astana-view

Жұмыскер жастар арасындағы «Еңбек адамы» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

2014 жылғы 29 Қыркүйек
5713 просмотров

Жұмыскер жастар арасындағы «Еңбек адамы» республикалық байқауына Қазақстанның барлық өңірлерінен шамамен 150 өтінім келіп түскен. Астанада өткен салтанатты рәсімде үздіктердің үздіктері марапатталды. 

Іс-шара Еңбек күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында өтті. Жеңімпаздарды танымал қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар, кәсіподақтар, шығармашыл зиялы қауым өкілдері мен белгілі журналистер құттықтап, марапаттады. Марапаттау рәсімін Төралқа мүшесі, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің Төрағасы Талғат Доскенов ашты.

Байқау финалистері атанғандар:

«Тау-кен металлургия саласының ең үздік жас жұмыскері» номинациясында:

Ақылбек Бижанов, Жезқазған мыс балқыту зауыты «Kazakhmys Smelting» ЖШС жанасқан күкірт қышқылы өндірісінің аппаратшысы;

Дияс Науразбаев, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты («Қазхром» ҰАК» АҚ филиалы) №1 балқыту цехының аға өндірістік шебері;

Тұрар Сәрсебеков, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ №2 цехының аға шебері;

«Химия саласындағы ең үздік жас жұмыскер» номинациясында:

Ілияс Сарыев, ОБФ «Қаратау» ТҚӨК «Қазфосфат» ЖШС филиалының маркшейдері (Жамбыл облысы, Жаңатас қ.);

Нұрбол Тұрымбетов, «Қазфосфат» ЖШС зауыт басқармасы өндірістік-технологиялық бөлімінің өндірісті даярлау жөніндегі инженері (Жамбыл облысы, Тараз қ.);

Александр Чураков, «Востокцветмет» ЖШС Артемьев өндірістік кешені Николаев байыту фабрикасының дәнекерлеуші-жөндеушісі (Шығыс Қазақстан облысы, Усть-Таловка а.);

«Мұнай-газ саласының ең үздік жас жұмыскері» номинациясында:

Айнұр Әбдрахманов,  «Арман» БК ЖШС жұмыскері (Ақтау қ.);

Жігер Рақымжанов, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы (Атырау қ.);

Бейбіт Сағиев, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС жұмыскері (Павлодар қ.);

«Құрылыс саласындағы ең үздік жас жұмыскер» номинациясында:

Александр Бурумбаев, «Қазхром» ҰАК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты құрылысын қадағалау жөніндегі жетекші инженер (Ақтөбе қ.);

Анатолий Лушников, «Талдықорған монтаждау фирмасы – Имсталькон» ЖШС жұмыскері (Алматы облысы, Текелі қ.);

Дарья Путинцева,  «Фортис» ЖШС бригадирі (Қостанай облысы, Рудный қ.);

«Машина жасаудағы ең үздік жас жұмыскер» номинациясында:

Алмас Бармақов, «Семей инжиниринг» АҚ жұмыскері;

Ербол Бекмағамбетов, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бригадирі (Қостанай қ.);

Талғат Құсайынов, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жұмыскері (Ақмола облысы, Көкшетау қ.);

«Көлік жүйесіндегі ең үздік жас жұмыскер» номинациясында:

Дәурен Қылышев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақмола жол бөлімшесі» филиалының жұмыскері (Ақмола облысы);

Жоламан Оразов, «Қазақстан кеме қатынасы регистрі» РМҚК кемелер жіктелуі және техникалық есебі бас инженері (Семей қ.);

Ақжігіт Мекеев, «Қамқор Локоматив» ЖШС локомотив жөндеу депосы электрмашина  цехының бастығы (Ақтөбе қ.).

«Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздары – Диас Науразбаев, Нұрбол Тұрымбетов, Бейбіт Сағиев, Дарья Путинцева, Талғат Құсайынов және Жоламан Оразов.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысып, марапаттағандар: 

«Тау-кен металлургия саласының ең үздік жас жұмыскері» номинациясында Төлеген Мұқанов – ЭМРМ «3 дәрежелі Шахтер даңқы» төс белгілерінің толық кавалері, Индустрия және сауда министрлігінің және тау-кен металлургия өнеркәсібі жұмыскерлер кәсіподағының «1 және 2 дәрежелі Кенші даңқы» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «Еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған. Евгений Больгерт – ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия комитетінің хатшысы. «Қазақстан» телеарнасының жүрізушісі - Гүлнәз Әлімгерей.

«Химия саласындағы ең үздік жас жұмыскер» номинациясында Талғат Доскенов – ҚР ҰКП Төралқа мүшесі. Марлен Сихаев – «тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы» HR-жобалар орталығының директоры, сондай-ақ «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Нұрсұлтан Құрман.

«Мұнай-газ саласының ең үздік жас жұмыскері» номинациясында Тоғжан Қожалиева - «Kazenergy» Қазақстан мұнй-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының» атқарушы директоры және Жайна Сламбек, «Астана» телеарнасындағы «Біздің уақыт» бағдарламасының тележүргізушісі.  
«Құрылыс саласындағы ең үздік жас жұмыскер» номинациясында Кәмилә Төлендиева - «Базис» құрылыс компаниясының вице-президенті. ҚР ҰКП Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитетінің хатшысы - Нұралы Айдашев және «Каzstrategy2050» бағдарламасының редакторы Азамат Ерғали.

«Машина жасаудағы ең үздік жас жұмыскер» номинациясында Темірлан Алтаев – «Қазақстан Машина жасаушылар одағының» атқарушы директоры. Машина жасау және металл өңдеу комитетінің хатшысы Өмірсерік Ержанов және «24.kz» телеарнасының тележүргізушісі Лаура Жақыпова.

«Көлік жүйесіндегі ең үздік жас жұмыскер» номинациясында ҚР БҒМ ЖІК төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҰКП Көлік, логистика және байланыс комитетінің хатшысы Қанат Мұқышев және ҰКП Адами капитал дамуы департаментінің директоры Асқар Әбубәкіров.

Барлық финалистерге дипломдар және кәсіпорындар басшыларына алғыс хаттар табысталды. Ал жеңімпаздар планшеттермен және Ең үздік жас жұмыскер» хрусталь мүсіншелерімен марапатталды. Рәсімнің ерекше – «Оскар» мүсіншелерімен марапаттау форматында өткенін атап өтуге болады. 

Сонымен қатар колледждер студенттері шақырылды. Үлкен дисплейде байқау және қатысушылар жайлы ролик көрсетілді. Сондай-ақ саксофоншылар, скрипкашылар, халық бишілері мен әртістер өнер көрсетті.

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін жаңа мереке – Еңбек күні Қазақстанда 2013 жылғы қараша айында бекітілген болатын. Негізгі мақсаты – өндірістік еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау және Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша идеясының аясында жұмысшы әулеттердің көп жылдық дәстүрін бекіту.

Байқаудың ұйымдастырушысы ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстанның Еңбекші және ауыл жастары қауымдастығы» мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болғанын естеріңізге сала кетейік. Ұйымдастыру комитетінде атап өткендей, «Еңбек адамы» байқауы жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттауға ғана емес, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік деңгейін көтеруге де арналған.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер