Саламен бірге 15 жыл: AMM 2025 — Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің даму бағытын айқындайтын мерейтойлық Конгресс пен көрме
2025 жылдың 4–5 маусымы аралығында Астанада Қазақстан мен Еуразия елдерінің тау-кен және металлургия саласындағы маңызды іс-шарасы — 15-Astana Mining & Metallurgy мерейтойлық тау-кен металлургия AMM 2025 Конгресі мен мамандандырылған көрмесі өтеді.
AMM өткізілген жылдары ішінде бизнес, мемлекет, ғылым және инвесторлар арасындағы халықаралық деңгейдегі диалог алаңы ретінде өз беделін лайықты түрде қалыптастырды. Биыл Конгрестің мерейтойлық мәртебесі оның маңыздылығын арттыра түсіп, саланың дамуына және жаңғыртылуына қосқан үлесін ерекше атап көрсетеді.
2025 жылғы көрменің экспозициясы
AMM 2025 көрмесі аясында 13 елден 45 компания өз өнімдері мен технологияларын, сондай-ақ шешімдерін ұсынады. Олар кен өндіру, қайта өңдеу, автоматтандыру және тұрақты даму салаларындағы инновацияларды көрсетеді. Германия, Қазақстан, Канада, Кипр, Қытай, Ресей, Тайвань, Франция, Швейцария, Швеция, Жапония елдерінен қатысушылар негізгі бағыттар бойынша шешімдер мен өнімдерін ұсынады: тау-кен техникасы, өндірісті цифрландыру, кен өңдеу, экология және өндірістегі қауіпсіздік.
Биылғы жылы көрменің басты назарында — өз технологияларын алғаш рет таныстыратын, AMM көрмесіне алғаш рет қатысатын жаңа қатысушылар, оның ішінде: Alpha-Safety, Asiafilter Inc, Jennmar, Дарс, Datamine, Біріңғай Сауда Жүйесі – Қазақстан, Cutes Corporation, Continental Industrie, Moore Kazakhstan, Nfc Kazakhstan, Sensors One, Тураниндастриал, Kazakhstan Jinghong Engineering Machinery Ltd. жеке компаниясы және Эпирок Орталық Азия. Олардың қатысуы AMM көрмесінің халықаралық мәртебесін арттырып, тау-кен металлургия саласындағы технологиялық әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Көрмеге AMM2025AUB промокодымен сайтта тіркелуге болады amm.kz немесе сілтеме бойынша >>
АММ 2025 Конгресі
Іс-шараның негізгі бөлігі дәстүрлі түрде AMM Конгресі болады. Биылғы Конгресс саланың өзекті сын-қатерлері мен стратегиялық даму бағыттарына арналмақ. Бағдарламада — Қазақстанның тау-кен металлургия кешенін трансформациялау, тұрақты даму және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған Пленарлық отырыс өтеді.
AMM Пленарлық отырысы барысында жетекші сарапшылар Қазақстанның жаһандық шикізат ресурстарына бәсекелестік күшейген заманда өзгеріп жатқан халықаралық тау-кен металлургия саласына қалай тиімді кіре алатынын талқылайды. Спикерлер мынадай негізгі сұрақтарды көтереді: саланың жаһандық трендтері қалай өзгеріп жатыр (металдарға сұраныс, тұрақты даму, жасанды интеллект енгізу); жаһандық экономикалық және саяси сын-қатерлер Қазақстандағы инвестициялар мен бизнестің дамуына қалай әсер етеді; сондай-ақ, отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде ішкі салалық саясаттың рөлі қандай.
- 4 маусым: даму стратегиялары және халықаралық ынтымақтастық
Конгрестің бірінші күні тұрақты даму, ел ішіндегі құндылықтар мен салалық кооперация, өндірістің тиімділігін арттыру, цифрландыру, ESG тәсілдері мен адами капиталды басқару мәселелеріне арналған стратегиялық сессиялармен жалғасады. Ресурстар мен техногенді минералдық түзілімдерді тиімді басқарудың үздік тәжірибелері талқыланады. Халықаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады: қатысушылар Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбектеріне интеграциясын, негізгі елдермен серіктестікті, сондай-ақ, жаһандық трансформация жағдайындағы саланың алдында ашылатын мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді талқылайды. Партнер елдердің геологиялық қызметтерінің отырысы өтеді, Швеция мен Қазақстан арасындағы серіктестік, Канаданың ТМК-дағы үздік тәжірибесі, Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың нақты кейстері ұсынылады.
- 5 маусым: салалық форумдар және зергерлер Конгресі
Конгрестің екінші күні салалық іс-шараларға арналады. Дәстүрлі көмір өнеркәсібі мен алтын өндірушілер форумдары өтеді, онда сарапшылар нарық жағдайын, реттеу мәселелерін, өндіру және өңдеу технологияларын, климаттық және экономикалық тәуекелдерге төзімділікті талқылайды. Биыл алғаш рет AMM аясында Қазақстан зергерлері Конгресі өтеді — бұл өндірушілер, дистрибьюторлар және мемлекеттік органдар арасындағы диалогқа арналған жаңа алаң.
AMM Technology секциясы аясында жасанды интеллектті ТМК саласына енгізу, тау-кен және металлургия өндірісіндегі тиімділікті арттыру мәселелеріне арналған сессиялар өтеді.
PR, GR және HR саласындағы мамандар үшін арнайы іс-шаралар — PR-ланч және салалық сессиялар жоспарланған. Олар дағдарыс жағдайындағы коммуникациялар, қақтығыстарды басқару және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу, әлеуметтік мәселелерді шешу және GR саласындағы заманауи сын-қатерлерді талқылау тақырыптарын қамтиды.
Талқылауларға мемлекеттік органдардың, тау-кен металлургия корпорацияларының, салалық қауымдастықтардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Тұрақты даму, жасыл технологиялар және саланы трансформациялау мәселелеріне ерекше назар аударылады. ESG сессиясы өтеді: «Қоныс аудару ережелері – елдегі инвестициялық климатты жақсартудың бөлігі ретінде».
«Алтын Гефест» ұлттық байқауы
4 маусым күні тау-кен металлургия саласының ең үздік кәсіби мамандары 15 номинация бойынша марапатталады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл – ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуде білікті кадрлардың шешуші рөлін айқындайтын маңызды қадам. Байқау геология, металлургия және тау-кен ісі салаларындағы «Жыл кәсіпқойы» номинациясынан бастап, үздік әлеуметтік жоба, өнеркәсіптегі қауіпсіздік пен цифрлық инновациялар саласындағы жетістіктерге дейінгі түрлі аталымдарды қамтиды. Мұндай жан-жақты қамтылуы – кәсіби жетістіктерге кешенді баға беру мен өндірістік саладағы инновациялар мен әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді. Жұмысшы мамандықтар жылы мен «Алтын Гефест» байқауы – Қазақстанның жаңғыруға, инновацияларды енгізуге және адами әлеуетті дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді. Байқаудың Бас серіктесі дәстүрлі түрде — Eurasian Resources Group (ERG).
Ресми қолдау
Іс-шараны ұйымдастырушы — Қазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.
Мемлекеттік серіктесі — Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Іс-шараға ресми қолдау көрсеткен: Астана қаласының әкімдігі, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (ТМКҚ), Бағалы металдарды өндірушілердің республикалық қауымдастығы, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық геологиялық қызмет, Kazakh Invest, Visit Nursultan.
Алтын серіктестері: ERG, Solidcore Resources, KAZ Minerals, Kazzinc, Corex
Күміс серіктестері: KOMATSU CENTRAL ASIA, Hatch
Қола серіктестері: TELKO CENTRAL ASIA, SGS KAZAKHSTAN, FAKOOR SANAT TEHRAN ENGINEERING, Dassault Systemes, Beeline, TURANINDUSTRIAL
Қосымша ақпаратты ресми сайттан таба аласыз: www.amm.kz