astana-view

«Сауда Үздігі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2014 жылғы 06 Қараша
4314 просмотров

Астанада «Сауда Үздігі» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Ведомствоаралық байқау комиссиясы шешімімен «Жылдың ең үздік басшысы» номинациясындағы гран-при «Анвар» ЖШС (Ақтөбе) басшысы Андрей Текебаевқа берілді. Сонымен қатар осы номинацияда Павлодардан Зинаида Пархоменко, Ақмола облысынан Елена Мащинская  және Маңғыстау облысынан Зарета Фаталиева жеңімпаз атанды. Ақтөбелік Асқар Ермаханов («Жандос және К» ЖШС Орталық базар) ең үздік жас басшы атанды. Басқа номинациялардағы жеңімпаздар тізімі төменде ұсынылып отыр.

Ең үздік бөлшек сауда кәсіпорны
1 орын - «Анвар» ЖШС (Ақтөбе қаласы)

2 орын - «Крендель» ЖШС (г. Павлодар қаласы)

Ең үздік көтерме сауда кәсіпорны
1 орын – «JLC Сүт» ЖШС (Талдықорған қаласы)
2 орын - «Анвар» оптомаркеттер желісі (Ақтөбе қаласы)

3 орын – «Бекжан» ЖК «Ақмарал» көтерме базары

Ең үздік сауда базары
1 орын – «Барлық Сауда» базары (Алматы облысы, Қарасай ауданы)
2 орын - «Әнуар» базары (Ақтөбе қаласы)
3  орын - «Вира» базары (Есік қаласы, Алматы облысы)

3  орын - «Шығыс» базары (Ақтөбе қаласы)

Ең үздік сауда-ойын сауық орталығы, кешені, сауда үйі
1 орын – «Атамекен» СҮ (Қызылорда облысы)
2 орын - «Мега Ақтөбе қаласы» СОО (Ақтөбе қаласы)

3  орын – «Lease Reality Group» ЖШС «Рахмет» әкімшілік-сауда орталығы (Қызылжар ауданы, СҚО)

Ең үздің жол бойы сервисі
1 орын – «Бамбарбия кергуду» РК (Алматы облысы)

2 орын – «Славянский двор» (Текелі қаласы)

Ең үздік демалыс аймағы
1 орын – СКИФ ПЕСТРОЕ Саябақ отелі (Тепличное ауылы, СҚО)
2 орын – «Черноярская жемчужина» ЖШС (Павлодар қаласы)

3 орын – «Баян» Демалыс аймағы «Бүркіт шыңы» ЖШС (ШҚО)

Қазақстандағы ең үздік шетелдік компания

1 орын - «Хамле Компания ЛТД» ЖШС (Қаскелең қаласы, Алматы облысы)

Ең үздік сауда кәсіпорны – «Шағын форматтар» шағын номинациясы:

«Камирдинова» ЖК, Шонжы ауылы, Ұйғыр ауданы.

Сонымен қатар, Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығы «Сауда Үздігі 2014» байқауын ұйымдастыруға және өткізуге белсене ат салысқаны үшін ҚР ҰКП Сауда комитеті хатшылығын, Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасын, Ақтөбе облысы Сауда кәсіпорындары қауымдастығы филиалын, Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасын, Алматы облысы кәсіпкерлік басқармасын алғыс хаттармен марапаттады.

«Сауда Үздігі» Республикалық байқауы 2002 жылдан бері Қазақстанның әрбір өңірінде өткізіліп келеді. Байқау шарттарына сәйкес, жылдың ең үздік басшысы кезекті «Сауда Үздігі» байқауын өз қаласында өткізеді. Яғни келесі жылы байқау Ақтөбе қаласында өтпекші», – деп хабарлады Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті, ҚР ҰКП Сауда комитеті Хатшылығының хатшысы Жібек Әжібаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер