astana-view

Кеден одағы және Вьетнам Социалистік Республикасының Еркін сауда туралы келісімі

2014 жылғы 21 Қараша
4149 просмотров

Қазірде ЕЭК Кеден одағы тараптарымен бірге КО – Вьетнам Социалистік Республикасы форматындағы еркін сауда аймағын құру туралы Келісім жасасу бойынша жұмыс жасалуда.

Еркін сауда аймағын құру өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық тауарлар үшін кедендік тарифтерді біртіндеп жоюды, яғни сыртқы экономикалық қызмет аясында сауданы ырықтандыруды көздейді.

Анықтама: Қазіргі таңда өңірлік интеграция көбінесе еркін сауда туралы аймақтар (бұдан әрі ЕСА) формасында жүзеге асырылады. Сонымен, мысалы, Дүниежүзілік сауда ұйымында (ДСҰ) қолданыстағы нотификацияланған өңірлік сауда келісімдерінің 84 пайызы ЕСА туралы келісімдер болып табылады. Бұл тенденцияны жай ғана түсіндіріп кету жеткілікті. Интеграцияның мұндай түрін жүзеге асыру үшін ұлттық заңнаманы немесе тарифтерді үйлестірудің қажеті жоқ, сонымен қатар серіктестердің географиялық жақындығы да талап етілмейді және т.б. сонымен бірге ЕСА туралы келісімдер стратегиялық маңызды нарықтарға қолжетімділікті реттейді, яғни осы елдердің суверенитетін барынша сақтай отырып қажет деңгейде экономикаларды интеграциялауға мүмкіндік береді.

Бұл салада жүргізілген зерттеулер ЕСА туралы келісімдер санының өсе түсетіндігінен хабар береді. Оған статистика дәлел, мысалы, ДСҰ-да 1995 жылы осындай 124 келісім нотификацяланған. 2012 жылғы 15 қаңтарға дейінгі деректер бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымы ЕСА туралы 319 қолданыстағы келісімді тіркеген.

Осылайша ЕСА туралы келісім үшінші елдерге қатысты сауда тәртіптерін белгілеу саласында ЕЭК-тің өз қызметін жүзеге асыруына құқық беретін 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) жүргізу саласына енетін сауда саясатының маңызды құралы болып табылады.

Еркін сауда аймағын құру басымдылығына жататындар: экспорттық әлеуетті күшейту, өндірісті әртараптандыру және экономикалық даму үлгісін оңтайландыру.

Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасының сыртқы сауда айналымы жағымды қозғалысқа ие. Ол 2012 жылы 185 млн. АҚШ долларын құраса, 2013 жылы – 237 млн. АҚШ долларын, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы кезеңде 185, 6 млн. АҚШ долларын құраған. 

Қазақстан Республикасының Вьетнамға экспорттайтын тауарлары

КО СЭҚТН коды

Тауардың қысқаша сипаттамасы

Экспорт көлемі,

долл.

Вьетнамның әкелу бажы, %

1

2524

Асбест

1 226 576

5

2

1204

Зығыр тұқымы, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған

82 880

10

3

7326

Қара металдан өзге де бұйымдар

50 891

5-20

4

9406

Құралған құрылыс конструкциялары

20 001

15

5

5704

Киізден жасалған кілемдер және өзге де тоқылған еден жабындары, тафтингіленбеген немесе флокирленбеген, дайын немесе дайын емес

7 000

12

6

8716

Тіркемелер және жартылай тіркемелер; өзге де өздігімен жүрмейтін көлік құралдары; олардың бөлшектері

5 881

5-20

7

9015

Геодезиялық немесе топографиялық (фотограмметриялықтарды қоса), гидрографиялық, мұхиттану, гидрологиялық, метеорологиялық немесе геофизикалық аспаптар мен құралдар, тұсбағдарлардан өзге; қашықтық өлшеуіштер

4 247

0

8

9403

Басқа да жиһаз және оның бөлшектері

2 500

10-25

9

3924

Асхана және асүй ыдыс-аяғы, асхана және асүй жабдықтары, басқа да үй тұрмысы заттары және гигиена заттары, пластмассадан жасалған

2 047

22

10

7307

Құбыр немесе түтіктерге арналған фитингтер (мысалы, жалғасулар, буындар), қара металдан

1 598

 5-7

 

Сонымен бірге Вьетнамның экспорттық әлеуеті төменде ұсынылған:

Тауар коды

Тауар сипаты

Экспорт, 2012, мың АҚШ доллары

Үлес

851712

Телефондар

14 314 148

12%

270900

Шикі мұнай

8 603 379

7%

854231

Процессорлар

4 029 515

3%

090111

Кофе

3 379 551

3%

640399

Басқа да аяқ киім

3 119 932

3%

100630

Күріш

2 227 538

2%

852990

Түрлі аппаратураға арналған бөлшектер (антенналар)

2 170 996

2%

640299

Су өтпейтін аяқ киім

1 858 517

2%

270111

Антрацит

1 851 659

1%

852580

Телевизиялық камералар

1 783 392

1%

847130

Салмағы <10 кг. компьютерлер

1 696 372

1%

854430

Шоғырсым жиынтықтары

1 655 401

1%

940350

Ағаштан жасалған «жатын бөлме» жиһазы

1 617 387

1%

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер