astana-view

Ozon.kz-те сату оңай әрі тиімді

03 Қыркүйек 2025 - 03 Қыркүйек 2025

2025 жылғы 19 тамыздан бастап Қазақстандағы Ozon сатушылары FBS бойынша жұмысын жаңа жеке кабинетке ауыстырып, компанияның жергілікті заңды тұлғасы – «OZON Маркетплейс Қазақстан» ЖШС офертасын қабылдай алады. Енді Ozon.kz-пен бизнес жүргізу әлдеқайда тиімдірек болды. Тарифтер 2 есе төмен, экономиканы есептеу, төлем алу және есеп жүргізу әлдеқайда жеңілдейді.

3 қыркүйек күні өтетін онлайн-кездесуде маркетплейс сарапшылары барлық жаңалықтарды егжей-тегжейлі талқылайтын болады:

• маркетплейстің қазақстандық заңды тұлғасымен келісімшартқа көшу процесін барынша жеңіл ұйымдастыру;

• маркетплейс сатушылары үшін, тауар карточкаларын жаңа кабинетке көшіру жолдары;

• жаңа жағдайда төлемдерді қалай алу және тағы басқа мүмкіндіктер.

Қазақстандағы Ozon сарапшыларының айтуынша: шарттарды жергіліктендіру – қазақстандық кәсіпкерлер үшін маркетплейсте жұмыс істеуді барынша оңай әрі тиімді етудің тағы бір қадамы. Мұның бәрі басты артықшылықты жоғалтпай жүзеге асады: Қазақстан, Ресей және Қырғызстандағы 60,5 млн сатып алушы аудиториясына қол жеткізу.

Іс-шараға қалай қатысуға болады

Трансляция 3 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Ozon.kz-те қалай тиімдірек сауда жасауға болатынын алғашқылардың бірі болып білу үшін дәл қазір тіркеліңіз!

Батырма: Тіркелу

Еншілес ұйымдар

Серіктестер