Financial Literacy Roadshow дәрістері
1-5 қазанда Қазақстанның ірі қалаларында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық науқан - Financial Literacy Roadshow іс-шаралары өтеді:
1 қазан – Алматы және Атырау;
2 қазан - Шымкент;
4 қазан - Қостанай;
5 қазан-Өскемен.
Осы бастаманың бірінші бөлігі жастардың қаржылық және инвестициялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өңірлік жоғары оқу орындарының студенттері үшін дәрістер өткізуді көздейді (академиялық топтар үшін презентациялар).
Іс-шараның спикерлері-қаржы қызметтерін, қаржы технологияларын реттеу, жасыл және ислам облигацияларын шығару, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында инвестициялау саласындағы АХҚО сарапшылары.
Республикалық науқанның екінші бөлігі өңірлік бизнеске арналған презентациялардан тұрады, оның барысында АХҚО сарапшылары АХҚО-ның бизнеске бағытталған мүмкіндіктері, жасыл және ислам облигацияларын шығару ерекшеліктері, АХҚО-да тіркеудің артықшылықтары мен рәсімі және т.б. (іскер топтар үшін презентациялар) туралы баяндайды.