Өзін-өзі реттеу құрылыс саласына не береді?
Осы сұраққа atameken.kz-ке сұхбат берген «Сарапшылық ұйымдар палатасы» аккредиттелген сарапшылық ұйымдарының кәсіби бірлестігінің басқарма төрағасы Бірлік Ережепов жауап беруге тырысты
–Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласының ағымдағы жағдайы туралы айтып кетсеңіз?
–ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 47-қадамына сәйкес мемлекеттік монополиядан біртіңдеп бас тарту және жобаларға сараптаманы бәсекелтесік ортаға беру қарастырылған.
Қазіргі таңда құрылыс жобаларына ведомстодан тыс кешенді сараптама жүргізу саласы ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік реттеуге жатады.
Сарапшыларды аттестаттау, сарапшылық ұйымдарды аккредиттеу, сараптаманы жүргізуді ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық актілерді бекіту, заңнаманың талаптарын орындауға бақылау жүргізу, сонымен қатар жауапқа тартуды тиісті мемлекеттік органдар тарапынан мемлекет жүзеге асырады.
Алайда, құқық қолдану практикасы көрсеткендей, шетелдік елдерде көп жылдар бойы практика жұмыс істейді, онда кәсіби қоғамдастық құрылыс саласының кейбір бағыттарында реттеу мәселесін өз жауапкершілігіне алады. Қазақстанда жекелеген мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру жоспарланған.
Осы ретте «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіптік немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүшелікке кіруі көзделген жағдайда, реттеуші органдар Қазақстан Республикасының осы Заңына сәйкес келтіруге бағытталған қажетті шараларды қамтамасыз етуге міндетті.
Осыған байланысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі өкілетті органдар және мүдделі тараптар бірігіп, құрылыс жобаларына сараптама жүргізу саласында міндетті мүшелікпен өзін-өзі реттеу бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Реттеуші құралдардың реттеушілік әсерін талдау нәтижесі бойынша талдау формасы әзірленді, Талдау формасына қатысты қоғамдық тыңдау өткізіліп, реттеушілік әсерді талдауды жүргізу процедурасын ұстану туралы қорытындыны алу үшін кәсіпкерлік жөніндегі өкілетті органға жіберілді.
–Сіздің пікірінізше, осы салаға өзін-өзі реттеуді енгізу қандай артықшылық береді?
–Кәсіби сараптамалық ұйым деңгейінде біз жобаларға сараптама жүргізу саласында міндетті мүшелікпен өзін-өзі реттеуді енгізу қажет деген ортақ түсіністікке қол жеткіздік, онсыз сараптамалық қызметті жетілдіру мүмкін емес. Аталған нарықтың субъектілері ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес «Сараптамалық ұйымдар палатасы» аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың кәсіби бірлестігі түрінде бірыңғай кәсіби қоғамдастықты құрды және сараптамалық қызметті реттеу бойынша мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өз жауапкершілігіне алуға дайын.
Қазіргі таңда Палата өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде де-факто құрылды. «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес Палатаның барлық органдары құрылып, жұмыс істеуде, стандарттар және мүшелерге арналған әдістемелер құрылды. Тұрақты негізде сарапшылардың біліктілігін арттыру бойынша семинарлар өтеді, сараптамалық қорытындылардың ішкі мониторингі мен сараптамлық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған талдау жүргізіледі. Кәсіби сараптамалық ұйымда ақпараттық жеке жүйе әзірленді, ол www.espd бірыңғай порталымен біріктірілді, оны өнеркәсіптік пайдалануға қатысты іске қосу бойынша жұмыс жүруде. Сараптамалық қызметтің заңнамалық және нормативтік базасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде, Палата мүшелерінің барлық ұсыныстары өкілетті мемлекеттік орган және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданады. Кәсіби қызметте өзін-өзі реттеудің халықаралық тәжірибесі зерттелуде, Палата мүшелері Испания, Чехия, Германия және басқа да еуропалық елдердің құрылыс саласындағы кәсіби ұйымдардың жұмыс тәжірибесімен танысып үлгерді.
Жүргізілген реттеушілік әсерді талдауға сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі өкілетті орган сарапшыларды аттестаттау сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу, аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың тізілімін жүргізу, олардың қызметін бақылау, құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін бекіту сынды мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беруді жоспарлап отыр.
Өз кезегінде кәсіби қоғамдастық өзіне жүктелетін міндеттемелердің барлығын жүзеге асырудың саясаты мен стратегиясын әзірлеуде.
Сараптамалық қызметті өзін-өзі реттеуге беруде келесі міндеттер көзделген:
- құрылыс жобаларына сараптама жүргізу сапасын арттыру;
- сараптамалық ұйымдар және сарапшылардың жауапкершілігін күшейту;
- кәсіби қоғамдастық және сарапшылар мәртебесін арттыру;
- сараптамалық жұмыстар нарығынан кәсіби емес және бәсекеге қабілетсіз қатысушыларды алыстату;
- жобаларға сараптама жүргізу әдістемесін жетілдіру;
- жобаларға сараптама жүргізуде жекелеген процедураларды қысқарту;
- Қазақстанның "Doing business" рейтингінде позицияларын жақсарту.
–Өзін-өзі реттеуге көшуде Кәсіби сараптамалық ұйым алдында қандай проблемалар бар?
– Сараптамалық қызметке өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Өзін-өзі реттеу өзін дербес ұйым ретінде танытқан бірыңғай кәсіби ұйым базасында құрылады деп жоспарланған. Өзін-өзі реттеу жөніндегі заңнаманың талапатарын орындауға болады, бірақ өзін-өзі реттелетін ұйым мүшелерінің мүліктік жауапркешлігіні анықтау бойынша бір ғана мәселе шешілмей келеді.
«Өзін-өзі реттеу туралы» Заңның 28-тармағына сәйкес мүліктің жауапкершіліктің келесі түрлері қарастырылған:
- өтемдік қорынан төлемдер жасау;
- Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
- өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерін (қатысушыларды) мүліктік жауапркершілікке тарту;
- басқа.
Осы ретте Қазақстанда құрылыс саласында өзін-өзі реттеудің тәжірибесі қалыптаспаған, мүліктік жауапкершіліктің механимздері заңнама тұрғысында реттелмеген, өтемдік қор құру және мүліктік жауапкершіліктің басқа да формалары бойынша нақты талаптар анықталмаған, өтемдік қорға жарналарды есептеу әдістемесі, сонымен қатар сақтандыру сомалары және сыйақылар мөлшері бекітілмеген.
Осыған байланысты Палата шет елдердің және мүліктің жауапкершіліктің әдістері қолданылатын Қазақстандағы ұқсас салалардың практикасын зерттеуде. ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, Қазақстан сақтандырушылары қауымдастығы, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Актуарийлер қоғамымен келіссөздер жүргізілуде, осы сұрақтар бойынша ҚР Ұлттық Банкімен хат алмасу жүзеге асырылып жатыр.
Қазіргі таңда аккредиттелген сараптамалық ұйымның бірі сақтандыру компаниясымен Кәсіби жауапкершілікті ерікті сақтандыру келісімін жасады. Қазіргі таңда басқа сараптамалық ұйымдар – «Сараптамалық ұйымдар палатасы» аккредиттелген кәсіби сараптамалық ұйымдардың бірлестігінің мүшелері Қазақстанның барлық өңірінде ерікті сақтандыру келісімдерін жасау бойынша жұмысты жүргізуде. Сараптамалық ұйымдардың кәсіби жауапкершілігін ерікті сақтандыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қосымша өзгерістер енгізу арқылы міндетті сақтандыру механизмін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Аталған жұмыс ел аумағында құрылыс саласы бойынша алғаш рет жүргізіліп жатыр. Сараптамалық қызметке өзін-өзі реттеуді енгізу пилоттық жоба ретінде іске қосылуда, осы тәжірибе негізінде құрылыс саласының басқа да бағыттарына өзін-өзі реттеу енгізілуі мүмкін.
–Сұхбатыңызға рахмет.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: