Астанада «Қытай – Орталық Азия» Іскерлік кеңесінің II отырысы өтеді
2025 жылғы 17 маусымда Астана қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде (Қонаев көшесі, 7) «Қытай – Орталық Азия» Іскерлік кеңесінің Екінші отырысы өтеді. Іс-шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырады.
«Қытай – Орталық Азия» Іскерлік кеңесі 2023 жылы «Қытай – Орталық Азия» мемлекет басшыларының алғашқы саммиті аясында құрылған. Кеңес іскерлік диалогты нығайтудың, бірлескен жобаларды ілгерілетудің және халықаралық саудадағы кедергілерді жоюдың институционалдық алаңы болып табылады.
Отырыс бағдарламасына пленарлық бөлім, тақырыптық панельдік сессиялар, Шэньси провинциясының конференциясы, B2B және B2G форматындағы келіссөздер, сондай-ақ келісімдер мен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою рәсімдері кіреді. Ерекше назар жасыл энергетиканы дамыту, цифрландыру, логистика, өнеркәсіптік кооперация және агроөнеркәсіптік кешен мәселелеріне аударылады.
Отырыста Орталық Азия елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары, Қытайдың Халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесінің (CCPIT) төрағасы, іскерлік қауымдастықтар, корпорациялар, логистикалық және қаржылық құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ қатысушы елдердің мемлекеттік органдарының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуы күтілуде. Іс-шара Мемлекет басшылары Саммиті аясында жоспарланғандықтан, стратегиялық маңызы ерекше.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қазақстандық кәсіпкерлер мен іскерлік қауымдастық өкілдерін іс-шараға белсенді қатысуға шақырады. Бұл отырыс сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту мен жаңа серіктестіктер орнатудың маңызды алаңы болмақ.
Қатысушыларды тіркеу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf7W4IS0yRtoWXsXn4Z0kEQXgxMHHfGOMF3i-n1JkYTEtOqxA/viewform