astana-view

«Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жж. арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына бизнес өз ұсыныстарын енгізді

2014 жылғы 02 Қазан
5880 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015-2025 жж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын қолдап, Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Жол картасы аясында кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау шараларын әзірлеуге қатысуды ұсынады.

Құжат қазақстандықтардың мұқтаждықтарына жауап бере алады ма?

Сыбайлас жемқорлықпен күресте қандай мәселелер бар және олардың шешу жолдарын анықтауда бизнесмендер не ұсынбақ? Бұл мәселелер бүгін, 2 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын талқылаған ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан»  партиясының бірлескен отырысында қарастырылды.

Бірлескен отырыста «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айрықша атап өткендей, «партияның «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғышарттарын азайтуға, бизнес жүргізуге әкімшілік кедергілерді жоюға, орталықта және жергілікті жерде жемқорлық жағдайына қоғамдық мониторинг жасауды күшейтуге бағытталған. Атқарылған жұмыстардың тиімділігінің негізгі көрсеткіші Қазақстанның 2025 жылы Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексі елдерінің «бейресми төлемдер мен паралар деңгейі» көрсеткіші және Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізудің жеңілдігі» рейтингі бойынша алдыңғы 30 елдің қатарына енуі болмақшы».

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов отырыста сөйлеген сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жолында «Нұр Отан» партиясының атқарып отырған жұмысына толық қолдау танытып, кәсіпкерлік қызметте жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуда бюрократиялық процедураларды жеңілдету және осыған жергілікті атқарушы органдардың белсенді түрде жәрдемдесуі пәрменді шара екенін атап өтті.

Отырысқа қатысушылар Бағдарлама жобасына келесі шараларды қосуға назар аудару керектігін ұсынды:

кәсіпкерлерге шығын алып келген, заңсыз шешімдер қабылдаған лауазымды тұлғаларға қатысты жазаның қолданылмай қалмайтындығы;
кәсіпкерлердің салық және кедендік органдар арасындағы  дауларды реттеудің тиімді жүйесін құру.

 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингінің нәтижелерін, сондай-ақ Ұлттық палатаға кәсіпкерлерден келіп түсетін өтініш-хаттар бойынша статистика мәліметтерін ұсына отырып, «Нұр Отан» партиясының Мемлекет басшысы мен қоғам алдында сыбайлас жемқорлыққы қарсы бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша дайындайтын жыл сайынғы есебін әзірлеуге қол ұшын беруге дайын екендігін білдірді. 

Партия шағын және орта бизнес мүддесін белсенді түрде алға тартуда. Бұл ретте қажетті заңнамалық және консультативтік қолдау көрсетілуде. Айтар болсақ, тек 2014 жылдың басынан «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауының атына кәсіпкерлік және бизнеске қатысты 2000-ға жуық өтініш-хаттар келіп түскен.

Бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау  және туындаған мәселелерді шешу мақсатында «Нұр Отан» партиясы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, партияның «Мықты бизнес – Қуатты мемлекет» – «Сильный бизнес – сильное государство» жобасын жүзеге асыруда.  Аталған жоба аясында осы жылы жүзеге асырылған 234 іс-шараға (семинарлар, «дөңгелек үстел», партияның қоғамдық қабылдауы, кәсіпкерлермен  кездесу, кәсіпорындар мен аудандарда көшпелі іс-шаралар ұйымдастыру) 11 000-нан астам шағын және орта бизнес өкілдері мен кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы бизнесмендер қатысқан.

2014 жылдың бірінші жартысында Партияның «Мықты бизнес – Қуатты мемлекет» жобасының іске асырылуы туралы қосымша ақпарат:

Өңірлерде «Даму» қорымен бірлесіп, бизнесті жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін бизнес негіздері, мемлекеттік қолдау және т.б. тақырыптарда 74 оқыту семинары өткізілген.

Қазақстандағы отбасылық бизнес қауымдастығымен бірлесіп, «Бизнес-Өңір» халықаралық конгрессі және Қазақстанның Отбасылық бизнес форумы ұйымдастырылған.  Форумға 300 кәсіпкер, Қазақстанның 120-дан астам отбасылық кәсіпорын өклдері, жақын және алыс шет елдерден бизнес өкілдері қатысқан.

Бизнес жүргізуге қолайлы жағдайларды қалыптастыруға бағытталған «Рұқсаттар мен ескертулер туралы» заң жобасы бойынша жұмыс аясында  Партия Фракциясы аталған құжатқа 130-дан астам түзетулер енгізген. 

Осы жылдың сәуір айында ҚР Парламентінде өткен Партия Фракциясы Төралқасының кеңейтілген отырысында  Партия Фракциясы мен ҚР ҰКП бірлескен жұмыс жоспарына қол қойылған.  Бұл жоспарда Фракция мен бизнес-қоғамдастықтың өзара әрекеттестігінің алгоритмі мен нақты механизмдері қарастырылған.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың шілде айында «Нұр Отан» партиясы  2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын қоғам талқысына ұсынған болатын.  Аталған құжат жобасы партия және сарапшылар алаңында қарастырылып, талқыланған.

Бағдарлама жобасы бойынша осы аралықта Партия мүшелері, сараптау қоғамдастығы мен интернет-пайдаланушылардан  900-ге жуық ұсыныстар мен толықтырулар келіп түскен.

Барлық ұсыныстар мен ескертулер Бағдарлама жобасының соңғы нұсқасын әзірлеуде ескеріліп, құжат Саяси кеңестің  алдағы уақытта өтетін кеңейтілген отырысында  бекітіледі деп жоспарлануда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер