astana-view

Астанада тау-кен металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің V Съезі өтті

2014 жылғы 21 Қараша
4173 просмотров

Съезді Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы және Тау-кен металлургия өнеркәсібі еңбекшілерінің кәсіподағы ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми қолдауымен ұйымдастырды. Съез жұмысына 300-ден астам делегат қатысты. Соның ішінде Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, тау-кен металлургия компаниялары басшылары және саланың жетекші сарапшылары болды. Олар ТМК мемлекеттік және әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады.

Съез қатысушыларына Елбасының құттықтау сөзін инвестициялар және даму жөніндегі министр Әсет Исекешев оқыды. Ол сонымен бірге 2010-2013 жылдардағы ҮИИД МБ бойынша 50 жаңа өндіріс енгізіліп, шамамен 15 мың жұмыс орны құрылғанын атап өтті. Бастау алған жаңа бесжылдықтың мақсаты жоғары шекті өнімдер және дайын өнімдер өндіруді дамыту болып табылатынын министр баса айтты. Съезге қатысушылар нарық жағдаятының нашарлап бара жатқан жағдайында саланы қолдау шараларының маңыздылығы жайлы айтып өтті. Көрсетілетін көмек – Инвестициялар және даму министрлігі, ҰКП және Республикалық тау-кен өндіу және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының тығыз әрекеттестігінің жемісі.

«Соңғы төрт жылда мыс (бір тоннасы 6 641 АҚШ доллары) және алтын (бір унция үшін 1 199 АҚШ доллары) бағасы ең төменгі шамада тұр. Сонымен қатар, қазақстандық шикізатты негізгі тұтынушылар – Ресей мен Қытай тарапынан сұраныстың төмендеуі байқалады. Сонымен бірге Үкімет пен ҚР Инвестициялар мен даму жөніндегі министрлікке саланы қолдау жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдағаны үшін алғыс айтқым келеді», - деп атап өтті ТМКҚ атқарушы директоры Николай Радостовец. Ол сонымен бірге 2014 жылдың соңына дейін қабылданатын жер қойнауларын пайдалану мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу жөніндегі жұмыстардың аяқталғанын еске сала кетті. Ол ТМКҚ, Ұлттық палата және ҚР ИДМ серіктестігінің аса тиімді екендігін айтып өтті. 

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов өз кезегінде Үкіметпен сындарлы сұхбатты жалғастыруды үнеді: «Қазіргі әлемдік тренд – жасыл экономика. Біз экология мен денсаулықты ойлауға тиіспіз, бірақ жаңалықты біртіндеп енгізу керек. Айыппұлдар көбейіп, парник газдарының шығарындысы айтарлықтай өткірленіп отырғанда, өнеркәсіп мүддесін де ұмытуға болмайды. ҰКП осы мәселе төңірегінде сындарлы сұхбатын жалғастыратынына сендіреді».

Қазірде ҰКП-да тау-кен металлургия кешеніндегі салық салу мәселелері белсенді талқылануда. Салада ірі жер қойнауларын пайдаланушылар жұмыс жасайды, ал, Ұлттық палата Басқарма Төрағасының айтуынша, ПҚӨС және дивидендтерге салық салу мәселелері объективті түрде және әділ қаралып, қорғалуда. ҰКП «Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасының нормативтік актілері бойынша үлкен жұмыс атқаруда. НҚА 70-тен астам жобасы Ұлттық палатаға келіп түсті, және де оларды Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің сарапшылары ТМКҚ-мен тығыз ынтымақтастықта зерттеуде.

Съезге қатысушылар дағдарыс жағдайындағы компания жұмысы, ТМК үшін кадрлар даярлау, әлеуметтік жауапкершілік, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын болжау және алдын алу, инновациялар мәселелерін талқыға салды.

Съездің салтанатты бөлігінің барысында сала жұмысшылары Литвиенко Н.Н. және Мұстанов С.С. «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Негізгі бөлік Қазақстанның V Тау-кен металлургия өнеркәсібі Съезінің Шешіміне қол қоюмен аяқталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер