалды. Бұл айыппұлдар, өсімпұлдарды алып тастау, мемлекеттік органдардың қаражатты қайтаруы, сонымен қатар бизнеске сақталған мүлік құнын қайтару.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер