astana-view

ҚР ҰКП Қазақстан және Италия іскерлік топтарының арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына септігін тигізуде

2014 жылғы 24 Қараша
3637 просмотров

Италиялық компанияларды шетелде өркендету және интернационалдандыру жөніндегі агенттік ҚР-дағы Италия Елшілігінің Сауда айырбасын дамыту жөніндегі бөлімі Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 10 қарашада Астанада өткен «Италия Қазақстанда» Экономикалық форумын ұйымдастыруда жасаған қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

Италиялық тарап әсіресе екі ел компаниялары мен бейіндік қауымдастықтарының қатысуымен өткен «дөңгелек үстелді» ұйымдастырған Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитеті Хатшылығының ұжымын атап өтті.

«Бұл іс-шара екі ел компаниялары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және жақындасудың ерекше мүмкіндігін ұсынды. Кездесулердің жақын болашақта өз жемісін береріне сенеміз», – делінген алғыс хатта.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер