astana-view

Тимур Құлыбаев: Шағын және орта бизнес түйткілдерін шешу – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басымдылықты міндеті

2014 жылғы 21 Қараша
3436 просмотров

Алматыда Ұлттық палата Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Комитет мүшелерімен Шағын және орта бизнес комитеті мүшелерімен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басымдылықты ретінде белгілеген түйткілді мәселелерді талқылады. Комитет Төрағасы Райымбек Баталов ҚР ҰКП ШОБ дамыту комитеті қызметінің нәтижелері жайлы әңгімеледі.

«Ірі компаниялар өз мүдделерін алға тартып, қорғап қала алады, оларда адам әрі қаржы ресурстары жеткілікті. Салалық өңірлік қауымдастықтар көбінесе өз мәселелерін жергілікті жерде шеше алмай жатады Ұлттық палатадағыдай мүмкіндік пен көлем жетіспейді. Өңірлік дирекциялар құрылуының арқасында барлық аудандарды қамти аламыз, бұл ШОБ мәселелері жайын жан-жақты біліп отыруға мүмкіндік береді. Бір жыл ішінде ҰКП-ға келіп түскен өтініштерден түйетініміз, бүгінгі таңның ең өзекті мәселелері мемлекеттік сатып алулар, жер, қала құрылысы және желілерге қосылу процедуралары және т.б. Біз оларды жүйеге салдық, басымдылықты анықтап алдық, енді осы төңіректе жұмыс жасап жатырмыз», – деп атап өтті Төралқа басшысы Тимур Құлыбаев.

Түйткілді мәселелерді талдау негізінде 4 ірі бағыт жүйеленіп, ерекшеленді. Әкімшілік кедергілерді жою арқылы бизнес ортаны жетілдіру: салықтық әкімшілеуді оңтайландыру, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында консультациялар жүргізу.

2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа ерекше назар аудара отырып, ШОБ-ты мемлекеттік қолдау тиімділігін көтеру шаралары кешенін қабылдау қажет.

«Елбасы бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шараларына назар аударып өтті. Ақша бөлінді. Оны төрешілдіксіз, баса айтамын, жемқорлықсыз жеткізу қажет. Бұл біз үшін 2015 жылға арналған бағыттардың бірі. Барлығы да түсінікті, ашық және тиімді жүруге тиіс», – деді Тимур Құлыбаев.

Өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқа да салалар үшін кадрлар даярлығын күшейте отырып, адами капиталдың дамуына назар аударудың маңызы зор. ҰКП арқасында бүгінде экономиканың 11 басымдылықты саласы бойынша 206 колледжде 83 мамандықты қамтитын дуалды оқытуды енгізудің Жол картасы жүзеге асырылуда. 2016 жылға қарай 600-ден астам кәсіпорынның тапсырысы бойынша 10 000-нан астам маман даярлап шығару жоспарланып отыр. Келер жылдан бастап республикалық телеарналарда кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламалары бастау алады.

Сонымен, 2015 жылға арналған Ұлттық палатаның басымдылықты міндеті – шағын және орта бизнес үшін қаржыландыруға, соның ішінде микроқаржылық ұйымдар арқылы қаржыландыруға жол ашу. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер