astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Іскерлік Ресей» екі елдің кәсіпкерлерін қолдау бойынша күштерін біріктірді

2014 жылғы 30 Қыркүйек
3649 просмотров

Бүгін, 30 қазанда, Атырауда Қазақстан мен Ресейдің  XI Халықаралық ынтымақтастық форумының аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Іскерлік Ресей» Жалпы ресейлік қоғамдық ұйымы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев, «Іскерлік Ресей» ұйымына оның тең төрағасы Борис Титов өкілдік етті.

Меморандум екі елдегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында жасалды. ҚР ҰКП және «Іскерлік Ресей» қатынастарын нығайтып, Қазақстан мен Ресейдің кәсіпорындары мен қауымдастықтары (бірлестіктері) арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да іскерлік байланыстарды кеңейтпекші.

Атап айтқанда, тараптар бірлесе отырып кәсіпорындарда халықаралық стандарттарға сәйкес технологияларды жетілдіру және инновацияларды енгізу құралдарын дайындауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, екі жақты саудада және экономикалық ынтымақтастықта кедергілерді анықтау, оларды жою төңірегіндегі көлемді жұмыстар да жоспарланған. Сондай-ақ тараптар шекара маңы саудасын дамытуға жәрдемдесуге, мамандандырылған ұйымдар құруға және олардың қызметін ынталандыруға келісті.

Форум барысында ынтымақтастық туралы 12 халықаралық келісімге қол қойылды.

Атырау қаласын айтулы іс-шараны өткізу орны ретінде таңдау өңірдің өнеркәсіптік тұрғыдан дамығандығымен және онда бірқатар ірі мұнай-газ кәсіпорындарының орналасуымен қуатталып отыр. Бұл кәсіпорындар бойынша РФ іскер шеңберлерімен табысты өңіраралық  ынтымақтастықтарды жөнге салуға болады.

XI Форумның тақырыбын ҚР Президенті алдында өткен Х Форумда айтып өткен еді және ол көмірсутек саласында, атап айтқанда, мұнай-газ саласында инновациялық технологияларды қолдану мәселелерін талқылауға, және де Ресеймен арадағы ынтымақтастықтың, соның ішінде технологияларды, алдыңғы қатарлы тәжірибе, ғалымдар ойларымен  алмасу ықтималдығына бағытталған. XI Форумды өткізудің негізгі мақсаты Қазақстан мен Ресей кәсіпорындарының өңіраралық ынтымақтастығын дамыту, мұнай-газ саласындағы инвестициялық және инновациялық саясат аумағындағы сапа тұрғысынан жаңа әрекеттестіктерді дамыту, екі мемлекеттің іскерлік және қоғамдық құрылымдарына жан-жақты қолдау көрсету болып табылады.

Форум аясында кешеден бері «Көмірсутектер саласындағы инновациялар» көрмесі жұмыс жасауда. Көрмеге мұнай-газ саласында жұмыс жасайтын 60 қазақстандық және ресейлік компания қатысып жатыр.

Сәл кейінірек ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастығы ХІ форумының алқа отырысы өтті. Осы Форум аясында Атырауда «Қазақстан және Ресей» жастар форумы өтіп жатқанын айта кету керек.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер