astana-view

«Zhibek Zholy. Kazakhstan» фото және бейнебайқауы аяқталды

2017 жылғы 28 Қараша
4250 просмотров

28 қараша «Атамекен» алаңында байқау жүлдегерлері марапатталды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Елорданың туризм қауымдастығы, Еуразиялық туризм қауымдастығы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетімен бірлесіп, 2017 жылдың 18 қыркүйектен 28 қазан аралығында «Zhibek Zholy. Kazakhstan» атты фото және бейнебайқау өткізді.

Ұйымдастырылған байқаудың басты мақсаты Қазақстанның Ұлы Жібек жолындағы туристік әлеуеті, яғни еліміздің тарихи және мәдени мұрасын, халықтың тұрмыс-тіршілігін, әсем табиғаты мен ерекше туристік нысандарын таныту болып табылды. Іс-шара 2017 жылдың қараша айында Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында өтетін «Қазақстанның Ұлы Жібек жолымен саяхат» халықаралық фестиваліне орайластырылған.

«Фото және бейнебайқаудың нәтижелерін шығардық. Бүгін жеңімпаздарға жүлделерін тапсырып, марапаттаймыз. Байқау «Атамекен» ҚР ҰКП бірлесе екінші рет ұйымдастырылуда. Осыған дейін суреттер табиғат пен тарихи ескерткіштер тақырыбында болса, биылғы жылғы суреттер адамның табиғи көңіл-күйі мен сезімдерін көрсететін туындылармен көрермендер мен қазылар алқасының қызығушылығын арттырды», – деді Юлия Якупбаева марапаттау салтанатын ашқан сөзінде.

Қазылар алқасы құрамына ұйымдастырушылардан бір өкіл, демеушілер қатарынан өкіл  мен кәсіби фотосуретші кірді. Әр номинация бойынша әдемі де ерекше, қайталанбас әрі қызықты жұмыстар сараптап алынды.

Байқауға кәсіби фотосуретшілермен қатар әуесқой фотосуретшілер қатысты. Қазақстанның түпкір-түпкірінен 180-нен астам фотосурет жіберіліп, қазылар алқасының шешімімен 3 жұмыс «Zhibek Zholy. Kazakhstan» фото және бейнебайқауының жеңімпазы атанды. Жіберілген суреттердің барлығы дерлік «Көрермендер көзайымы жүлдесі» номинациясы бойынша 2017 жылдың 28 қазанынан 8 қараша аралығында Facebook әлеуметтік желісіндегі ашық дауыс беруі арқылы анықталды.

Айта кететін, жүлдегерлердің жұмыстарымен «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтында байқау нәтижелерін жариялаған ақпаратында танысуға болады. http://atameken.kz/kk/news/28037

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер