astana-view

Еркін қоймалардағы жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері мәселесінің қаралуы отандық өндірушілерге зиянын тигізуі мүмкін

2014 жылғы 24 Қараша
3827 просмотров

Елдер арасындағы принципті түрдегі келіспеушіліктерге қарамастан, Еуразиялық экономикалық комиссия КО және БЭК үш еліне еркін қоймаларда жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерінің Бірыңғай тізбесі жобасын қарауды жалғастыруда.

Жекткілікті қайта өңдеу өлшемдері Кеден одағының аумағына арнайы экономикалық аймақтан және еркін қоймадан оларды әкетуде тауарларды кеден баждары мен салықтардан босату мақсатында қолданылады.

Отандық бизнес-қоғамдастықтың еркін қоймалар бойынша жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері мәселесіне қатысты ЕЭК жүргізіп отырған жұмысты жағымсыз қабылдайтындығын айта кету керек.   

ЕЭО туралы Шартта Қазақстан Республикасында 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезең сақталған. ҚР-да еркін қоймалар мәселесі ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 Қаулысымен реттеледі (бұрындары 22.10.09ж. № 1647 ҚРҮҚ). Онда ҚР бизнес-қоғамдастығы үшін жеткілікті қайта өңдеудің жеткілікті тиімді шарттары мен өлшемдері көрсетілген.

Қазірде Қазақстан Республикасында 9 АЭА қызмет етеді, онда шамамен 500 резидент, 80-нен астам еркін қойма иесі бар. Еркін қоймалардың негізгі иелері машина жасау, тамақ, химия, тау-кен металлургия, медицина өнеркәсібі және т.б. салалардағы кәсіпкерлер болып табылады.  Бірқатар жағдайларда бұл мүлдем жаңа өндірістер және жаңа экономика салалары (темір жол локомотивтері, автомобильдер, тұрмыстық техника және  т.б.).

Бірыңғай тізбені тек қана тамақ өнеркәсібінде қабылдаған жағдайда шығын миллиардтаған теңгені құрамақ, ал машина жасауда мүмкін болар шығын миллиондаған еуромен есептеледі. 

Бұл шығындардың өнеркәсіптің осынша маңызды салаларындағы кәсіпкерлерге неге әкеп соғарын болжау қиын емес.

1) Орташа алғанда 15% кеден баждарын алу есебінен шығарылатын техниканың өзіндік құны ұлғаяды;
2) Бөлшек сату бағасы ұлғайтылатындықтан, сату 5-6 есе төмендейді;
3) Бағалық бәсекеге қабілетсіздік салдарынан экспорттық операциялар жаңа нарықтарға шығу тоқтатылады;
4) Пайданың қысқаруы, және де сатудың құлдырауы жаңа бағыттарды әзірлеудің тоқтатылуына алып келеді;
5) Өндірістің құлдырауы жұмыс орындарын мәжбүрлі түрде қысқартуға әкеледі;
6) Бюджетке салық төлемдері айтарлықтай қысқарады;
7) ҚР-ға арзан, бірақ қауіпті, экологиялық жағынан сапасыз Қытайда жасалатын тауарлар «ағылады»;

8) Отандық кәсіпорындарда мемлекет тарапынан салынған инвестицияларды қайтаруда айтарлықтай қиындықтар пайда болады.

«Еркін қойма» тәртібінің аясында алынатын жеңілдектер кәсіпорындардың алынған қаражатты жабдықтарды жетілдіруге, өндірістік қуаттылықтарды кеңейтуге және ұлғайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға, бәсекеге қабілетті өнім жасауға бағыттауына мүмкіндік беретіндігін ескерген дұрыс. 

Екіншіден, аталмыш шарттар тізбесін Кеден одағы Комиссиясы мәмілелесу жолымен белгілейді. ЕЭК ақпараты бойынша бұл мәселе 2010 жылдан бері қаралып келеді, алайда бүгінгі таңда келісімге қол жеткізілмеген. Сәйкесінше елдер арасында мәміле жоқ және оны бұдан әрі қараудың жөні де жоқ.

Үшіншіден, Ресей Федерациясы өз ұсыныстарында тұрақты негізде  Калининград облысындағы Ерекше экономикалық аймақ аумағында РФ кәсіпкерлері үшін қолданыстағы өлшемдерді сақтауды көрсетеді. Мұндай келісімдерге ЕЭО туралы Шартта Қазақстан Республикасы үшін де қол жеткізілген болатын, яғни жеткілікті қайта өңдеудің ұлттық өлшемдерін 2017 жылға дейін қолдану.

ҚР ҰКП жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, ЕЭО туралы Шартта қол жеткізілген келісулерге сәйкес Қазақстан Республикасының жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері мен талаптарын ұлттық деңгейде анықтау құқығын сақтау қажеттігі туралы пікірді ұстанады. 

Шетелдік тауарларды қолдана отырып әзірленген (алынған), еркін кеден аймағына немесе еркін қойманың кеден процедурасына орналастырылған тауарды Кеден одағының тауары деп тануға жеткілікті өндірістік операциялар талаптары Тізбесінің жобасымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер