astana-view

«Атамекен стартап» Шанхай ынтымақтастық ұйымының жастар инновациялық форумында ҚР делегациясын бастамақшы

2014 жылғы 02 Қазан
3965 просмотров

Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдер делегациясының қатысуымен өтетін жастар инновациялық форумы үстіміздегі жылдың қазан айының 7-10 аралығында Уфа қаласында өтеді.

Іс-шара Федералдық жастар ісі жөніндегі агенттіктің (Ресей жастары), «Ресей Жастар одағы» (РЖО) Жалпы ресейлік қоғамдық ұйымының және Башқұртстан Республикасы Үкіметінің жәрдемімен ұйымдастырылады.

Форумға ең үздік инновациялық жобаларды іріктеуге байқауға қатысатын әрбір елден 4 адам (жоба) мөлшеріндегі ШЫҰ елдерінің ғылыми ұйымдары мен білім беру мекемелерін ұсынатын 25 пен 35 жас аралығындағы жас ғалымдар, стартаптар негізін қалаушылар, инновациялық жобаларды дайындаушылар шақырылады. Жобаларды ресейлік және халықаралық ірі венчурлық компаниялар, инвестициялық және консалтингтік агенттіктер, жаһандық стартап-жобалар басшылары бағаламақшы.

Қазақстандық делегация басшысы болып іс-шара ұйымдастырушылары «Атамекен стартап» ҚҚ директоры Нұрлан Тазабеков таңдалды.

«Ең үздік инновациялық жоба, сондай-ақ идея» номинацияларындағы  бизнес-жобалар байқауымен бірге форум аясында «ШЫҰ кеңістігіндегі ғылымның келешегі» тақырыбындағы дөңелек үстел, сондай-ақ бағыттар бойынша сарапшылардан шеберлік сабақтары және инвестициялық сессия өткізілмекші.

АтамекенStartup – жастар кәсіпкерлігін насихаттау және дамыту мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобасы. Ол әрекеттегі жобаларға қолдау көрсетіп, жас бизнесмендерге жәрдемдесу үшін өз іс-шараларын бастамалайды.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН МЫНА МЕКЕН-ЖАЙҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ:

«АтамекенСтартап» ҚҚ

Нұрлан Тазабеков, тел. +7 701 766 97 00

email: n.tazabekov@palata.kz

Ресми сайты: www.atamekenstartup.kz

Хештег Atameken Startup: #AtamekenStartUp


Еншілес ұйымдар

Серіктестер