astana-view

Маңызды аукцион

2018 жылғы 02 Тамыз
- Қостанай облысы
3368 просмотров

Қостанай облысында 300-ге жуық жер учаскенің иелері ертеңгі күнге сенімсіз қарайды – кез келген уақытта олардың жерлерін тартып алуы мүмкін. Қазіргі таңда жергілікті сотқа бизнес субъектілерімен шарттарды бұзу бойынша 14 талап арыз түскен. Себеп – аукцион бойынша болған олқылықтар.

Бұл мәселенің 1 тамыз күні өткен инвесторлардың форумында  Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Самат Сәдуақасов көтерді.

«Инвесторлар – бұл шетеледік компаниялар ғана емес. Бұл қорғауға мұқтаж отандық кәсіпорындар да. Қазір жер учаскілеріне қатысты түйткіл өсіп келеді. Әкімдіктер кәсіпкерлерге жер телімдерін берді, кәсіпкерлер жерді игеру үшін қаражат салды. Ал енді келіп әкімдіктегілер шарттар бұзылады деп айтып жатыр, өйткені жер телімдері аукционсыз таратылған», – деді Самат Сәдуақасов.

 Мұнда парадокс туындайды – орын алған жағдайда кәсіпкерлердің кінәсі жоқ, алайда шығындардың олар көтереді. Ал мәселе даулы, ол заңнамалық қарама-қайшылықтан болған. Мәселен, заңнаманың бір бабы әкімдіктерге жер учаскесін өздігінен таңдау құқығын берсе, келесі бап мұндай құқықты жоққа шығарады.

Осыған дейін Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені көтеріп әкімдікке де, Қостанай облысы прокуратурасына да бірнеше рет өтінім жасаған.

 «Біз талдау өткізіп, 26 жер учаскесі толық игерілгенін анықтадық. Бұл пайдалану актісі бар жерлер. Тағы 142 учаске игеру алдында тұр – жобалық-сметалық құжаттамаға шарттар, мердігерлік жұмыстар жасалған. Игерілмегені – 35 қана жер учаскесі. Демек, игеріліп қойған жерді кәсіпкерлерге қалдыруды ұсынамыз. Әйтпесе, олар өздері жұмсаған қаражатты сот арқылы бюджеттен өндіріп алуға құқықтары бар», – деді Самат Сәдуақасов.   

Қостанайлық кәсіпкерлер жер учаскілеріне инфрақұрылым, құрылыс жүргізу мақсатында үлкен қаражат – мыңдап, тіпті миллиардап ақша салды. Осындай даулы мәселеге құны 4,5 млрд теңге ұн тартатын кешен салған «Бест Костанай» ЖШС иесі тап болған. Бірақ кәсіпкердің жағдайы тым мүшкіл емес, егер іс сотқа жетсе, онда кәсіпкерде мүмкіндік бар –  бабының Орта Азиядағы ірі кешенге түрік инвесторлары қаражат құйған. Жер кодексі 48-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекет меншігіндегі және жер пайдалану құқығына берілмеген жер учаскелерін беру немесе жер учаскелерін жалға беру құқығы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қарастырылған жағдайларды қоспағанда, аукциондарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

  Басқа кәсіпкерлерде мұндай уәж жоқ. Мәселен, Алтынсарин ауданында үлкен мал шаруашылығын қолға «Агролидер и К» ЖШС толық қуатта жұмыс істемей тұр. Өйткені, оның басшылығы жер учаскесінен айырылып қалудан қорқады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер