astana-view

Алматыда шағын және орта бизнестің жүйелі мәселелері талқыланды

2014 жылғы 13 Қазан
3789 просмотров

2014 жылғы 13 қазанда Алматыда ҚР ҰКП жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің және Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Кеңесінің бірлескен отырысы өтті.  Отырысқа қатысушылар Алматы бизнесмендерінің жүйелі сипатқа айналған түйіткілдерін талқыланды.

Кәсіпкерлер құқықтарының бұзылу фактілері барлық салада кезедеседі. Бұл тек Алматыға тән құбылыс емес, барлық Қазақстанда орын алып отырған мәселе. Мемлекет бизнесті дамыту үшін тендесіз жағдайлар ұсынуда: жеңілдетілген несиелер, бизнесті тексеруге мораторийлер енгізу, рұқсаттарды алуды жеңілдету және тағы да басқа шаралар. Алайда тәжірибеде, оның ішінде жергілікті жерлерде бұл шаралар толық деңгейде жүргізілмеуде. Бұл шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасап отырған бірден-бір себеп деп есептейді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

«Соңғы жеті жылда  елдің жалпы ішкі өнімінде шағын және орта бизнестің үлесі  16-18% деңгейінен аспай отыр. Кінәрат неде? Неліктен осындай орасан зор шаралар қажетті нәтижелерді көрсетпеуде? – ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев отырыс қатысушыларына осындай сауалдар қойды. – Кәсіпкерлер құқығын қорғау жұмысын жүйелі жолға қою керек. Шенеуніктер тарапынан жасалып отырған бұзушылықтарды қысқартып, прокуратурамен өзара әрекеттестіктің жаңа деңгейіне шығуымыз керек». Қадағалау органмен орнатылған  ынтымақтастық кәсіпкерлердің түйіткілдерін шешуде елеулі  нәтижелер көрсетуде.

Заңнан тыс тексерушілер

«Медеу» табиғи паркі жанында Экология инспекциясы бөлімінің қызметкерлері заңсыз тексерулерге жол берген. Бұл заңсыз әрекеттер тек Палата сарапшылары, кейіннен прокурорлар араласумен тоқтатылған. Бөлім мамандары парк аумағына іргелес аймақта өз қызметін жүргізіп отырған бизнесмендерге экология заңнамасының бұзылу-бұзылмауы нысанына жиі тексерулер жасап отырған. Палатада атап өтілгендей, «тексерушілер» өз құзыреттерін асыра пайдаланған. Экология инспекциясы бөлімі дербес заңды тұлға болып табылмайды, және оның қызметкерлері бақылау-қадағалау функцияларын иеленбеген. Нәтижесінде прокуратура Экологиялық инспекция туралы ережеге наразылық танытып, кейіннен ереже заңнамаға сәйкестендірілген.

Инспекция туралы ереже Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Алтай Рахымбетовпен келісімделіп, «Медеу» мемелекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Асқар Ещановтың қолы қойылған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған мәселе бойынша жауапты лауазымды тұлғалар деп жоғарыда аталған тұлғаларды атауда.

Қала құрылысшыларының қисынсыз талаптары

Plast invest trade ЖШС (пластиктен құбыр жасаумен айналысатын компания) ақылға қонымсыз келеңсіздіктерге жолыққан. Алматы бойынша аумақтық жер инспекциясы компаниядан жер телімін мақсатты қолданылуын талап етуде. Бұл реттегі оғаштық - Сәулет және қала құрылысы басқармасы компанияға жер телімін мақсатты қолдануға сәйкес ғимарат құрылысына сәулет-жоспарлау тапсырмасын ұсынбаған. Іс сотқа жеткен, алайда ЖШС ісі сотта компания пайдасына шешілген. Алайда мәселе өзгеріссіз қалуда, ал сот шешімі осы уақытқа дейін орындалмаған.

«Бұл мәселеде жауапты тұлға - Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жанат Айтөлеу», - деді ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің мүшесі Жангелді Сүлейменов.

Отырысқа қатысушылар Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасына Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметіне қатысты, оның ішінде мемлекеттік қызметтер стандарттарын сақтау нысанында бірлесіп тексеру жүргізу мәселесін көтеріп прокуратураға жүгінуді ұсынды.

Бизнесті тұмшалау

Алматы қаласының аялдама кешендерінде орналасқан 700-ден астам кішігірім дүкен иелері нысандардың жаппай алынып тасталуынан зардап шегуде. Бұл жұмыстар қаланы көріктендіру ережесіне сәйкес жасалынған. Кәсіпкерлердің осыған дейін жалға алған жерлері қайта алынып, бұл жерлер әлеуметтік мақсаттағы жабдықтарды орнату туралы шарт бойынша жеке компанияға берілген. Бұл жағдайда, Ұлттық палатаның пайымдауынша, жер заңнамасының талаптары бұзылған, атап айтқанда ҚР Жер кодексінің 64 бабының 1 тармағы, Жер кодексінің 52 бабының 6 тармағы, сондай-ақ  жерді пайдалану мерзімін созу мүмкіндіктері басымдыққа ие кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған (ҚР Жер кодексінің 37 бабы). Бұл жағдайда кәсіпкерлер шығын өтемін талап етуге құқылы (ҚР АК 255 бабы). Осыған қатысты Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді. Отырысқа қатысушылар осы мәселеге қатысты Ұлттық палатасын өтініш жазған  кәсіпкерлердің құқықтарын сотта қорғауды Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы барынша қолға алуын, Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізуді, сондай-ақ Жер қатынастары бөлімінің жұмысына мемелекеттік стандарттарды сақтау нысанында бірлесіп тексеру жүргізу туралы прокуратураға жүгінуді ұсынды.

Жалпы қолданыстағы автожол жиегіндегі аумақта билбордтар орналастырған «One+OneADV» ЖШС де осы түйіткілге кезіккен. Кейіннен бұл аймақтар қала аумағына өткен.  Осылайша Алматы қаласының жаңа ауданында компаниядан құқығын белгілейтін құжаттар талап етілген, компания қажетті құжаттарды ұсынған. Осыған қарамастан бірқатар жарнама құрылымдары алынып тасталған.

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108 бабы 6 тармағына сәйкес жep учаскелерiн қала, кент, ауыл шегiне қосу осы учаскелерге меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соқпайды», - деген дәлелдер отырыста айтылды.

Түркісіб ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Тәжібаев жарнама құрылымдарын бұзу мәселесі бойынша  жауапты лауазымды тұлға болып табылады.

Кәсіпкерлер Бостандық ауданының салықшыларына наразы

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасына Бостандық ауданының Салық басқарамасына шағымданған кәсіпкерлерден өтініштер келіп түскен. ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің мүшесі Жангелді Сүлейменов шоттардың заңсыз тұтқындалуына қатысты бірқатар мысалдар келтірді. Осы жылдың мамыр айында салықшылар «GT Partners» ЖШС тіркеуде көрсетілген мекенжайда орналаспаған деген фактіні алға тартқан.

«Салық төлеушінің тіркеу мәліметтерінде көрсетілген мекенжай бойынша нақты орналаспауы анықталған жағдайда, салық органының қызметі салық төлеушіге орналасқан мекенжайын растау туралы хабарлама жібереді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  салықтық тексеру жүргізілгені туралы тек есепшот тұтқындалғанда ғана білген», - деп мәлімдеді Жангелді Сүлейменов. Сонымен қоса, Жангелді Сүлейменов компания нақты менкенжайында орналасқан және осы уақытқа дейін көрсетілген мекенжайда екендігін айта келе, тексеру актілері жоқтығын, сондай-ақ осыған ұқсас жағдайлар «PL LIGHT» ЖШС және «IT Integra» ЖШС болғанын атап өтті. 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы мәселеге қатысты Бостандық ауданы Салық басқармасының жанама салықтар әкімшілігі бөлімінің бастығы Қуандық Базарбаев жауапты лауазымды тұлға екендігін айтады.

Отырысқа қатысушылар аталған басқарманы 2013-2014 жылдардағы кәсіпкерлік субъектілерінің есеп шоттарына салынған тыйымдардың негізділігін анықтау мақсатында  Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасына  бірлесіп тексеру жүргізу туралы прокуратураға жүгінуді ұсынды.

«Алматыжарнама» жарнамашылар торабы

Алматы көшелерінде жарнама нысандарын орналастыруды жоспарлауда ең алдымен «Алматыжарнама» ЖШС рұқсатын алу керек. «Алматыжарнама» ЖШС – коммерциялық ұйым, оның жалғыз құрылтайшысы қала әкімдігі жанындағы Қаржы басқармасы болып табылады. Арнайы «Жарнама нысанын келісімдеу парағы» деген құжат та енгізілген. Бұл құжатта «Алматыжарнама» бірінші келісімдеуші қатарында.

«Жарнама туралы» ҚР заңының 11 бабы 2 тармағында сыртқы жарнама нысанын орналастыруға рұқсат алуға мейлінше азайтылған құжаттар тізімі қарастырылған.

«Заңда қандай да бір коммерциялық құрылыммен келісімдеу қарастырылмаған. Сондай-ақ «Жарнама нысанын келісімдеу парағы» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында қарастырылмаған. Аталып отырған Келісімдеу парағы кәсіпкерлік үшін жасалып отырған әкімшілік кедергі, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы», - деп түсіндірді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі департаментінің  сарапшысы Ануарбек Скаков. Ануарбек Скаков сондай-ақ рұқсаттардың берілуі мен жарнама қызметі мәселесі бойынша өтініш-хаттарды қарастыру жергілікті атқарушы органдардың құзырында екендігін атап өтті. 

Сонымен қоса, «Алматыжарнама» Сәулет және қала құрылысы басқармасымен жасасақан шарт негізінде Алматы қаласы аумағында сыртқы жарнама нысандарын тіркеуден өткізіп және жарнама нысандарына күнделікті мониторинг отырады, алайда олар заңда рұқсат етілмеген  әрекеттерді жүзеге асыруда (17-2 бабы).

«Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу құзыретін осындай қызмет түрімен айналысатын жеке немесе заңды тұлғаларға ұсыну, сондай-ақ оған бақылау мен қадағалауды беру; мемелекеттік бақылау және қадағалау қызметтерін  мемлекеттік статусы жоқ ұйымдарға беру «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңының 12 бабын бұзу болып табылады», - деді Ануарбек Скаков.

Осы мәселелге қатысты Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне жүгіну ұсынылды. Онымен қоса, отырысқа қатысушылардың пікірінше, сыртқы жарнама орналастыруға рұқсат беру саласында бәсекелестік туралы заңнаманың сақталуы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте мемлекет қатысуының шектелуін сақтау нысанында (әкімдік мекемесі «Алматыжарнама» ЖШС қатысты) Алматы қаласының әкімдігінің қызметін тексеру туралы Бас прокуратураға жүгінуді ұсынылды.   

Сондай-ақ Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасына 2013-2014 жылдары «Алматыжарнама» ЖШС қызметкерлерімен толтырылған материалдар негізінде рұқсат құжаттарынсыз сыртқы жарнама орналастырған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік іс қозғау бойынша салық қызметі органдарының әрекеттерінің заңдылығын тексеру туралы қала прокуратурасына жүгіну ұсынылды.

«Шығынды» жеңілдіктер

Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасына «БаТу travel компаниясы» ЖШС (қалааралық жолаушылар тасымалымен айналысатын компания) жергілікті билік өкілдерінің мәслихат шешімін орындамай отырғандығын айтып шағымданды. Жолақысына жеңілдік қарастырылған азаматтар санатына бөлінетін қаржы мекемеге уақытылы бөлінбейді.

«Үш жыл аралығында ЖШС жеңілдік қарастырылған азаматтарға 620 115 405 теңге көлемінде қызмет көрсеткен. Яғни, компанияға артылған міндет 100 пайыз орындалды. Мәслихат шешімі бойынша, бұл қаражатты жергілікті атқарушы билік бюджетке енгізіп, компанияның көрсеткен қызметі үшін төлем жасауы тиіс», - деді Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы құқықтық қолдау және қоғамдық мониторинг бөлімінің басшысы Салтанат Лесбаева.

Аталған мәселе бойынша, қалалық кәсіпкерлер палатасы мен ҰКП жауапты департаментіне кәсіпкерлік субьектілерінің қызметін субсидиялау бойынша міндеттердің орындалуына қоғамдық мониторинг жүргізу ұсынылды.

«Кәсіпкерлер алдында жауапты...»

Бизнестің мүддесін қорғау – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдындағы басым міндет. Ал, Кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі кеңес - ең басты механизм. Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен 3 мыңнан астам арыз-шағымның 600-ден астамы кәсіпкерлер пайдасына шешілген. Кеңесте қаралған мәселе ертеңгі күні кәсіпкерлер пайдасына шешімін тапқан мысалдар аз емес. Тіпті, бизнесмендер көтерген кейбір мәселелер Кеңес қарауына шығарылмай-ақ шешімін тапты. ҰКП сарапшылары әрбір мәселені жіті зерттеп, сараптама жүргізеді. Қаралған мәселе шешімін тапқанға дейін қадағалауда ұстайды.

«Кәсіпкерлер мүддесін қорғауды күшейту үшін ең әуелі өңірлік палатаның кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі кеңесінің қызметін жетілдіру керек. Кеңес өңірдегі бизнесмендер құқын қорғаудағы мықты механизм болуы шарт», - деді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев.

Палата өкілдерінің консультативті-кеңес органы жұмысына қатысуы өте маңызды. Әсіресе, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мұндай орган қызметіндегі қатысы 50 пайызға дейін жеткізу көзделгенін ескеру керек. Тек сонда ғана кәсіпкерлердің жүйелі мәселелері шешімін табады.

«Кәсіпкерлер көмекті бізден күтеді. Біз мемлекеттік органдардан талап етеміз. Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді мүлтіксіз орындайтын мемлекеттік қызмет мамандарына қандай талабамыз бар деп ойласыз? Әрине, жоқ. Есесіне, біз елдегі кәсіпкерліктің дамуына кереғар келіп отырғандарды анықтаймыз, олардан талап етеміз», - деді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары. 

Осылайша, кеңес отырысында Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің қалалық консультативтік-кеңес органдары құрамына енгізу бағытында шаралар қабылдау ұсынысы айтылды.   

Атап өткен жөн, кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы енді Қостанайда өткізілмек. Кезекті отырыстан соң, Кеңес төрағасы Ғани Қасымов баспасөз конференциясына қатысып, Кеңесте қаралған мәселелер бойынша ақпарат бермек.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер