astana-view

«ALTYN OIMAQ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ФОРУМ-КӨРМЕСІ

29 Тамыз 2019 - 30 Тамыз 2019

«ALTYN OIMAQ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ФОРУМ-КӨРМЕСІ 

 

Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы, «Көрме» көрме орталығы,                                                                                                        Форумға қатысу үшін өтінім қалдыру                      

2019 жылғы 29-30 тамыз                                                                                                                                                                  Көрмеге қатысу үшін өтінім қалдыру

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «ALTYN OIMAQ» Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсібінің форумы мен көрмесінің өткізілетін күні 2019 жылдың 29-30 тамызына ауыстырылғанын хабарлайды. 

Бұған дейін Форум-көрмені өткізу 2019 жылдың 7-8 маусымына жоспарланған болатын, алайда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты Форум-көрмені өткізу күнін ауыстыру туралы шешім қабылданды.

 

2019 жылғы 29-30 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің халықаралық күніне арналған «ALTYN OIMAQ» Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсібінің форум және көрмесі салалық іс-шара өтеді.

Аталмыш іс-шараны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Азия даму банкінің қолдауымен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырады. Іс-шараның серіктесі – Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту бүгінгі таңда басым бағыттардың бірі болып табылады. 2018 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев жеңіл өнеркәсіп саласында импортты алмастыру бойынша белсенді жұмыс істеу қажеттігін тағы да атап өтті.

Спикерлер мен тренерлер ретінде әлемдік деңгейдегі сарапшылар шақырылады: танымал брэнд пен ірі сауда желілерінің, онлайн-платформалардың өкілдері, киім дизайнерлері және нарық кәсіпқойлары.

Форум және көрменің іскерлік және экспозициялық бағдарламасы келесі іс-шараларды қамтиды:

1) Киім, аяқ киім және тоқыма санаттары бойынша «Барлығы отбасы мен үй үшін» жәрмеңке-көрмесі және отандық өндірушілердің киім үлгілерінің дефиле-көрсетілімі.

2 400 ш. м. экспозициялық алаңда 100-ге жуық отандық тауар өндіруші компаниялар орналасатын болады, олар екі күн бойы өздерінің ең жоғары сапалы өнімдерін өндіруші бағасы бойынша кең ассортиментте сататын болады.

2) форум және көрменің іскерлік бағдарламасы келесі іс-шараларды қамтиды:

Пленарлық отырыс (іс-шараның ресми бөлігі) және панельдік пікірталастар келесі тақырыптар бойынша:

  • «Компанияда білім беру үдерісін стандарттау-онлайн форматқа қалай өту керек?»
  • «Жеңіл өнеркәсіп ритейлге --------: қазақстандық өндіруші – желіде!»;
  • «Жеңіл және тоқыма өнеркәсіп тауарларын жоғарылату бөлігіндегі жаңа бастамалар»;
  •  «Мультибрендті дүкендер форматында қазақстандық өндірушілердің өзара қарым-қатынас мүмкіндіктері»;
  • «Жеңіл өнеркәсіпке арналған жаңа технологиялар мен жабдықтар»;
  • «Жеңіл өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдары және қаржылық емес қолдау шаралары»;
  • «Даму институттары мен ЕДБ-ның жеңіл өнеркәсіптегі кәсіпкерлерді қаржыландыруы бойынша жобалардың таныстырылымы».

 

Кәсіпкерлер, сала компанияларының басшылары мен қызметкерлеріне арналған семинарлар мен тренингтер циклі келесі тақырыптар бойынша:

  • «Киім өндірушілерге арналған жүйелік маркетинг»;
  • «Қалай өз брендін танымалдылығын арттыруға және нарыққа шығаруға болады? Стратегиялық менеджмент»;
  • «Интернет-дүкен арқылы сауданы ұйымдастыру»;
  • «Тоқыма және жеңіл өнеркәсіпке арналған жабдықтар мен технологиялар бойынша практикалық секция»;
  • «Табиғи және химиялық талшықтардан иірімжіп, маталар мен мата емес материалдарды өндіруге арналған жабдық, маталарды өңдеу: қайталама шикізатты қайта өңдеу»;
  • «Тігін ісі және материалтану».

3) Әлеуетті инвесторлармен және қаржы институттарымен В2В кездесулер.

4) Қолөнер бойынша көрме және демонстрациялық стендтер, олардың шеңберінде қолөнер бойынша шеберлік сыныптары өткізілетін болады.

Барлық іс-шаралар қазақстандық және шетелдік жетекші жеңіл өнеркәсіп компанияларының, ұлттық компаниялардың, сауда желілерінің, саясаткерлердің, қоғам қайраткерлері мен журналистердің (500-ден астам іскерлік бағдарламаға қатысушылар және 5 000-нан астам жәрмеңке-көрмеге келушілер) қатысуымен экспозициялық алаңдарда бір мезгілде өтетін болады.

Сондай-ақ форум-көрме аясында «ALTYN OIMAQ-2019» киім дизайнерлері ұлттық байқауының (Ұлттық киім брендін әзірлеу бойынша дизайнерлер байқауы) қорытындысы шығарылатын болады.

Форумның іскерлік бағдарламасына қатысуға тіркелу үшін онлайн-өтінімді толтыру қажет.

Көрмеге қатысу үшін жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары онлайн-өтінімді толтыру қажет.

Форум-көрменің ұйымдастыру комитеті:

тел.: +7 717 2 919 388, 919 300 (ішкі: 2200), (ішкі: 1837)

Еншілес ұйымдар

Серіктестер