astana-view

Экономиканың басымдылықты салаларындағы компаниялар шетелдіктерді жұмысқа рұқсатсыз қабылдай алады

2014 жылғы 06 Қазан
3485 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов халықтың көші-қон және жұмыспен қамтылу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге түзетулерді таныстырды.

Жаңа заң жобасын дайындаушылар экономиканың басымдылықты салаларында (өңдеуші өнеркәсіп, агроөнеркәсіп секторы, геологиялық барлау) әрекет жасаушы Қазақстан Республикасы аумағында құрылған заңды тұлғалар, филиалдар, еншілес ұйымдар, өкілдіктер немесе заңды тұлғаның үлестес тұлғасы үшін персоналдың еркін ауысу қағидасын енгізуді ұсынады.

«Демек, бұл компаниялар Қазақстанда жұмыс жасауға рұқсат алу қажеттілігінсіз басқа елдер филиалдарындағы өз қызметкерлерін еркін (хабарлаумен) тарту құқығын алады. Сонымен бірге инвесторлардың қазақстандық мамандарды оқыту және тарту бойынша талаптары сақталады», - деп түсінік беріп кетті вице-министр.

Сондай-ақ жоғары білікті мамандар үшін, ең алдымен, өз бетінше жұмысқа тұру үшін өз бетінше келетін шетелдік тұлғалар менеджерлер, инженерлер, ғалымдар (зерттеушілер) және оқытушылар үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды алудың жеңілдетілген тәртібі енгізіледі.

Осыған орай заңнамалық бекіту үшін экономиканың басымдылықты салаларына жататын ұйымға жұмысқа тұруға біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды, тартылатын жұмыскерлердің Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталатын  біліктілігі мен білім деңгейіне қойылатын талаптар мен талап етілген кәсіптер тізбесі бойынша өз бетінше жұмысқа тұру мүмкіндіктері және біліктілік өлшемдеріне сәйкестігі туралы анықтамаларды беру тәртібін анықтау ұсынылып отыр.

Талап етілетін кәсіптер тізбесі жыл сайын экономиканың басымдылықты салаларындағы кадрларға деген қажеттіліктердің өзгеруін ескере отырып, жаңартылып отыратын болады.

Сонымен қатар, бүгінгі күнде жұмыс берушілер қолданып жүрген шетелдік жұмыс күшін тарту тікелей экономикалық әсер мен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруден мемлекеттік бюджетке түсімнің болмауынан, рұқсат беру бойынша шешім қабылдау процедураларының ұзақтығы, отандық кадрлар үшін біліктілікті көтеру, оқыту және қайта оқыту және қосымша жұмыс орнын құру жүйесі салдарынан өзін ақтамады.

Дайындалатын түзетулерге сәйкес шетелдік жұмыскерді тартуға рұқсат беру үшін алым орнату ұсынылып отыр. Алымдар бойынша мөлшерлеме шетелдік жұмыскердің санатына қарай (санаты төмен болған сайын, мөлшерлемесі де жоғары) және экономикалық қызмет түрі бойынша түрленеді.

Сонымен қатар ішкі еңбек нарығында баламалы кандидаттарды іздеу жүргізілуде, кадрлардағы жергілікті мазмұн бойынша талаптар сақталуда. Көрші елдердің дарынды жастарын тарту жоспарланып отыр, осыған орай Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында дарынды шетелдік студенттерді оқытуға гранттар жүйесі енгізілмекші.

Ол үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес байқау негізінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың тегін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуына құқық беру, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес байқау негізінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың тегін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу тәртібін орнату ұсынылып отыр.

 

ПРЕЗЕНТАЦИЯ 17.09.2014.pptx


Еншілес ұйымдар

Серіктестер