Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының II съезі
2025 жылғы 13 маусымда Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығының ғимаратында (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1,) сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының екінші съезі жұмысын бастайды.
Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы кәсіптер жылымен және жыл сайын маусымның екінші жексенбісінде «Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай атап өтілуде.
Өткізілетін іс-шара жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және еңбек ұжымдарының (әйелдердің басым бөлігі) отандық экономиканы дамытуға қосқан үлесін тануға бағытталған.
Іс-шараның мақсаты: саланы одан әрі дамыту векторларын айқындау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, және «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының «Qaz Textile Industry» ұлттық бірлестігі» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер одағы өзін-өзі реттеу ұйымның 10 жылдық қызметінің қорытындысын шығару.