astana-view

АСТАНАДА ЕКІНШІ РЕТ ОРТА АЗИЯДАҒЫ BLOCKCHAIN БАСТЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ –  BLOCKCHAIN CONFERENCE ASTANA ӨТЕДІ.

14 Маусым 2018

14 маусым 2018 жыл

2017 жылы криптоактивтердің сомалық каптализациясы рекорд жаңартты: Биткоин 20 000 $ бағасында, Блокчейн және DLT технологиялар базасында жаңа токендер мен инновациялық жобаларды құру, сондай-ақ ICO – бүкіл әлемді қамтыған краудфандинг бірегей бастамасы

XXI ғасыр криптовалюта дәуірі деп бекер саналмаған. Көптеген сарапшы болашақ қаржы жүйесі криптовалюта мен Блокчейн технологиясында деп есептейді және қазіргі уақыттағы міндет – болашақ үшін құрып, оны басқаруды үйрену.

2017 жылы әлемдік нарық реттеуді қолға алып, оған жедел жауап бергенге дейін индустрия қарқынды дамып отырғанын көрсетті. Кей елдер ғана алғаш болып экономиканың жаңа формасына қарсы шықпай, ынтымақтаса жұмыс істеу үшін сапалы құқықтық алаң құра білді.

Цифрлық валюталарды реттеу мәселесін қарқынды талқылау және блокчейн технологиясын енгізу Қазақстанда да қолға алынды. Сарапшылардың пікірінше, блокчейн саласында озық елдердің бірі болуы үшін Қазақстанның мүмкіндігі мол. Бұл үшін – қаржы ресурсы, мемлекеттік бастама мен крипто-оазис құру ниеті бар.

14 маусымда Астанада екінші рет ОртаАзиядағы басты Blockchain конференциясы –  Blockchain Conference Astana өткізіледі.  Халықаралық шарада Қазақстанның цифрлық экономикасында дұрыс бағытты қалыптастыру үшін әлемнің крипто-инустриядағы көшбасшылары бас қосады.

Blockchain Conference Astana 2018 қонақтарын не күтеді?

  • Әлемнің озық спикерлері баяндама жасайды

  • Маңызды тақырыптар талқыланатын алаң

  • Көрме аумағы

  • кофе-брейк және бейресми байланыс

  • спикерлер және конференция қонақтарының қатысуымен кешкі ас.

Қатысушылар арасында кімдер болады?

Blockchain Conference Astana шарасына банк және қаржы секторының өкілдері, энергетика, мұнай-газ және save-energy салаларының мамандары, қаржы-технология компанияларының иелері, сондай-ақ мемлекеттік институт делегаттары қатысады. Ауқымды іс-шараны AroundB компаниясы ұйымдастыруда. Ол әлем бойынша 30-дан астам қаржы-технология саласындағы іс-шараларды өткізген, спикерлер таңдау, бағдарламаны дайындау ісіне мұқият қарайды. Жақын арада биылғы конференциядағы басты спикерлердің есімдері белгілі болады, сондықтан іс-шара туралы алдын ала ақпараттарға назар аударыңыздар.

Қандай тақырыптар қозғалады?

Бүгінде криптовалюталық индустрияның банктермен өзара байланысу, түрлі салада блокчейн технологиясын қолдану, сондай-ақ блокчейн  технологиясын енгізу және криптовалютаны мемлекеттік деңгейде реттеу мәселелері толғандырады. Қазақстанның бір қадам алда болуы және әлемдік криптоарендағы өзіндік орнын алуы туралы Blockchain Conference Astana шарасында айтылады.

Конференция тақырыптары:

  • Қазақстан Республикасына арналған Блокчейн технологиясы – қолдану саласы және елді дамытудың жаңа жолы

  • Криптовалюталар және токендер

  • ICO —2018 жылы миллиардтаған машинамен не болады?

  • Смарт-келісімшарттар — қалыптасқан стандарттарды өзгерте ала ма?

  • Крипто-экономика — жақын болашақта әлемге не береді?

  • Қазақстанда криптовалюталарға арналған құқықтық алаң және реттеу

Blockchain Conference Astana: 2017 жылы қалай өтті?

2017 жылы Қазақстан криптовалюталар мен технологияларға деген қызығушылығын танытты. Былтыр конференцияға 20-дан астам спикер қатысты, олардың қатарында Қазақстан, Украина, Ресей, Бельгия, Ұлтыбритания мен Швейцарияның өкілдері болды. Блокчейнді қаржы әлемінде, энергетика саласында қолдану,  сондай-ақ аталған технологияның e-gov және e-voting арналған рөлін талқылауға 250 қатысушы келді – алғаш рет өткізіліп отырған крипто-шара үшін ауқымды аудитория. Конференция аясында Microsoft, IBM, Deloitte, KPMG секілді озық компаниялардан үздік real-cases таныстырылды.

Blockchain Conference Astana Қазақстандағы көптен күткен қаржы-технология саласындағы оқиғаға айналады деп уәде берілген. Blockchain Conference Astana жаңалықтарымен танысып, іс-шара туралы ақпаратты сайттан бақылай аласыздар.

Іс-шараның нақты бағдарламасы Blockchain Conference Astana сайтында жарияланады. Жаңалықтарға жазылып, ақпаратты қалт жіберіп алмаңыздар. Let’s Blockchain this world together!  

Іс-шара сайты  — https://bconference.kz/ru.

Facebook-тегі оқиғалар — http://bit.ly/2CbQplj.

Telegram арна — https://t.me/bconference_astana

Ұйымдастырушылармен байланысу үшін:  +442 03 239 96 70, hello@aroundb.com


 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер